НҰР-СҰЛТАН, 8 ақпан — Sputnik. Қазақстандық қыздар әзіл ретінде TikTok-та жаңа челленджге қатысып жатыр.
Желі қолданушылары такси шақыруға арналған қосымшаны пайдаланып, видео жариялауда. Таксимен баратын жердің орнына "мені тұрмысқа алыңыздаршы" деген жазу қалдырады. Кейін қыздар кімнен ұсыныс түскенін көріп,"қабылдау" немесе "бас тарту" дегенді таңдайды.
Олар желіге видеоны #заберитезамуж хэштегімен жүктеп жатыр.
Челлендж бірнеше күн бұрын ғана пайда болды.
"Ішім пысты, әзіл ретінде қатыстым", "Мен де қайталап көрдім", "Мен де қалыспадым" - деп жазады басы бос бойжеткендер.
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтты. Оның алғашқы кейіпкері еден жуушы келіншек болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұсатаев өзгеруге арналған фотожобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды. Ол Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Бизнес орталықта қызмет етеді, екі баланың анасы.
"Жобам бір жарым күн ішінде жүзеге асырылды. Сенім білдіріп, қатысқаны үшін Лиузаға рақмет. Қыздар, нәзікжандылар қайда жұмыс істейтініңіз, жалақыңыз, тұрмыс құрғаныңыз, жалғыз бақытты екеніңіз, балаңыз болғаны-болмағаны маңызды емес. Бастысы - Сіздер әрдайым кереметсіздер!", - деді продюсер.
Ол әйелдің дені өз суретінің журнал бетіне шығуға лайық екеніне сенімді емес деп отыр. Сондықтан жаңа жоба бұл мүмкін екенін дәлелдейді.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Аймақтар бойынша:
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.