Қоғам

Димаш Құдайберген Қазақстаннан кететін болды – видео

© Photo : Youtube//Dimash QudaibergenДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.02.2021
Жазылу
Қазақстандық әнші әлемдік шоу-бизнестің орталығында болуы керек екенін, сол себепті Америкаға кеткісі келетінін айтты

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылық жолын жетілдіру мақсатында АҚШ-қа көшетін болды. Бұл туралы әнші желідегі парақшасында мәлімдеді.

"MTV USA телеарнасына Кевин Кенниге берген екінші эксклюзив сұқбатым шықты. Менің Қытайда қанша жыл тұрғанымды және шығармашылығымды қолдау үшін Америкаға қашан көшуді жоспарлап отырғанымды толық нұсқадан біле аласыздар", - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Сұқбат барысында қазақстандық әнші Америкаға кеткісі келетінін айтты.

"Музыканы жетілдіру үшін біраз уақыт Америкада болуды жоспарлап отырмын. Ол үшін әлемдік шоу-бизнестің орталығында болу қажет. Менде осыған ұқсас тәжірибе бар: мен музыкамды жетілдіру үшін үш жарым жыл Қытайда болдым. Алайда мен үшін ең сүйікті орын – отбасым бар жер", - деді Димаш.

Сонымен қатар әнші өзіне Қытайдың да ұнағанын айтып өтті.

"Маған Қытайдағы адамдар ұнады, олар бауырмал, жанкүйерлерім өте қамқор. Менің Қытайдағы менеджерлерім – өз ісінің маманы", - деді ол.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 2017 жылы Қытайдағы Singer телевизиялық шоуына қатысқаннан кейін әлемге танылды. Сол байқауда екінші орын алған қазақстандық содан кейін көптеген марапатқа ие болды.
Димаш америкалық MTV-де қазақ тіліндегі бейнебаяны шыққан алғашқы қазақстандық әнші. Сондай-ақ, бірінші болып АҚШ президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты.

Жаңалықтар
0