Қоғам

Коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратпайды

© REUTERS / MAXIM SHEMETOVВрач набирает в шприц вакцину от коронавируса
Врач набирает в шприц вакцину от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2021
Жазылу
Дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцина бедеулікке ұшыратады деген қауесетті екпеге қарсы адамдар шығарып жүргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Қазақстандық дәрігерлер коронавирусқа қарсы вакцина адамның репродуктивті денсаулығына еш әсер етпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінгі таңда бірде бір белгілі вакцинаның мұндай әсері жоқ. Бұл екпеге қарсы адамдардың шығарып жүрген қауесеттердің бірі. Бұл шындыққа жанаспайды", - деді ДСМ халықты иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссиясының мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Жаннат Сатыбалдиева.

Оқи отырыңыз: Адамзатты коронавирустан кейінгі пандемия күтіп тұр – қазақ дәрігерінің мәлімдемесі 

Профессор, медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева да COVID-19-ға қарсы вакциналардың сапасы жоғары екенін атап өтті.

"Ресейлік "Спутник V", отандық QazCovid-in және басқа вакциналар репродуктивті функцияға әсер етпейді. Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның дайындалу технологиясы 80 жылдан астам уақыт қолданылады. Тұмау, полиомиелит, кене энцефалитіне қарсы вакциналар дәл осы технологиямен жасалған", - деді ол.

Бұған дейін профессор Ләззат Ералиева адамзатты постковидтік пандемия күтіп тұрғанын мәлімдеді. Айтуынша, дәрігерлерге коронавирус инфекциясының салдарларымен күресуге тура келеді.

Жаңалықтар
0