Қоғам

Қостанай облысында ірі көлемде ақша жымқырған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.02.2021
Жазылу
Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 миллион теңгені жымқырған

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қостанай облысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы ("Алаяқтық, аса ірі мөлшерде") бойынша тергеу шаралары басталды

"Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 миллион теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген болатын", - дейді агенттік мамандары.

Айта кетейік, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып немесе бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар
0