Модульді инфекциялық аурухана

Министрлік бір аптада коронавирустан қайтыс болған адамдардың санын жариялады

62
Жалпы пандемия басталғалы бері республика бойынша екі жарым мыңнан астам қазақстандық індеттен көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 25-31 қаңтар аралығында коронавирустан болған өлім-жітім статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өткен аптада республикада коронавирус инфекциясынан 64 науқас көз жұмды. Соның ішінде 23 адам Алматы қаласында қайтыс болды.

Павлодар облысында сегіз, Алматы мен Қарағанды облыстарында алты адамнан, Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында төрт адамнан, Ақмола облысында үш, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында екі адамнан, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында әрқайсысында бір адамнан көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

Жалпы пандемия басталғалы Қазақстанда COVID-19 2 540 адамның өмірін жалмады.

62
Кілт сөздер:
коронавирус, денсаулық сақтау
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2142)
WhatsApp мессенджері

WhatsApp кейбір телефондарда жұмыс істемейді

0
Қазіргі уақытта мессенджер қолдау жасайтын iPhone-ға арналған операциялық жүйелердің ресми тізімінде iOS 9 немесе одан жаңа нұсқалары бар

НҰР-СҰЛТАН, 9 наурыз — Sputnik. WhatsApp мессенджері iPhone-ның ескі модельдерінде жұмысын тоқтатады, деп хабарлады WABetaInfo порталы.

iOS-ке арналған қосымшаның соңғы бета-нұсқасында iOS 9 және одан төмен операциялық жүйе орнатылған құрылғыларға қолдау көрсету тоқтатылды. WhatsApp-тың ресми ресурсында бұл ақпарат әлі расталған жоқ.  

Қазіргі уақытта мессенджер қолдау жасайтын iPhone-ға арналған операциялық жүйелердің ресми тізімінде iOS 9 немесе одан жаңа нұсқалары бар.

Оқи отырыңыз: Жаңа жылдан бастап кейбір телефондарда WhatsApp істен шығады 

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мессенджер жоғарыда аталған iOS 9 немесе Android 4.0.3-ке дейінгі операциялық жүйені жаңартпан қолданушылардың құрылғыларында жұмысын тоқтатқан болатын.

0
Кілт сөздер:
смартфон, телефон, ватсап
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева

Саясаттағы ықпалды қазақстандық әйелдер туралы не білеміз

139
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай саяси аренада жүрген танымал әйелдердің қызметіне шолу жасағанды жөн көрдік

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз – Sputnik. Елімізде гендерлік теңдікке баса көңіл бөлсе де, саясатта жүрген нәзік жандар саны өте аз. Ел жақсы танитын саясаткер әйелдер, тіпті де, саусақпен санарлық. Солардың екеуі қазір үкіметте отыр.

Парламентке қайта оралған Назарбаева

Елбасының үлкен қызы Дариға Назарбаеваның саясатта жүргеніне біраз болды. Алдымен мәжіліс депутаты, кейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды. Одан соң парламенттің жоғары палатасына депутат болып келді. Сенатта халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарды.

2019 жылы әкесі отставкаға кетіп, ел тізгіні Қасым-Жомарт Тоқаевқа тиген соң, сенат спикері болып сайланды. Алайда бір жылдан кейін президент Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты.

Осыдан кейін көбі Назарбаева енді саяси аренаға оралмайды деп ойлады. Бірақ, 57 жастағы саясаткер биыл қаңтарда мәжіліс сайлауына қатысып, депутат болып сайланды.

Бір сәт қабырға сыртындағы өмірге оралу: түрмедегі әйелдер көктемді қалай қарсы алады

Мәжілістің VII шақырылымының депутаты Дариға Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына кірді.

Бұған дейінгі бір сұқбатында Назарбаева Халықаралық әйелдер мерекесін қалай қарсы алатынын айтып еді.

"Мереке күні балаларым мен немерелерім өз қолымен жасаған сыйлығын сыйлайды. Гүл тарту етеді. Біз де өздеріңіз сияқты адамдармыз. Қазақстандағы барлық отбасы сияқты 8 наурызды атап өтеміз, бір-бірімізге түрлі сыйлықтар береміз", -деді ол.

Айта кетсек, Дариға Назарбаеваның бұрынғы күйеуі Рахат Әлиевтен Нұрәлі, Айсұлтан есімді ұлдары мен Венера есімді қызы бар. Былтыр тамызда Айсұлтан Назарбаев Лондонда қайтыс болды.

Үкіметте отырған екі министр әйел

Бүгінде үкіметтің құрамында 18 министр бар. Олардың екеуі әйел – мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.

Райымқұлова мәдениет министрлігінің басшылығына 2019 жылы 17 маусымда келді. Оған дейін мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарған болатын.

56 жастағы министр Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында саясаткер әйелдердің бойынан қандай қасиеттер табылуы керек екенін айтты.

"Ең басты қасиеттер – адамгершілік, кәсібилік, патриот болу. Әйелдердің нәзіктігін жоғалтпағанын қалаймын. Егер адамның кәсібилігі жоғары болып тұрса, ол әйел болсын, ер болсын, кез келген мемлекеттік лауазымға үміткер бола алады", - деді Райымқұлова.  

Ол үкіметтегі министр ер адамдардың өзіне деген құрметін үнемі сезінетінін атап өтті.

Сондай-ақ, саясаткер әйел отбасы мен жауапты қызметті қатар алып жүру қиын емес пе деген сұраққа да жауап берді.

"Шындығына келсек, мені отбасым қолдайды. Менің жанұямда да мемлекеттік қызметшілер болғанын білесіздер. Әрине, жауапкершілігім, міндеттерім көбейді. Бірақ отбасым қолдайды, мұның мен үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Сол себепті жақындарыма қатты ризамын", - деді министр әйел.

Райымқұлованың Оспан және Әлім есімді екі ұлы бар.

"Үйде қарапайым әйелмін": қауіпті мамандықты таңдаған қыз-келіншектердің әңгімесі

Министрлер кабинетіндегі екінші әйел – 46 жастағы Аида Балаева. Ол былтырдан бері ақпарат және қоғамдық даму министрлігін басқарады.

Балаева әртүрлі жылдары Алматы мен елорда әкімдіктерінде еңбек етті. Төрт жылдай астана әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі болып қызмет етті.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Балаева – үш баланың анасы.

Тұңғыш әйел әкім

Биліктегі ықпалды әйелдердің бірі – Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. Ол тәуелсіз Қазақстанда тұтас бір облыстың тізгінін қолына алған тұңғыш және әзірге жалғыз әйел.

Президент Әбдіқалықованы былтыр 28 наурызда Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындады.

Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік қызметте біраз жыл істейді. Оған, әсіресе, әлеуметтік сала өте жақсы таныс.

Ақшаны "копилкаға" да жинадық: 8 баланың анасы астанадан екі пәтерді қалай алғанын айтты 

55 жастағы саясаткер түрлі жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, кейін министр қызметін атқарды.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, мемлекеттік хатшы лауазымына да тағайындалды.

Қызылорда облысына әкім болмай тұрғанда, мәжіліс депутаты болды.

139
Кілт сөздер:
Гүлшара Әбдіқалықова, Ақтоты Райымқұлова, Дариға Назарбаева, Халықаралық әйелдер мерекесі