НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Мәжіліске ҚХА атынан сайланған депутаттар орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқыту сапасына көңілі толмайтынын жеткізді. Халық қалаулылары бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде мән беру керек деп санайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Наталья Дементьева білім министрі Асхат Аймағамбетовке жолдаған депутаттық сауалында орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқытудың сапасына тоқталды.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда қашықтан жұмыс режимі заңдастырылады
"Осы мәселеге назар аударсақ, талай нәрсе көңілді көншітпейтінін көріп, жанымыз жабырқайды. Қазақстандағы орыс мектептерінде қазақ тілі 1958 жылдан бастап тұрақты түрде оқытыла бастаған екен. Алпыс жылдан асқан тәжірибе бола тұра, әлі күнге дейін орыс мектебін бітірушілер арасында қазақ тілін еркін меңгергендер саны аз. Оқушылар да, мамандар да қазақ тілін оқыту әдістемесінің сапасына қатысты сын айтады. Жаңа оқулықтар жылда шығады, қаражат бөлінеді, әдістемелер, жаңа контенттер толып жатыр. Бірақ балаларымыздың қазақшасы бәрібір нашар", - деді Дементьева.
Депутат мектеп оқулықтарының сапасы сын көтермейтінін айтты. Жаттығулар өте күрделі. Қарапайым ауызекі сөйлеу дағдысы қалыптаспаған оқушыға үйіп-төгіп қиын грамматикалық тапсырмалар беріледі, дейді мәжілісмен.
ҚХА депутаттары осы мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынды:
"Түптің түбінде қазақ тілінің қазақстандықтардың ортақ тіліне, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыты келеді. Қазір оны қолдан жылдамдатудың, осы мәселені оңайлатудың қажеті жоқ. Бірақ сол мақсатқа бастайтын қадамдарды осы бастан қолға алу қажет. Ал оны алдымен қолға алатын да, алдымен жүзеге асыратын да – мектеп", - дейді Дементьева.
Депутаттар мемлекет қазақ тілінің орыс тілді мектептерде оқытылу сапасына мән беруге міндетті деп санайды.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Аймақтар бойынша:
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.
"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді ол.
Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі.
Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін.
Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады.
"2021 жыл да коронавирус жылы болады. Алайда бұл жолы алдағы жағдайға болжам жасап, басқару мүмкіндігі жоғары. 2020 жылы terra incognita, яғни ғылыми, саяси белгісіздік жағдайын бастан кешірдік. Бір жылдан соң вирус жайлы біраз нәрсе білдік. Диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар", - деді ол Welt басылымының хабарлауынша.
Клюге бәрін алдын ала жоспарлау маңызды екенін атап өтті. Сондықтан келер жылдың басында пандемия аяқталуы мүмкін деп отыр.
"Бұл вирус жойылады деген сөз емес. Бірақ ол кезде ешбір араласу қажет болмайды", - деді ол.
Оның айтуынша, бай өңірлер ғана вакцина салдырып, өзгелері бұл науқаннан тыс қалып қоймауы керек деген ойда.
Сондай-ақ мемлекеттердің шектеуді алуына қатысты да пікір білдірді. Олар тым жылдам алынса, бастапқыдағы жағдай қайталануы ықтимал деген алаңдаушылығын жеткізді.
Еске сала кетсек, өткен жылдың 11 наурызында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды пандемия деп атады. Елдер қатаң карантин енгізді, шекаралар жабылды. Қазір жағдай біртіндеп жақсарып келеді.