Қоғам

Қазақстандықтардың жеке мәліметін сатқан полицейлер ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Жазылу
Қылмыскерлер бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің ақпараттық базаларындағы ақпаратты сатқан

НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан – Sputnik. Алматыда қазақстандықтардың жеке мәліметін сатқан полицейлер сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ішкі істер министрлігі өзіндік қауіпсіздік департаментінің бастығы Арман Садановтың айтуынша, қылмыстық топқа алты адам кірген. Олардың екеуі – сол кезде қызмет атқарған, ал үшеуі – экс-полицейлер. Бұдан бөлек, тағы бір делдал болған.  

"Олар делдалдық жасағандар арқылы ведомстволық ақпараттық базаларды сатуды бизнеске айналдырған. Осылайша жеке мәліметтер үшінші адамдардың қолына түскен", - деді Саданов ішкі істер министрлігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Ресми мәліметке сәйкес, қылмыскерлер бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, сондай-ақ ішкі істер министрлігінің ақпараттық базаларындағы ақпаратты сатқан.

"Осы қылмысқа қатысы бар адамдардың барлығы сотталды. Ал олардың тікелей басшылары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қызметтен босатылғандар да бар", - деп атап өтті Саданов.

Полиция басшылары ұсталды: ІІМ видео жариялады 

Айта кетейік, бүгін ішкі істер министрлігі Қызылорда облысында анықталған қылмыстық істердің мән-жайын да жариялады. Атап айтқанда, облыстық департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бұрынғы басшысы Мырзақасымов 15 жылға сотталды. Ол қарасораны өсірген қылмыскерлерге қамқоршылық жасаған. Бұдан бөлек, полицейлер марихуананың ірі партиясына қатысы бар тағы бір қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Тіпті, заңсыз қару-жарақ та тәркіленді. Оған да полиция басшыларының қатысы бар болып шықты. Департаменттің тағы бір басқарма басшысы мен оның қол астындағы қызметкері 7 миллион теңге көлемінде пара алған кезде ұсталды. Полиция басшыларын ұстау операциясының видеосын 36:31-ден бастап көруге болады.

Жаңалықтар
0