Қоғам

Полиция басшылары ұсталды - ІІМ видео жариялады

© Sputnik / Тимур БатыршинТемір тор, архивтегі сурет
Темір тор, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Садановтың айтуынша, Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары мен тағы үш басшы қызметтен кетті

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Қызылорда облысында ұсталған полицей басшылардың қылмыстық істері туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың айтуынша, Қызылорда облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бұрынғы басшысы 15 жылға сотталды. Ол қарасораны өсірген қылмыскерлерге қамқоршылық жасаған.

"Біздің тергеуіміз бойынша Қызылорда облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бұрынғы басшысы Мырзақасымов 15 жылға бас бостандығынан айырылды", – деді Саданов ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Бұдан бөлек, полицейлер марихуананың ірі партиясына қатысы бар тағы бір қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Тіпті, заңсыз қару-жарақ та тәркіленді. Оған да полиция басшыларының қатысы бар болып шықты.

"Тінту шаралары барысында 12 келіден астам есірткі тәркіленді. Одан кейін Қызылорда облыстық полиция департаментінің басқарма басшысы мен оның қол астындағы қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартпағаны үшін 7 миллион теңге көлемінде параны алған кезде ұсталды. Қазіргі кезде оларға қатысты тергеу шаралары жалғасып жатыр. Жақын арада іс материалдары сотқа жолданады", – деп атап көрсетті Саданов.

Оқи отырыңыз: Жүргізушінің жеке куәлігі болмаса қандай шара қолданылады

Оның сөзіне қарағанда, жауапқа тартылған барлық полицейлер жұмыстан босатылды. Бұдан бөлек, Қызылорда облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары мен тағы үш басшы қызметтен кетті.

Бүгінгі онлайн брифингте қылмыстық топты ұстау операциясының видеосы да жарияланды. Оны 37:30-дан бастап көруге болады. 

Жаңалықтар
0