Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды

© AFP 2024 / JOSEPH PREZIOSOДәрігер пациенттің қолын ұстап тұр
Дәрігер пациенттің қолын ұстап тұр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Қазір республикада 27 мыңнан астам адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр, 268 науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғандардың санын жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустан алты, ал ковидтік пневмониядан бес адам қайтыс болды.

Сондай-ақ, 18 адамда коронавирус белгілері бар пневмония анықталды.

Жалпы пандемия басталғалы 2 601 пациент коронавирустан, ал 1 тамыздан бері 584 науқас пневмониядан көз жұмды.

8 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір республикада 27 028 адам короновирус инфекциясынан (16 770 КВИ+ және 10 258 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 804 пациент стационарда, 21 224 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ-  шалдыққандардың арасында:

  • 268 адамның жағдайы ауыр;
  • 49 пациент хәл үстінде;
  • 42 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Жаңалықтар
0