АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 11 адам қайтыс болды. Деректерді денсаулық сақтау министрлігі жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, пневмониядан 3 адам қайтыс болды.
10 ақпандағы мәлімет бойынша, 25 991 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 438 пациент стационарда, 20 553 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Жалпы науқастардың арасында 264 адамның жағдайы ауыр, 46 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр. 45 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Сонымен қатар өткен тәулікте 1 053 адамнан коронавирус анықталды, 70 адам пневмонияға шалдықты.
Оқи отырыңыз: Коронавирус кейбір адамдарға жұқпайды – дәрігерлер үш себебін атады
Пандемия басталғалы Қазақстанда 198 086 адам COVID-19 жұқтырды, 2 621 адам қайтыс болды.
Ал 2020 жылдың бірінші тамызынан бастап 48 388 адам пневмонияға шалдықты, 587 адам көз жұмды.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис аумағында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжатқа сәйкес, кез келген ойын-сауық және бұқаралық шараларды, оның ішінде үйде өткізуге сол күйі тыйым салынған. Бұл жерде үйлену тойы, еске алу, көрмелер және адам көп жиналатын басқа да іс-шаралар туралы сөз болып отыр.
Сонымен қатар, қызметі әлі жанданбаған нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Олар: боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батут, түнгі клубтар, букмекер кеңселері, лото және ойын клубтары, жабық ғимараттағы ойын алаңдары мен аттракциондар, спорт нысандарында орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары.
"Сауда кәсіпорындары қауымдастығының ұсынысына сәйкес, ауданы 1000 ш. м. асатын сауда орындарына (COCO, CY, базарлар), қоғамдық тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға (автобус, троллейбус, метро) адамдардың әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауын тұрақты бақылау үшін санитарлық патрульдер құру ұсынылады", - делінген қаулыда.
Қаулы 9 наурызда күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.
2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі:
Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.
Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.
Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.
Түркістан облысында қалың тұман түседі.
Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.
Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.
Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.
Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.
Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.
Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.
Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.
Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.
Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.
Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.