Қоғам

Мәжіліс депутаты Тоқаевқа өтініш жасады

© Sputnik / Владислав ВодневМәжілістің пленарлық отырысы
Мәжілістің пленарлық отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігі қазір кезде комиссия құрамын жасақтау үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаған

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Жер туралы заңды осы жылдың шілдесіне дейін қабылдауды сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Паяев 2016 жылы Жер кодексіне енгізілген түзетулер халыққа дұрыс түсіндірілмегендіктен, қоғамда пікірталас туып, шетелдіктер жерді иемденіп алуы мүмкін деген оймен елде наразылық акциялары өткенін еске салды.

Осыдан кейін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін қазақстандықтарға жекеменшікке беруге және оларды шетелдіктерге жалға беру нормаларын қолдануға мораторий жарияланған болатын.

"Осы мораторий қоғамдағы шиеленісті тоқтатуға мүмкіндік берсе, үкіметке қоғаммен бірлесе отырып, Жер кодексінің нормаларын егжей-тегжейлі әзірлеп, дайындауға уақыт берді. Мораторийдің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалғанын, үкімет тарапынан Жер кодексінің проблемалық мәселелерін шешу мақсатында тиімді жұмыстар атқарылмай жатқанын айтуға мәжбүрмін", – деді Паяев премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында.

Мәжілісмен ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған бағытқа қоғамды міндетті түрде тарта отырып, ұсынылатын түзетулерді жариялы түрде талқылап, жұмысты жеделдетуді тапсыруды сұрады.

Сонымен қатар, депутат президенттің тапсырмасын орындау үшін осы жылдың 1 шілдесіне дейін тез арада Жер туралы заңды қабылдау қажет деп санайды.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, аталған заң жобасын жедел қабылдау қажет деп жариялауыңызды сұраймын", – деді мәжілісмен.

2021 жылы 31 желтоқсанда Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты ел президенті Жер комиссиясының жұмысын қайта жандандыруды тапсырды. Ал үкімет қарашаға дейін Жер кодексіне түзетулер енгізуі тиіс.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мораторий жарияланған Жер кодексі туралы: Бұл мәселеге енді оралмаймыз

Ауыл шаруашылығы министрлігі қазір комиссия құрамын жасақтау үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Комиссия құрамына депутаттар, агроөнеркәсіп саласындағы беделді тұлғалар, қоғам қайраткерлері, блогерлер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайтынын бірнеше рет айтқан еді.

Жаңалықтар
0