Медицина қызметкері

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты

69
(Жаңартылды 08:29 12.02.2021)
Пандемия басталғалы елде 200 044 адам вирус жұқтырды. Елде коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайы алғаш рет 2020 жылдың 13 наурызында тіркелген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан - Sputnik.  Қазақстанда өткен тәулікте 951 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір күн бұрын 1 007 жағдай тіркелген еді.

Өңірлер бойынша:

  • Павлодар облысы - 163
  • Нұр-Сұлтан - 109
  • Алматы - 108
  • Ақмола облысы - 79
  • Қостанай облысы - 79
  • Алматы облысы - 76
  • Батыс Қазақстан облысы - 75
  • Шығыс Қазақстан облысы - 64
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 62
  • Қарағанды облысы - 58
  • Атырау облысы - 33
  • Жамбыл облысы - 10
  • Шымкент - 9
  • Ақтөбе облысы - 8
  • Маңғыстау облысы - 7
  • Түркістан облысы - 7

Қызылорда облысы - 4.

Пандемия басталғалы елде 200 044 адам вирус жұқтырды. Елде коронавирус инфекциясына шалдығу жағдайы алғаш рет 2020 жылдың 13 наурызында тіркелген болатын.

Эпидемиологиялық жағдай

"Қызыл" аймақта - Ақмола, Павлодар облыстары

"Сары" аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары

"Жасыл" аймақта - қалған өңірлер.

69
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2115)
Тақырып бойынша
Халықты түстерге бөлу мен QR-код: министр Цой қазақстандықтарға үндеу жасады
Адам коронавируспен ауырса, вакцина салдырмауға бола ма – министр жауабы
Министр Цой алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
"Вирусты әлі жеңген жоқпыз". Цой қазақстандықтарды сақ болуға шақырды
Бірнеше мемлекет қазақстандық вакцинаға қызығушылық танытты – Цой
Кілт, иллюстративті фото

Тоқаев баспананы арзандатудың жолын ұсынды

14
Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс компанияларымен алдын ала сатып алу келісімін жасасуды ұсынды. Соның нәтижесінде тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатылады. Бұл туралы президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2 пайызға өскен.  Бұл жақсы көрсеткіш, алайда өңірлердің ахуалы әркелкі. Мәселен, пайдалануға берілген дайын үйлердің 40%-і тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында. Оның үстіне бұл үйлердің көпшілігінің бағасы әлі де қымбат.

"Нарықтың өз ережесі бар. Нақты экономикалық факторларға байланысты құрылыс компаниялары қазір арзан үй салуға мүдделі емес. Сол себепті қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады", - деді Тоқаев кеңес отырысында.

Ол мұндай тәсіл сынақ жобалары аясында алдын ала пысықталғанын атап өтті. Енді мұны бүкіл ел бойынша жүзеге асыру қажет.

"Бұл қадам аз уақыт ішінде құны қолжетімді жаңа тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді", - деп санайды мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев ауылдық жерлердегі тұрғын үй мәселесіне тоқталды.

Ол баспанаға ие болған жастар ауылда тұрақтап қалудан қашпайтынын айтты. Жалпы ауылдық жерде үй салу баспана мәселесін ғана шешпей, экономикалық белсендікті арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Депутат шенеуніктер былығы кесірінен кейбір отбасы үйсіз жүргенін айтты 

"Баспана мәселесі "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ғана шешілмейді. Бұл іске әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс берушілерді жұмылдыру керек. Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы", - деді Тоқаев.

Айтуынша, жұмыс дұрыс жолға қойылса, осы бастама ауылды дамытуға жан- жақты септігін тигізеді. Сондай-ақ, қажетті мамандарды, ең алдымен, мұғалімдер мен дәрігерлерді, мал дәрігерлерін ауылға тартуға мүмкіндік береді.

Президент үкіметке бұл тәсілді осы жылдың екінші жартысынан қалдырмай қолданысқа енгізуді тапсырды.

14
Кілт сөздер:
баспана, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Алматыда 8 мыңнан астам пәтер кімдерге беріледі
Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек
Қазақстандықтардың мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуына шектеу енгізілді
Баспана бағасы шарықтап кетті: депутаттар не дейді
Жітіқара ауданы полиция бөлімінің бастығы Болат Иманов

Үсті-басын қар басқан қостанайлық полицейдің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр

22
Имановтың айтуынша, полицейлер элеваторға жақындағанда 20 метрлік қар құрсауына тап болып, әрі қарай жүре алмаған. Сол кезде өздерін жергілікті күзетші әйел құтқарған

АЛМАТЫ, 25 ақпан – Sputnik. Желіде қар құрсауында қалып қойғандарды құтқару кезінде түсірілген полицейдің фотосы тарап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жітіқара ауданы полиция бөлімінің бастығы Болат Иманов әріптестерімен бірге ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда қалған адамдарға көмектесуге барған. Фото сол кезде түсірілген.

Фотодан ер адамның үсті-басы қар болып, көлік жүргізіп отырғанын көруге болады. Полиция қызметкерлері қаладан 25 шақырым жерде жолдан шығып кеткен көлікке көмекке барған. Олар көлікті ең жақын елді мекенге дейін сүйреп апарған.

Ал фотосы желіде қызу талқыланып жатқан полицей ауа райы нашар кезде қоластындағыларды жалғыз жібергісі келмей, құтқару шарасын өзі басқарғанын атап өтті.

"12 шақырымды сегіз сағат жүріп өттік. Менімен бірге 7 полиция қызметкері болды. Жүргізуші жақтағы терезе ашық тұрғандықтан жел соғып, үсті-басымды қар басты. Ал көліктің жанында полиция қызметкері көлік терезесінен ұстап, жүгіріп жүрді. Өйткені, жол мүлдем көрінбеді. Ол асфальтті аяғымен сезіп, көлікті жолдан шығып кетуден сақтандырып отырды", – деді Болат Иманов.

Содан кейін полицейлер элеваторға жақындаған. Сол жерде құтқарылған жолаушылармен бірге ауа райының реттелуін күтеміз деп ойлаған. Алайда оған таяғанда 20 метрлік қар құрсауына тап болып, әрі қарай жүре алмаған.

Сол сәтте оларға жергілікті кәсіпкерлер көмектескен. Имановтың айтуынша, өздерін сол жердегі күзетші әйел құтқарған.

Желіде полицейлердің құтқарушылардың қызметін атқарып жатқанын жазып жатыр. Ал жергілікті полиция департаменті патрульдік полиция қызметінің екі жылдан бері барлық қажетті жабдығы бар екенін, олар оқиға орнына барғанда құтқарушыларды шақырмай-ақ, зардап шеккендерге көмектесетінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: "Ол жылап жіберді": Полицей иен далада жоғалған баланы қалай тапқанын айтып берді

Айта кетейік, полиция подполковнигі Болат Иманов ішкі істер органдарында 1996 жылдан бері жұмыс істейді. 2020 жылы Жітіқара ауданы полиция бөлімінің бастығы болып тағайындалды.

22
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, қарлы боран
Тақырып бойынша
Немересі қуып шыққан: ақтөбелік полицей далада қалған қарияны өз үйіне кіргізді
Атыраулық азамат полицей болу үшін әкім лауазымынан бас тартты
Боранда жүргізушілерге жүгіріп жүріп жол көрсеткен полицей марапатталды
Боран емес, Нұрлы жел: Қазнет бүгінгі ауа райын әзілге айналдырды
Астанада боран кезінде ер адам өмірін қауіпке тігіп, жол қозғалысын реттеуге кіріскен
Далада боран соғып тұрса, жұмыстан ерте кетуге бола ма – министрліктің жауабы