Білім, мектеп

Тоқаев білім министріне тапсырма берді

5234
(Жаңартылды 20:16 09.02.2021)
Аймағамбетов президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Министр Тоқаевқа Қазақстан халқына арналған жолдауда, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде және үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп берді.

Аймағамбетов президентке министрліктің педагогтер мәртебесін арттыру жөніндегі шаралар іске асырылып жатқанын айтты. Мұғалімдердің еңбекақысы 25 процентке артқаны туралы баяндады. Сондай-ақ, биыл 200 жаңа мектеп салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Мемлекет басшысына пандемия кезіндегі оқу үдерісінің ахуалы және оқушылардың білімін толықтыру үшін қабылданған шаралар, балаларға қолайлы орта қалыптастыру және "Кітап оқитын мектеп" жобасын іске асыру жөнінде ақпарат берілді.

Кездесуде балалардың құқықтарын қорғау, отандық колледждер мен жоғары оқу орындарын дамыту, жоғары білім беру сапасын арттыру, академиялық еркіндікті қамтамасыз ету және оқу орындарын одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент білім және ғылым саласын одан әрі жетілдіру үшін министрлікке бірқатар міндет жүктеді.

5234
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, Асхат Аймағамбетов, білім министрлігі
Тақырып бойынша
Кредитін төлей алмай жүргендерге көмек көрсетіледі - Тоқаев Әбілқасымованы қабылдады
"Шулай бермей, қараңыздаршы": Аймағамбетов өзіне кедергі келтіріп жатқандар жайлы айтты
"Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той": Тоқаев желіде жазба жариялады
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа қол қойды
Тұрмыс түзелмесе, жетістіктерді мақтан етудің қажеті жоқ – Тоқаев
Ресей мемлекеттік думасының депутаттарын сайлау

Ресейдегі сайлау: Қазақстанда дауыс беру учаскелері ашылды

1
Қазақстанда дауыс беру учаскелері бес қалада ашылды, олар таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстанда бес қалада сайлау учаскелері ашылды. Ол жерде Ресей азаматтары дауыс бере алады.

Ресейдің Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы 17 қыркүйекте басталған болатын. Бүгін - сайлаудың соңғы және негізгі күні. Осы жолы алғаш рет дауыс беру науқаны үш күнге созылып отыр. Негізгі мақсат – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және санитарлық талаптарды барынша сақтау.

Сайлау аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Атап айтқанда, 225 депутат партиялық тізім бойынша сайланса, тағы 225 депутат бір мандатты сайлау округтарынан думаға өтеді. Олар бес жылға сайланады.

Биылғы сайлауға 14 партия қатысып отыр. Олар:

  • Ресей Федерациясының коммунистік партиясы;
  • "Жасылдар"
  • Ресейдің либералды-демократиялық партиясы;
  • Жаңа адамдар; 
  • "Біртұтас Ресей" партиясы;
  • Әділетті Ресей;
  • Яблоко;
  • Өсім партиясы
  • Ресейдің әділеттілік пен еркіндік партиясы;
  • Ресей коммунистері;
  • Азаматтық платформа;
  • Жасыл альтернатива;
  • Отан
  • Зейнеткерлер партиясы.

Партиялық тізімдер бойынша 3 812 кандидат тіркелсе, бір мандатты окрутардан 2 020 үміткер шықты. Мәскеу мен Санкт-Петербургте бәсекелестік жоғары болып тұр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Ресейде тұратын дауыс берушілердің жалпы саны – 108 145 648 адам. Бұдан бөлек, шетелде 2 047 140 адам тұрады. Ал Байқоңыр қаласында 12 515 сайлаушы бар.

Қазақстанда жүрген ресейліктер қай жерде дауыс береді

Ресейдегі сайлауға байланысты Қазақстанда бірнеше дауыс беру учаскесі ашылып отыр. Олар бес қалада орналасқан.

Нұр-Сұлтан, Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы, Кенесары көшесі, 39 үй. Ол жерде  Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қарағанды облыстарының тұрғындары дауыс береді. Телефон: 8 (7172) 32-05-15, 8(7172) 44-08-05;

Алматы, Жандосов көшесі, 4 үй; телефон: 8 (727) 274-61-22;

Приозёрск, Офицерлер үйі, Кисунько көшесі, 1/2 үй; телефон: 8 (71039) 5-21-44;

Орал, Ресейдің бас консулдығы, Мұхит көшесі, 78 үй; телефон: 8 (705) 847-78-61;

Өскемен, Ресейдің бас консулдығы, Орджоникидзе көшесі, 2 үй; телефон: 8 (7232) 26-29-59.

Қазақстанда дауыс беру таңғы сағат 8.00-де басталып, кешкі 20.00-де аяқталады. 18 жастан асқан сайлаушы ғана дауыс бере алады. Ресей Федерациясының төлқұжаты болуы шарт.

Қазақстан атынан сайлауды кім бақылайды

14 қыркүйекте Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Ресей федералдық жиналысының мемлекеттік дума депутаттарының сайлауына жіберілетін бақылаушылардың тізімін бекіткен болатын. Олар ТМД мен ШЫҰ атынан баратын бақылаушылардың құрамына кіреді. Қазақстандық делегацияның құрамына Орталық сайлау комиссиясы мен дипломатиялық корпус өкілдері енді.

1
Алматы қаласы

Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

123
Құжатқа сәйкес, "қызыл" аймақта Ashyq нысандарына 00:00-ге дейін, ал "жасыл" мәртебесі бар лидерлерге 02:00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген

НҰР -СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес, "қызыл" аймақта демалыс күндері Ashyq объектілеріне 00:00-ге дейін, ал егер қызметкерлер мен келушілерде "жасыл" мәртебе болған жағдайда (вакциналау, теріс нәтиже көрсеткен ПТР тестін іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) Ashyq лидерлеріне 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Жұмыс күндері Ashyq объектілеріне 00.00-ге дейін, Ashyq лидерлеріне 02.00-ге дейін жұмыс істеуге болады.   

Құжатта Ashyq лидерлеріне қарастырылған жеңілдіктер де жазылған – оларға "қызыл" аймақта "сары" талаптарымен жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қызметкерлердің 90% вакциналанған жағдайда (медициналық қарсы көрсетілімі бар және ауырып жазылғандарды қоспағанда) объектіге келушілер санын 20% -ке арттыруға мүмкіндік бар.

Вакциналауды тексеру рейдтері 2020 жылдың 7 желтоқсанындағы Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі (2021 жылы 7 қыркүйекте өзгерістер енгізілген).

Сондай-ақ қоғамдық көлік салонында дыбыстық хабарлау шаралары ұйымдастырылады:

  • бетпердесіз жолаушылардың қоғамдық көлікке кіруіне тыйым салынғаны туралы;
  • масканы міндетті түрде және дұрыс кию туралы;
  • маска режимін сақтамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы;
  • мониторингтік топтар тұрақты рейдтер өткізетіні туралы.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.  

123
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин