Қоғам

Сарапшы әлеуметтік желіде аты-жөнді көрсету неліктен қауіпті екенін айтты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Құмар ойындарға тәуелділік, ішімдікке салыну секілді ақпараттарды қолға түсірген адам ақша бопсалауы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Сарапшы әлеуметтік желіде тіркелгенде аты-жөнді жазу қауіпті екенін айтты. Интернеттен жеке дерегіңізді тапқан алаяқтар сізді бопсалап, ақша талап етуі мүмкін, деп хабарлады "Прайм" агенттігі.

Gem4me мессенджерін әзірлеу тобының жетекшісі Ваге Закарян алаяқтар адамды жеке мәліметтер арқылы бопсалайтынын ескертті.

"Құмар ойындарға тәуелділік, ішімдікке салыну, көзге шөп салу –  осы және басқа да ақпараттарды қолға түсірген адамға ақша төлеуге мәжбүр болуыңыз мүмкін. Оның өзінде өмір бойы кіріптар болмай, бір рет төлеп құтылсаңыз, жолыңыздың болғаны", - дейді сарапшы.   

Аты-жөнін жасырмайтын, өзінің дәулетімен мақтанатын, мысалы, қымбат курортта екенін айтатын адамдар болады.

"Бұл ұрыларға таптырмас ақпарат: жеке мәліметі бәріне белгілі бұл адам қазір басқа елдегі курортта демалып жатыр, демек оның үйіне түсетін уақыт келді деген сөз", - деп атап өтті Закарян.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар Facebook-тің денсаулыққа қауіпті екенін анықтады

Бүгінде адамдар әлеуметтік желідегі ашықтық зиян келтіруі мүмкін екенін түсіне бастады, сондықтан желіде шын атымен тіркелуді азайтып, мессенджерлерде қарым-қатынас жасауға ауысып жатыр.

Закарянның айтуынша, қазір Батыста әлеуметтік желілерден толығымен бас тарту идеясы кең тараған: олар мұны бір нәрсеге тәуелділіктен арылған еркін адамның белгісі деп санайды.    

Жаңалықтар
0