Қоғам

Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар туралы жаңа мәлімет шықты

© REUTERS / YARA NARDIКоронавирусқа қарсы вакцина
Коронавирусқа қарсы вакцина - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.02.2021
Жазылу
Індетке шалдыққан науқастардың дені Павлодар облысы, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркеліп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәулікте ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен адамдардың санын жариялады.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 920 қазақстандықта анықталды.

Пандемия басталғалы республикада коронавирус жұқтырғандар саны 200 964 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 23686 (+95),
  • Алматы қаласында – 23426 (+116),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 21053 (+45),
  • Атырау облысында – 16643 (+48),
  • Павлодар облысында – 16100 (+150),
  • Қарағанды облысында – 14639 (+60),
  • Ақмола облысында – 12504 (+75),
  • Батыс Қазақстан облысында – 12009 (+62),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 11754 (+59),
  • Қостанай облысында – 11287 (+77),
  • Алматы облысында – 10017 (+63),
  • Шымкент қаласында – 5991 (+7),
  • Жамбыл облысында - 5734(+15),
  • Түркістан облысында – 4205 (+4),
  • Маңғыстау облысында - 4145(+3),
  • Ақтөбе облысында – 4074 (+23),
  • Қызылорда облысында – 3697 (+18).
Жаңалықтар
0