Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 5 адам қайтыс болды

© REUTERS / YVES HERMANВрач набирает в шприц вакцину от коронавируса
Врач набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Өткен тәулікте Қазақстанда 951 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. 82 адамда пневмония анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте төрт қазақстандық коронавирустан және бір адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

12 ақпандағы жағдай бойынша 24 847 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр. Стационарда 5 372 науқас жатыр. Ал 19 475 науқас үйде ем қабылдауда.

Коронавирус пен пневмония жұқтырғандар арасында 255 адамның жағдайы ауыр, 53 науқас өте ауыр жағдайда, 44 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

1 тамыздан бері ковидтік пневмонияға шалдыққандар бөлек есептеле бастады. 48 522 адам жұқтырды, 592 науқас қайтыс болды, 38 523 қазақстандық жазылып шықты.

Жаңалықтар
0