Қоғам

Вакцина салдырмағандар ұжымдық иммунитетке сенім арта ала ма?

© Sputnik / Абзал КалиевСеруендеп жүрген адамдар
Серуендеп жүрген адамдар - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Иммунологтың айтуынша, коронавируспен ауырмаған және екпе салдырмағандар үшін қандай да бір ерекше шектеулер болмайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Коронавируспен ауырмаған және вакцина салуға қарсы адамдардың ұжымдық иммунитетке үміт артуының мәні бар ма? Осы жөнінде аллерголог-иммунолог дәрігер Владимир Болибок Sputnik радиосына берген сұқбатында айтты.

Коронавирусқа қарсы екпе салдырғандар саны әлем бойынша артып келеді. Алайда, коронавирусты инфекцияны жұқтырмаған және белгілі бір себепке байланысты екпе салдырғысы келмейтін адамдар бар. Ұжымдық иммунитет вирустан қорғай ала ма?

"Ұжымдық иммунитет бір адамға ғана әсер етпейді. Егер адамның вирусқа қарсы иммунитеті болмаса және ол науқас адаммен байланысқан болса, әрине ауруды жұқтыру қаупі бар. Ол иммунитеттің деңгейіне қарай жеңіл түрде немесе ауыр түрде ауруы мүмкін", – деді Болибок.

Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру эпидемияға қарсы іс-шараларды жоспарлау үшін, яғни шектеулерді сақтау немесе алып тастау үшін маңызға ие. Ковидпен ауырмаған және оған қарсы иммунитеті қалыптаспаған адамдарға барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды жалғастыра беру керек.

"Қазір ауру жұқтыру деңгейі нөлге теңесіп тұрған жоқ. Бұл көрсеткіш айтарлықтай жоғары. Коронавирусты инфекцияның таралу жолдары толық жойыла қойған жоқ", – деп ескертті дәрігер.

Иммунологтың айтуынша, коронавируспен ауырмаған және екпе салдырмағандар үшін қандай да бір ерекше шектеулер болмайды.

Оқи отырыңыз: Баласына екпе салдырмаған ата-аналар жазаланады - заң жобасы әзірленіп жатыр

Сарапшы бұл топтағы адамдар үшін болашақта белгілі бір ведомстволарға немесе білім беру мекемелеріне жұмысқа орналасу кезінде қандай да бір талаптар болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0