АЛМАТЫ, 11 ақпан – Sputnik. Ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссия 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді қайта атауға мораторий енгізу мәселесін қарады.
Бұл мораторий әкімшілік-аумақтық бірліктерді (ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс) құруға, таратуға және қайта құруға, сондай-ақ елді мекендердің құрамдас бөліктерінің атауына және оны қайта атауға байланысты болады.Айта кетейік, Қазақстанда онлайн-халық санағы 1 қыркүйекте басталып, 2021 жылдың 15 қазанына дейін жалғасады. Бұл Тәуелсіз Қазақстандағы үшінші санақ болады.
Халық санағы арнайы sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Азаматтар қай жерде екеніне қарамастан өзі және отбасы мүшелері туралы ақпаратты енгізе алады.
Дәстүрлі санақ 2021 жылдың 1-30 қазан аралығында барлық санитарлық норма сақтала отырып өткізіледі.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Аймақтар бойынша:
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.
"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді ол.
Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі.
Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін.
Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады.
"2021 жыл да коронавирус жылы болады. Алайда бұл жолы алдағы жағдайға болжам жасап, басқару мүмкіндігі жоғары. 2020 жылы terra incognita, яғни ғылыми, саяси белгісіздік жағдайын бастан кешірдік. Бір жылдан соң вирус жайлы біраз нәрсе білдік. Диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар", - деді ол Welt басылымының хабарлауынша.
Клюге бәрін алдын ала жоспарлау маңызды екенін атап өтті. Сондықтан келер жылдың басында пандемия аяқталуы мүмкін деп отыр.
"Бұл вирус жойылады деген сөз емес. Бірақ ол кезде ешбір араласу қажет болмайды", - деді ол.
Оның айтуынша, бай өңірлер ғана вакцина салдырып, өзгелері бұл науқаннан тыс қалып қоймауы керек деген ойда.
Сондай-ақ мемлекеттердің шектеуді алуына қатысты да пікір білдірді. Олар тым жылдам алынса, бастапқыдағы жағдай қайталануы ықтимал деген алаңдаушылығын жеткізді.
Еске сала кетсек, өткен жылдың 11 наурызында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды пандемия деп атады. Елдер қатаң карантин енгізді, шекаралар жабылды. Қазір жағдай біртіндеп жақсарып келеді.