Интернет сымдары

"Миға зиян": үйде Wi-Fi роутерді қай жерге қоюға болмайды

7608
(Жаңартылды 18:42 10.02.2021)
Үйде қолданатын сертификатталған роутерлер қауіпсіз. Алайда барынша сақтанған жөн. Мұндай талапты барлық пәтерде сақтау қиын

НҰР-СҰЛТАН, 10 ақпан – Sputnik. Пәтерде wi-fi тарататын роутерді адам тұрмайтын бөлмеге орнату керек.

Роутерден келетін электр-магниттік әсер салдарын азайту үшін бірқатар талапты сақтау керек, деді Sputnik радиосына "Өмірлік кеңістік экологиясы" зертханасының жетекшісі Антон Ястребцев.

Оның айтуынша, үйде қолданатын сертификатталған роутерлер қауіпсіз. Алайда барынша сақтанған жөн. Сондықтан бұл құрылғыны жұмыс істейтін, ұйықтайтын бөлмеге қоймау керек.

"Кейде адамдар жақсы байланыс керек деп роутерді үстелге қояды. Бұл дұрыс емес. Роутер сәулесі үш метр қашықтықта зиянды әсер етеді. Сондықтан алшақ қою қажет", - деді маман. 

"Роутер төсектің жанында тұрмауы керек. Мұндай жағдайда адамның миына әсер етеді", - деп санайды Ястребцев.

Wi-fi дәлізде немесе адам жиі болмайтын басқа бөлмеде орнатылуы керек деген ереже бар. 

"Жатын бөлме мен ас үйден арақашықтығы 2-3 метр болуы керек. Мұндай талапты барлық пәтерде сақтау қиын. Бірақ зиянды әсерін азайтуға мейлінше тырысу керек", - деді Ястребцев.

7608
Кілт сөздер:
WI-FI, интернет
Тақырып бойынша
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Теміртаулық қыз интернетте жігітпен танысамын деп айықпас дертке шалдықты
Атамбаевтың әйелінің интернетте тараған суреті желіде қызу талқыға түсті
Жасөспірімдерді желі арқылы өлімге жетелеген: интернетте қауіпті топтар көбеюде
Өскеменде Wi-Fi тарататын көше шамдары іске қосылады
Ресей мемлекеттік думасының депутаттарын сайлау

Ресейдегі сайлау: Қазақстанда дауыс беру учаскелері ашылды

2
Қазақстанда дауыс беру учаскелері бес қалада ашылды, олар таңғы сағат сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қыркүйек –  Sputnik. Қазақстанда бес қалада сайлау учаскелері ашылды. Ол жерде Ресей азаматтары дауыс бере алады.

Ресейдің Мемлекеттік дума депутаттарының сайлауы 17 қыркүйекте басталған болатын. Бүгін - сайлаудың соңғы және негізгі күні. Осы жолы алғаш рет дауыс беру науқаны үш күнге созылып отыр. Негізгі мақсат – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және санитарлық талаптарды барынша сақтау.

Сайлау аралас жүйе бойынша өтіп жатыр. Атап айтқанда, 225 депутат партиялық тізім бойынша сайланса, тағы 225 депутат бір мандатты сайлау округтарынан думаға өтеді. Олар бес жылға сайланады.

Биылғы сайлауға 14 партия қатысып отыр. Олар:

  • Ресей Федерациясының коммунистік партиясы;
  • "Жасылдар"
  • Ресейдің либералды-демократиялық партиясы;
  • Жаңа адамдар; 
  • "Біртұтас Ресей" партиясы;
  • Әділетті Ресей;
  • Яблоко;
  • Өсім партиясы
  • Ресейдің әділеттілік пен еркіндік партиясы;
  • Ресей коммунистері;
  • Азаматтық платформа;
  • Жасыл альтернатива;
  • Отан
  • Зейнеткерлер партиясы.

Партиялық тізімдер бойынша 3 812 кандидат тіркелсе, бір мандатты окрутардан 2 020 үміткер шықты. Мәскеу мен Санкт-Петербургте бәсекелестік жоғары болып тұр.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Ресейде тұратын дауыс берушілердің жалпы саны – 108 145 648 адам. Бұдан бөлек, шетелде 2 047 140 адам тұрады. Ал Байқоңыр қаласында 12 515 сайлаушы бар.

Қазақстанда жүрген ресейліктер қай жерде дауыс береді

Ресейдегі сайлауға байланысты Қазақстанда бірнеше дауыс беру учаскесі ашылып отыр. Олар бес қалада орналасқан.

Нұр-Сұлтан, Ресейдің мәдениет және ғылым орталығы, Кенесары көшесі, 39 үй. Ол жерде  Нұр-Сұлтан қаласы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола мен Қарағанды облыстарының тұрғындары дауыс береді. Телефон: 8 (7172) 32-05-15, 8(7172) 44-08-05;

Алматы, Жандосов көшесі, 4 үй; телефон: 8 (727) 274-61-22;

Приозёрск, Офицерлер үйі, Кисунько көшесі, 1/2 үй; телефон: 8 (71039) 5-21-44;

Орал, Ресейдің бас консулдығы, Мұхит көшесі, 78 үй; телефон: 8 (705) 847-78-61;

Өскемен, Ресейдің бас консулдығы, Орджоникидзе көшесі, 2 үй; телефон: 8 (7232) 26-29-59.

Қазақстанда дауыс беру таңғы сағат 8.00-де басталып, кешкі 20.00-де аяқталады. 18 жастан асқан сайлаушы ғана дауыс бере алады. Ресей Федерациясының төлқұжаты болуы шарт.

Қазақстан атынан сайлауды кім бақылайды

14 қыркүйекте Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Ресей федералдық жиналысының мемлекеттік дума депутаттарының сайлауына жіберілетін бақылаушылардың тізімін бекіткен болатын. Олар ТМД мен ШЫҰ атынан баратын бақылаушылардың құрамына кіреді. Қазақстандық делегацияның құрамына Орталық сайлау комиссиясы мен дипломатиялық корпус өкілдері енді.

2
Алматы қаласы

Алматының бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

123
Құжатқа сәйкес, "қызыл" аймақта Ashyq нысандарына 00:00-ге дейін, ал "жасыл" мәртебесі бар лидерлерге 02:00 -ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген

НҰР -СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды.

Қаулыға сәйкес, "қызыл" аймақта демалыс күндері Ashyq объектілеріне 00:00-ге дейін, ал егер қызметкерлер мен келушілерде "жасыл" мәртебе болған жағдайда (вакциналау, теріс нәтиже көрсеткен ПТР тестін іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайды, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) Ashyq лидерлеріне 02:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Жұмыс күндері Ashyq объектілеріне 00.00-ге дейін, Ashyq лидерлеріне 02.00-ге дейін жұмыс істеуге болады.   

Құжатта Ashyq лидерлеріне қарастырылған жеңілдіктер де жазылған – оларға "қызыл" аймақта "сары" талаптарымен жұмыс істеуге рұқсат етілген. Қызметкерлердің 90% вакциналанған жағдайда (медициналық қарсы көрсетілімі бар және ауырып жазылғандарды қоспағанда) объектіге келушілер санын 20% -ке арттыруға мүмкіндік бар.

Вакциналауды тексеру рейдтері 2020 жылдың 7 желтоқсанындағы Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен бекітілген тәртіпке сәйкес жүргізіледі (2021 жылы 7 қыркүйекте өзгерістер енгізілген).

Сондай-ақ қоғамдық көлік салонында дыбыстық хабарлау шаралары ұйымдастырылады:

  • бетпердесіз жолаушылардың қоғамдық көлікке кіруіне тыйым салынғаны туралы;
  • масканы міндетті түрде және дұрыс кию туралы;
  • маска режимін сақтамағаны үшін 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы;
  • мониторингтік топтар тұрақты рейдтер өткізетіні туралы.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.  

123
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин