Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаева

Назарбаеваның 80 жылдық мерейтойы: тұңғыш президент жары туралы не білеміз

4998
(Жаңартылды 11:13 12.02.2021)
Сара Назарбаева (Қонақаева) мен Нұрсұлтан Назарбаев 1962 жылы 25 тамызда "Комсомолец" шағын кафесінде жақын достарының, әріптестерінің, туыстарының ортасында қарапайым үйлену тойын жасаған

АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентінің жары Сара Назарбаева 80 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

1962 жылы 25 тамызда Тәуелсіз Қазақстанның болашақ тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шықты.

Сара Назарбаева – 1992 жылдың ақпанынан бастап "Бөбек" халықаралық балалар қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті.

1994 жылдың шілдесінен "SOS – Қазақстанның балалар ауылы" қорының президенті, 1999 жылдың наурызынан "Демография" қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы.

Назарбаева пандемия кезінде балаларға қалай көмектесті

"SOS – Қазақстанның балалар ауылы" жобасы – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің отбасылық моделі. Қазір мұндай ауылдар еліміздің төрт өңірінде жұмыс істейді.

"Сара Алпысқызы "SOS – Қазақстанның балалар ауылын" үнемі қолдап отырады, сыйлықтар жібереді, балалармен сөйлеседі. Карантин кезінде Сара Алпысқызы балалардың қажеттілігіне бірінші болып үн қосты", – деп атап өтті "SOS – Қазақстанның балалар ауылы" корпоративтік қорының директоры Гүлжан Асанова Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы әлемдік экономика және саясат институты конференциясында.

Сара Назарбаеваның қолдауының арқасында балалар ауылында дәрі-дәрмектер, дезинфекция құралдары жеткілікті болды, деп атап өтті ол. Отбасылы үйлерге қосымша ноутбуктер, монитор және қашықтан оқуға қажет басқа да жабдықтар орнатылды.

Назарбаева және "Өзін-өзі тану"

2001 жылы Қазақстан мектептерінде Сара Назарбаева әзірлеген "өзін-өзі тану" пәні енгізілді, ал 2010 жылдан бері бұл пән 1-11 сынып оқушылары арасында оқытылатын болды.

"Өзін-өзі тану" бағдарламасының мақсаты – "жаһандану дәуірінде бақытты өмір сүру, қоршаған ортаны қорғау және сақтай білу, өмір салты басқаша адамдарды түсіне білу, түрлі мәдениет пен өмір тәжірибелерін құрметтеу, балалар мен жасөспірімдерді, жастарды жалпыадамзаттық рухани құндылықтарға тарту", деп көрсетілген жоба сайтында.

Сонымен қатар тұңғыш президенттің жары бұл пәнді тек мектептерде ғана емес, университеттерде де енгізуді ұсынды.

"Өз бойыңдағы адамды сезін. Неден бақытты, неден бақытсыз екеніңді ұқ. Содан кейін балаңды дұрыс тәрбиелейсің. Әсіресе, мұғалім болсаңыз қажет. Жалпыадамзаттық құндылықтар пән ретінде барлық сабақтарда болуы керек. Барлық емтиханда, оқуға түсу сынақтарында бірінші тұруы қажет", - деді Назарбаева.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаева

Сара Назарбаева (Қонақаева) мен Нұрсұлтан Назарбаев 1962 жылы үйленді. Тұңғыш президенттің болашақ жары Назарбаев домна пештің көрікшісі болған Қарметзауытта диспетчер болып жұмыс істеді.

Ерлі-зайыптылар 25 тамызда "Комсомолец" шағын дәмханасында жақын достарының, әріптестерінің, туыстарының ортасында қарапайым, бірақ көңілді үйлену тойын жасады.

Сара мен Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы бар: Дариға, Динара және Әлия.

Сара Назарбаеваның марапаттары

Қайырымдылық саласындағы еңбегі үшін Сара Назарбаева Халықаралық ұйымдардың көптеген марапатына ие болды.

Оның арасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ихсан Дограмачи атындағы халықаралық сыйлығы, Unity халықаралық сыйлығы, "Курманджан Датка" сыйлығы бар.

Марапаттары қатарында Шыңғыс Айтматов атындағы "өзін-өзі тану философиясына қосқан ұлы үлесі үшін" алтын медалі бар.

Сара Назарбаева Софи Лореннің қолынан Ресейдің Қызыл Кресті құрған "Алтын жүрек" халықаралық сыйлығын алды.

2010 жылы Сара Назарбаева "Алтын сақина" – SOS Kinderdorf International халықаралық қорының марапатына ие болды.

2019 жылы Сара Назарбаеваға І дәрежелі "Барыс" ордені табыс етілді. "Барыс" мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызмет саласындағы ерекше еңбегі үшін беріледі.

4998
Кілт сөздер:
мерейтой, Сара Назарбаева
Тақырып бойынша
"Бір топ адам әкімдікті басып алмақ болды": Назарбаевтың сұқбатынан үзінді жарияланды
Сара Назарбаева қазақстандықтарға үндеу жасады
Ұстауға және қамауға болмайды: Назарбаев пен отбасы қандай кепілдікке ие?
Оны ұстап тұра алмадық – Назарбаев Айсұлтанның тәуелділіктен арыла алмағанына өкінді
"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты
Қазақстан зергерлер лигасы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев

Қазақстандық шеберлер Еуразия зергерлік бюросының ашылуын күтіп жүр

17
Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол  ашады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстандық зергерлер аз уақыт ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында Еуразия зергерлік бюросы ашылады деп үміттеніп отыр. Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы жөнінде Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг кезінде "Қазақстан зергерлер лигасы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев мәлімдеді.

"АХҚО алаңында Еуразия зергерлік бюросының ашылуы біздің зергерлердің экспортқа шығуына ықпал етуі керек. Оның үстіне Ресей Федерациясы зергерлік бұйымдарды сүйемелдеу үшін басқа елдердегі өз сауда өкілдіктерін ұсынуға дайын", - деді Жұмағалиев.

АХҚО жанынан бюро ашу туралы мәселеге бизнес те қолдау көрсеткен. Нәтижесінде зергерлер өз бетінше шеше алмайтын мәселелердің шешімі табылады. Сондай-ақ, Ереван мен Мәскеу де өз аумағында Еуразия зергерлік бюросын ашу құқығы үшін таласқан болатын.

"Астана" АХҚО – бұл посткеңестік кеңістіктегі бірегей қаржы орталығы. Мұнда ағылшын құқығы, арбитраж бар. Мұның барлығы шетелдік инвесторлар үшін қызықты болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, мұнда салықтық жеңілдіктер жасалып, инвестицияларды тартудың жеңілдетілген тәртібі құрылады және тағы басқа шаралар қабылданады", - деді ол.

Қазіргі жағдайда қазақстандық зергерлерге өндірісті дамыту және нарыққа шығу оңай соқпай жатыр.

"Мысалы, Еуропаға шығу үшін және өз зергерлік бұйымдарыңды таныстыру үшін миллиондаған доллар қажет. Бұл әрбір зергер көтере алатын шығын емес. Біздің жақында құрылатын ұйымымыз (Еуразия зергерлік бюросы) нарыққа талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Біз бірінші қатардағы көрмелерге қатыса аламыз. Бүгінгі күні қазақстандық зергерлер негізінен көпшілікке аса танымал емес екінші және үшінші деңгейдегі көрмелерге қатысып жүр. Сонымен қатар, нарыққа үнемі қатысу қажет. Көрмеге келіп, бір-екі апта тұрып, одан соң кетіп қалу жарамайды. Сені ұмытып кетеді", - деді Лига басшысы.

Ол қазақстандық зергерлердің экспорттық әлеуеті жоғары екенін мәлімдеді. Бұған халықаралық көрмелерде қазақстандық зергерлік бұйымдарға деген жоғары қызығушылық дәлел бола алады.

"Әлі есімде, 2017 жылы Еревандағы халықаралық көрмеге қатыстық. Ол шараға қатысқан француз зергерлер біздің күмістен жасалған бұйымдарымызды түгелдей сатып алды. Француздар мұндай бұйымдарда шебердің саусақ іздері, оның еңбегі көрініп тұрады, қолдан жасалған бұйымның жаны бар деп санайтындарын айтқан", - деді Жұмағалиев.

Жұмағалиев атап өткендей, еуразиялық зергерлік брендті енгізу қосымша ауқымды инвестицияларды қажет етпейді. Себебі  Қазақстанда да сапаға қатысты дәл осындай мемлекеттік стандарттар қолданыста бар.

17
Монета

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады қысқаша нұсқаулық

54
Зейнетақы жинағын басқаруға рұқсат етілген басқарушы компаниялардың тізімі қаржы реттеуші сайтында ай сайын жарияланып отырады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің порталы – Fingramota.kz зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болатыны туралы ақпарат жариялады.

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға берудің алты қадамы

1. Ең алдымен салымшы БЖЗҚ-дағы өзінің жеке зейнетақы шотында басқарушы компанияға беруге қолжетімді зейнетақы жинағының сомасын тексеруі керек. Бұл сома үкімет бекіткен жеткіліктілік шегінен жоғары болуға тиіс. Жеткіліктілік шегі туралы мына жерден білуге болады.

Сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда зейнетақы жинағы жеке оның зейнетақы шотындағы қалдығы шегінде берілуі мүмкін.

2. Одан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) сайтынан зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген жеке басқарушы компаниялардың тізімін зерделеу қажет. Айта кету керек, зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген басқарушы компаниялардың тізімі ай сайын жарияланады.

3. Салымшы инвестициялық декларациясы талаптарға және тәуекелдерге сәйкес келетін басқарушы компанияны өз бетінше таңдауға тиіс.

БЖЗҚ-ның сайтынан зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан жеке басқарушы компаниялар және олардың инвестициялық декларациялары туралы ақпаратпен танысуға болады.

4. Зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке басқарушы компанияға беру туралы өтініш ұсыну үшін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы кіру немесе қор бөлімшелерінің біріне бару керек.

5. БЖЗҚ өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың шынайылығын және салымшыда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинағы сомасының болуын тексереді.

Қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған болса, өтініш берген күннен кейін 5 күн ішінде салымшының өтінішін қанағаттандырмау туралы хабарлама келуі мүмкін.

6. Ал егер барлығы заң талаптарына сәйкес болса, онда БЖЗҚ өтініш түскен күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өтініште көрсетілген зейнетақы жинағының сомасын салымшы таңдаған басқарушы компанияға аударады.

54
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы
Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру: қалай табыс алуға болады
БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге өсті
Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегін қалдырмауға болады – не істеу керек
"100 мың теңге жоғалтасыз": зейнетақы қоры ескерту жасады