Қоғам

Қазақстандық жүргізушілер үшін қандай айыппұл кешірілетіні белгілі болды

© SputnikҚұжаттар мен ақша, архивтегі сурет
Құжаттар мен ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.02.2021
Жазылу
Қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірі бар автомобильдерге және Қазақстаннан тыс жерде жүргізуші куәлігін алғандарға қолданылмайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. 13 ақпаннан бастап қазақстандық жүргізушілер көлік жүргізу куәлігі мен техникалық төлқұжатты өзімен бірге алып жүрмесе де болады. Бір қызығы, заң күшіне енгенге дейін салынған ескі айыппұлдар отандастарымыз үшін кешіріледі, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департменітінің баспасөз қызметі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 5-бабының 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе алып тастайтын заң кері күшке ие. Яғни, осы заң күшіне енгенге дейін жасалған және оған қатысты шешім шығарылған әкімшілік жаза қолдану шарасы орындалмаған жағдайда қолданылады.

"Осыған орай, аталған құжаттардың болмауына байланысты қозғалған барлық істер заң күшіне енгенге дейін айыппұл төленбесе, тоқтатылуға жатады. Мұндай істер мәжбүрлі түрде орындалмайды. Яғни, тек құқықбұзушылардан тиісті өтініштер түскен жағдайда ғана жүргізілген тексерулердің нәтижесі бойынша тоқтатылуы керек", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қабылданған түзетулер шетелдік мемлекеттік нөмірі бар автомобильдерге және Қазақстаннан тыс жерлерде жүргізуші куәлігін алғандарға қолданылмайды. Олар үшін жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәлікті ұсыну міндетті болып қала береді.

Сақтандыру болмаса, қандай жаза қолданылады

Сол сияқты полиция сақтандыру полисінің маңыздылығын назардан тыс қалдырмаған. Егер жүргізуші сақтандыру полисінде жоқ болса, онда оған Әкімшілік кодекстің 230-бабының 2-бөлігіне сәйкес – 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салынып, 797-бапқа сәйкес автокөлік тұраққа қойылады.

"Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті талап етпеу міндеттемесін алып тастағанда, сақтандыру полисінде жазбаның болуы іс жүзінде осы көлікті басқарудың заңдылығын растайтын жалғыз нәрсе болып табылады", – деп атап көрсетілген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: заң бұзған жүргізушілер көлігінен айырылуы мүмкін

Сондай-ақ, егер жүргізушінің жеке куәлігі болған жағдайда, заңда азаматтан қандай да бір басқа құжатты талап етпеу туралы айқын жазылған.

Жаңалықтар
0