Қоғам

Смартфонда жасалған барлық әрекетті қалай көруге болады – маман кеңесі

© Photo : PixabayWhatsApp добавил функцию самоуничтожения сообщений через 7 дней
WhatsApp добавил функцию самоуничтожения сообщений через 7 дней - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.02.2021
Жазылу
Google, Яндекс немесе басқа кез келген интернет қызметі деректерді бұлтта сақтай алады. Ол жерде келген хабарламалар мен пайдаланушының әрекеті туралы ақпарат бар

АЛМАТЫ, 9 ақпан – Sputnik. Заманауи смартфондарда жасалған барлық әрекет арнайы жадта сақталып тұрады. Мұны танымал интернет қызметтері арқылы да, басқа тәсілмен де білуге болады. Осы жайында "Прайм" агенттігіне Ресей технологиялық университеті сапаны басқару және сертификаттау кафедрасының меңгерушісі Максим Назаренко тарқатып айтып берді.

Google, Яндекс немесе басқа кез келген интернет қызметі деректерді бұлтта сақтай алады. Ол жерде келген хабарламалар мен пайдаланушының оларға реакциясы туралы ақпарат бар.

"Дәл осы бұлтта арнайы бөлімдер бар, ол жерден геолокация қосылған жағдайда телефонның қай жерде болғанын және смартфон экранындағы белгілі бір батырманың басылғанын көруге болады", - дейді маман.

Сонымен қатар құрылғының өзінде ақпараттың жеке қоймасы болады. Ол жерден телефонды қалай қолданғаныңызды таба аласыз. Алайда оны қолдану ыңғайлы емес, барлығын табу қиын болады. Сондықтан арнайы қосымшаны орнатқан дұрыс.

Мұндай бағдарламалармен жұмыс істеу үшін жүйелік хабарламаларды көруге рұқсат алу қажет.

"Көру құқығын алғаннан кейін бұл қосымша жазбалар мұрағатын дербес қалыптастырады. Оны қолданушының іс-әрекетін және оның нәтижесін іздеу үшін пайдалануға болады", - деп қорытындылады маман.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшы телефон экраны күйіп кетпеуі үшін не істеу қажет екенін айтты. 

Жаңалықтар
0