Қасым-Жомарт Тоқаев

Осыдан бірер күн бұрын масқара жағдай болды Тоқаев

36247
(Жаңартылды 16:51 12.02.2021)
Түркістан облысында сотталған алқа төрағасы мен облыстық соттың судьясына қатысты жемқорлық деректері қоғамда үлкен шу туғызды

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықты сот жүйесіне деген сенімге селкеу түсіріп отырған негізгі факторлардың бірі деп санайды. Бұл туралы ол сот жүйесін жаңғырту мәселелері жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлады Ақорда.

Тек соңғы 5 жылдың ішінде сыбайлас жемқорлық фактісі үшін Фемиданың 17 өкілі жауапқа тартылды. Түркістан облысында сотталған алқа төрағасы мен облыстық соттың судьясына қатысты жемқорлық деректері қоғамда үлкен шу туғызды.

"Осыдан бірер күн бұрын масқара жағдай болды. Жоғары сот кеңесінің бұрынғы мүшесі, сондай-ақ, аудандық соттың төрағасы болған, 30 жылдық еңбек өтілі бар Жоғарғы соттың судьясы ұсталды. Бұл оқыс оқиға жұрттың бәріне белгілі. Аталған жағдай қоғамды теңселтіп кетті", - деді президент.

Тоқаев Жоғары сот кеңесінің және Жоғарғы соттың басшылықтары осы оқиғадан сабақ алып, қажетті шешім шығаруы керек екенін атап өтті.

"Осы кезең ішінде Сот қазылары алқасының шешімімен 29 судья теріс іс-әрекеттері үшін қызметтерінен босатылған. Жалпы судьялардың қатарын тазалау жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқаны байқалады. Бұл үдерісті мүлде тоқтатуға болмайды. Біз судьяларға деген қалыптасқан теріс көзқарасты өзгертуіміз керек. Фемиданың барлық қызметкері заңдылықтың, сатылмайтындықтың, кәсібиліктің үстем құруына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана біз құқықтық мемлекет және әділетті қоғам  құра аламыз", – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Жоғарғы соттың судьясы ұсталды 

Еске сала кетейік, кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Қазақстан Жоғарғы cотының ішкі қауіпсіздік қызметі Жоғарғы сот судьясын ұстағаны хабарланды. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ірі көлемде ақша алу барысында қолға түсті.

Күдіктінің Қазақстанның Жоғары сот кеңесінде жұмыс істеген кезде Түркістан облысы аудандық сотының судьясын бір соттан екінші сотқа ауыстыру бойынша көмек көрсеткені үшін ақша алғаны анықталды.

Сонымен қатар Түркістанда ақша берген аудандық соттың судьясы да ұсталды.  

36247
Кілт сөздер:
судья, жоғарғы сот, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Коронавируспен күреске бөлінген қаражатты жымқырған шенеуніктер ұсталды
Ірі көлемде пара алған әкім орынбасары қамауға алынды – видео
Қорғаныс саласында жемқорлық көбейді – әскери басшылар ұсталды
Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды
Биыл бірқатар шенеуніктің қылмысы әшкере болды – ұстау операциясының видеосы
Нұр-Сұлтан

Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді

1722
Қазақстан астанасы коронавирус бойынша "қызыл" аймақта 11 ақпаннан бері болған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың мартицасы жаңартылды.

28 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа кірді, бұған дейін қала "сары" аймақта еді.

"Сары" аймақтағы өңірлер – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта – Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалалары.

Матрицаға сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады

 

1722
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, коронавирус
коронавирус

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды

28
(Жаңартылды 11:14 28.02.2021)
Қазақстанда өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус табылды, 58 адам пневмонияға шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Өткен тәулікте 13 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

28 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 483 науқас стационарда, 15 797 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

249 науқастың жағдайы ауыр, 52 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус табылса, 58 адам пневмонияға шалдыққан. 

Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 2 756 адам, пневмониядан (тамыз айынан) 622 науқас қайтыс болды. 

 

28
Түркістандағы бес адам қайтыс болған үй

Ұйықтап үлгермеген: полиция Түркістандағы қайғылы жағдай қалай болғанын айтты

186
(Жаңартылды 13:15 28.02.2021)
Отбасы өз меншігіндегі үш бөлмелі баспанада уақытша тұрып жатқан, оның жанында үлкен үйдің құрылысы жүріп жатыр

АЛМАТЫ, 28 ақпан –  Sputnik. Түркістан қаласында иіс тиіп қайтыс болған бес адамның денесін отбасының таныстары тапқан. Әйел 27 ақпанда жұмысқа шықпаған соң әріптесі іздей бастайды. Полицияның хабарлауынша, қайғылы жағдай 26 ақпан кешкі сағат жетілер шамасында болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Аталған жайт туралы хабарлама 27 ақпан күні кешке 18:12-де түсті. 26 ақпан күні кешке дейін Болатова Гүлназ базарда жұмыс істеген. Оның базарда бірге істейтін әріптесі 27-сі күні жұмысқа шықпаған соң іздеп, түсте үйіне баласын жіберген. Баласы үйінде ешкім жоқ деп қайтып келген соң, жұмыстан кейін күйеуін жіберген. Себебі ол жұмысқа келмеген, өздерінің кездесетін жоспары болған екен. Күйеуі үйдің терезесінен іште жарық жанып тұрғанын және әйелдің жатқанын көріп хабарлаған", - деді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуәлиев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте.

Полицияның болжамына сәйкес, қайғылы жағдай әйел жұмыстан келген соң болды. Отбасы үш бөлмелі үйде тұрған.

"26 ақпанда ұйықтауға үлгермеген. Өйткені шешініп, төсекке де жатпаған. Кешкі уақытта пешті қосып, тамақтанып болған соң қайғылы жағдай болды деп болжап отырмыз. Әрқайсысы әр бөлмеде қимылдап жүріп, осы жағдайға тап болған. Байқамаған. Оқиға шамамен 26 ақпан кешкі сағат жеті-сегіз шамасында болды деп отырмыз. Оның дәл уақытын сараптама анықтайды", - деді Сейдуәлиев.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Жетпісбайдың айтуынша, отбасы өз меншігіндегі үйде тұрып жатқан. Уақытша үш бөлмелі баспанада тұрған, жанында үлкен үйдің құрылысы жүріп жатыр.

"Қаза болған азаматтардың денесі сот-медициналық сараптамадан өткізіліп, туыстарына табысталды. Жергеу орнына жеткізу үшін көліктер ұйымдастырылды. Қазір Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов жерлеу рәсіміне қатысып жатыр. Зардап шеккен отбасыға қаржылай көмек көрсетіледі", - деді Арман Жетпісбай.

Айтуынша, облыстағы мемлекеттік қызметкерлер отбасыға көмек ретінде бір күндік жалақысын беруге ниет білдіріп отыр.

"Бұл жерде ашық өрт шықпаған, мүлікке зиян келмеген. Бәрі орнында тұр. Сол себепті демеушілер арқылы 7 миллион теңге қаржылай көмек көрсетеміз деп отырмыз", - деді облыс әкімінің орынбасары.

Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға үй ішіндегі пеш себеп болған.

"Төтенше жағдай департаментіне 18:35-те жедел жәрдем бөлімінен хабарлама түсті. Түркістан қаласы Сұлтан Бейбарыс көшесінде орналасқан жеке үйден әйел мен төрт баланың денесі табылды. Жеке тұрғын үй табиғи газбен жабдықталған. Иран пешінің орнатылғаны анықталды. Алғашқы болжам бойынша иісті газбен уланып қайтыс болған", - деді облыстың төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов.

Айта кетейік, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбдуғани Сейдуәлиевтің айтуынша, ҚК 292-бабы 3-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша іс біріңғай тізілімге тіркелді.

"Қазір өлім себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама белгіленді. Пештің талапқа сай немесе сай еместігін анықтау үшін сот-техникалық сараптама жасалады. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Сейдуәлиев.

Түркістандағы қайғылы жағдай

27 ақпанда Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел мен төрт баланың мәйіті табылды. 40 жастағы әйел және 2004, 2006, 2013, 2016 жылы туған балалары иіс тиіп қайтыс болды. Үйде газбен жылытатын жабдық қойылған. Отағасы кәсіпкерлікпен айналысады, ол емделу үшін Шымкент қаласына кеткен.

186
Кілт сөздер:
полиция, Түркістан