сот отырысы, архив

Адвокат БЖЗҚ-ны сотқа берді қор өкілдері отырысқа неге қатыспағанын түсіндірді

1305
Сот отырысы 2 ақпанда өткен, бірақ оған Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері қатыспады

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры сотқа шағым түсірген адвокатқа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жақында адвокат Жангелді Сүлейманов БЖЗҚ-ның үстінен сотқа арыз түсіргенін мәлімдеді. Негізгі себеп – қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына жасалған сапасыз аудит. Оны "Делойт" компаниясы өткізді.

"Аудит есебінде екі өрескел қателік жүр. Біріншіден, біздің жинақтарымызға бухгалтерлік есеп жүргізудің бағалауы жоқ. Екіншіден, бухгалтерлік балансқа аудит жасалмады. Міне, осындай аудит үшін миллиондаған теңге төленді", - деп жазды Сүлейманов Facebook парақшасында.

Адвокат қор мамандарының сот отырысына қатыспағанын жазды. Олар онлайн байланысқа шықпаған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

"Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының 2021 жылдың 14 қаңтардағы ұйғарымына сәйкес, істі 2 ақпандағы сот отырысына дайындау мақсатында 10 сағат 30 минутқа әңгімелесу тағайындалды. Сот талқылауының осы сатысында іс мәні бойынша қаралмайды, процеске қатысушыларға олардың құқықтары түсіндіріледі, дауды бітімгершілік келісіммен аяқтау ұсынылады, жауапкер талап арызға пікір ұсынуға міндеттеледі", - деді қор мамандары.

Алматы қаласында індетке қарсы енгізілген шараларға байланысты сот отырыстары WhatsApp арқылы өтеді. Сол күні қордың өкілдері online-режимде байланыста болды.

"Алайда қорға қатысы жоқ техникалық себептер бойынша қор өкілдері сот отырысына қосылмай қалды, бұл туралы процеске қатысушылардың барлығы хабардар болған. Осыған байланысты сот отырысы 10 ақпанға кейінге қалдырылды. Бұл ретте қор талап арызға пікірді уақытылы ұсынды және арызданушының онымен танысуға мүмкіндігі бар", - дейді олар.

Осы орайда қор мамандары адвокаттың бұған дейін осы іспетті бір шағым түсіргенін еске салды. Бірақ сот оның талаптарын қанағаттандырмады. Ал адвокаттың өзі де аппеляциялық шағым жазған жоқ.

1305
Кілт сөздер:
БЖЗҚ
Архивтегі фото

"Үй арзандаса, сапасы нашарлайды": экономист баспаналы болғысы келетіндерге кеңес берді

5
Әлеуметтік желіде Dauletten деген атпен таныс экономист Дәулет Мұқаев баспана алу, кәсіп бастау үшін де алдымен сенім қажет дейді

АЛМАТЫ, 28 ақпан –  Sputnik. Экономист, тұрғын үй саласындағы сарапшы Дәулет Мұқаев үй алу кезінде тиімді бағдарламалар мен жылдық процентті төмендетуге көмектесетін бағалау көрсеткішін түсіндірді. Ол Sputnik Қазақстан тілшісімен әңгіме барысында тұрғын үй бағасының шарықтауына, ақша жинау жолдарына тоқталды.

Тиімді-тиімсіз бағдарламалар

Әлеуметтік желіде Dauletten деген атпен таныс экономист баспана алу үшін де, кәсіп бастау үшін де ең алдымен сенім қажет дейді.

"Адам өз болашағына сеніп, негативті жинай бермегені жөн. Барлығы қолымнан келеді, істей аламын деп, үй алатынына сенуі керек. Жалпы алғанда үй алуға, әрекет етуге ниет пен сенім қажет. Екінші кезекте табыс табуға ұмтылуы керек. Себебі тегін үй жоқ. Ешкім нарықтық экономикада тегін үй бере салмайды. Соны да ескеруіміз керек. Үнемі әрекетке берекет деп айтып жүремін. Табыс тауып, табысты молайту керек", - дейді Дәулет.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек

Дей тұрғанмен ақшаны жинаумен қатар тиімді бағдарламаны таңдау да маңызды. Осы тұста Дәулет Мұқаев халық "Отбасы банк", "7-20-25", "Баспана хиттен" хабардар екенін айтып, "Орда" бағдарламасының тиімді тұстарына тоқталды.

"Кейінгі кезде айтылып жүрген "Орда" ипотекалық бағдарламасының бір тиімді тұсы бар. Атыңызда үй болса, соны кепілге қойып, бастапқы жарнасыз да үй алуға мүмкіндік береді. Бірақ ол жерде банктің проценті – 12-14%. Процент табыс деңгейін растау бойынша белгіленеді. Десе де бір артықшылығы, үйді кепілге қойып, жаңа үй алуға болады", - дейді экономист.

Ал халыққа тиімсіз бағдарламалар жылдық проценттің жоғары болуымен өлшенеді.

"Банктің ішкі стандарт бағдарламалары болады. Ол жерде жылдық процент 16%-тен асады. Тіпті 25-28%-ке дейін жоғары болып кетеді. Бұл жерде 12 миллион теңге тұратын үйдің бағасы сатып алушыға 28 миллионға түседі. Бұл бағдарламалар туралы жазбаймын. Себебі өте тиімсіз", - дейді ол.

"Отбасы" банкте ақша жинау

Экономист Дәулет Төлеутай әлеуметтік желідегі парақшасында "ОП (оценочный показатель) түсінбеген опық жейді" деген тіркесті жиі қолданады. Бұл жердегі ОП – бағалау көрсеткіші. "Отбасы банкте" ақша жинайтындарға арналған көрсеткіш.

"Бағалау көрсеткіші өскен сайын банкке төлейтін ақша азая береді. "Отбасы банк" бағалау көрсеткішін өсіру үшін кемі үш жыл бойы ақша жина дейді. Сол үш жыл жинаған кезде бағалау көрсеткіші 16-ға жетсе, табыс көзін растамай, бірден 5%-пен үй алуға болады", - дейді ол.

Экономист мысал ретінде 12 миллион теңге тұратын үйді "Отбасы банк" арқылы алу жолын есептеп берді.

"12 миллион теңге тұратын үйді "Отбасы банк" арқылы алатын болсаңыз, үш жыл ішінде ол соманың тең жартысын – 50%-ін жинайсыз. Бағалау көрсеткіші 16 болған кезде ипотека 6 жылға 5%-пен беріледі. Ол кезде 12 миллион теңгенің үйіне артық төлем 957 000 теңге болады. Бір миллион теңгеге жетер-жетпес баға. Ай сайынғы төлем 96 630 теңге. Алматы, Нұр-Сұлтан секілді қалаларда 12 миллион теңгеге бір бөлмелі үй алған тиімді деп санаймын. Себебі адамдар пәтерді жалдап тұрғанда да сол ақшаны төлейді", - дейді Мұқаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Даулет Мукаев (@dauletten)

Бағалау көрсеткіші өсу үшін ақша салу керек, дейді ол. Сондай-ақ, ақша жинаудың жолдары туралы да айтты.

"Ақша санағанды жақсы көреді. Есеп-қисапты жақсы көреді. Бірақ басқаның емес, өз ақшамызды санауымыз керек. Қарапайым өмірде өзгенің ақшасын көп санап кетеміз. Ең бірінші кезекте дәптер алып, өз ақшамызды санап, соны көбейту жолдарын қарастырсақ жақсы болар еді. 50 мың теңге тапсаңыз да, бес мың теңге жинап үйрену керек. Той мен беталды ақша жаратуды қысқарту керек", - дейді ол.

Банкке ақша салатындар арасында банктің банкрот болып қалу-қалмауы туралы сұрақ қоятындар көп.

"Ақша жинаған адамда мұндай сұрақ болуы орынды әрі заңды. Бізде kdif.kz деген сайт бар. Бұл – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының ресми сайты. Қазақстанда бірінші деңгейлі бір ғана банк бар, ол – Ұлттық банк. Одан кейін екінші деңгейлі банкке Халық банк, Форте банк, Каспий банк, Сбербанк, т.б. банктер жатады. Оның ішіне "Отбасы" банк те кіреді", - дейді Мұқаев.

Айтуынша, Ұлттық банк ешкімге кредит бермейді. Екінші деңгейлі банктерді қадағалайды.

Сондай-ақ, Қазақстанның депозиттеріне кепілдік беру қоры азаматтардың депозитіндегі сомаға жауап береді. Егер екінші деңгейлі банк банкрот болып қалса, қор кісі басына 15 миллион теңгеге дейінгі соманы қайтаруға кепілдік береді.

Пәтер бағасы арзандай ма?

Экономистің айтуынша, қазір шарықтап тұрған баспана бағасы арзандамауы мүмкін. Мұндай жағдайда үйдің сапасы да сын көтермейтін болады.

"Сұраныс бар жерде баға да өседі. Бұл – экономика заңдылығы. Қазір баспана бағасы шарықтап тұр. Бұл баға тұрақтауы мүмкін, бірақ арзандап кетуі екіталай. Оған тек бағдарламалардың талаптары ғана емес, доллардың өсімі, құрылыс материалдарының қымбаттауы, жұмыс күшінің айлығы әсер етеді", - дейді ол.

Мысалы, осыдан бес жыл бұрын құрылысшы 100 мың теңге алса, қазір сол жұмысқа 150-160 мың теңге сұрайды. Бәрі бір-біріне байланысты. Үйдің бағасы арзандап кетсе, оның сапасы да құлдырап кетеді. Нарықтық экономика заңдылығына сәйкес, соған көну керек, соған сай жұмыс істеу керек, дейді ол.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында баспана бағасын арзандатудың жолын ұсынды. Президент құрылыс компанияларымен алдын ала сатып алу келісімін жасасуды ұсынды. Соның нәтижесінде тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатылады.

5
Кілт сөздер:
баспана
Тақырып бойынша
Тоқаевтың тапсырмасы: Пәтер жалдау ақысының 80 процентін мемлекет төлейді
Қазақстанда тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы іске қосылады
Қазақстандықтардың мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуына шектеу енгізілді
Депутат шенеуніктер былығы кесірінен кейбір отбасы үйсіз жүргенін айтты
Перо, ручка, бумага, письмо, иллюстративное фото

Белгілі қазақстандық журналист қайтыс болды

3403
(Жаңартылды 17:56 28.02.2021)
Қаңтар айының соңында журналист Қазис Тоғызбаевқа коронавирус инфекциясын жұқтырды деген диагноз қойылған

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Белгілі қазақстандық журналист Қазис Тоғызбаев дүниеден озды, деп хабарлады оның әріптесі Нәзира Дәрімбет.

Дәрімбет өзінің Facebook-тегі парақшасында Тоғызбаевтың жақында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскенін атап өтті. Сәуірде ол 73 жасқа толар еді.

Тоғызбаев тілші болып жұмыс істеген "Азаттық" сайтының хабарлауынша, журналист ауруханадан шыққаннан кейін бес күннен соң қайтыс болған. Оған COVID-19 диагнозы 25 қаңтарда қойылды.

Жұма күні Қазис Тоғызбаевты қайтадан үйінен ауруханаға алып кеткен, ал жексенбіде отбасына Тоғызбаевтың жүрегі мәңгіге тоқтағанын хабарлады.

Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды 

Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев "Азаттық" редакциясында 2008 жылдан бері жұмыс істеді. Әскери қызметті аяқтағаннан кейін ол журналистикамен айналысып, суретке түсіруге қызығушылық танытты. Ол оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде жұмыс істеді.

3403