Самолет экстренно сел в аэропорту Алматы

Алматыда ұшақ әуежайға қонар кезде оқыс оқиға болды

3634
(Жаңартылды 12:18 13.02.2021)
Нұр-Сұлтанда 12 ақпанда Qazaq Air ұшағы Шымкентке ұша алмай қалды. Әуе кемесінің шассиі жарылып кеткен. Тағы бір төтенше жағдай бүгін Алматы қаласында болды

НҰР-СҰЛТАН, 13 ақпан – Sputnik. Азаматтық авиация комитеті Qazaq Air ұшақтарымен болған авиациялық оқиға туралы ақпарат берді.

Нұр-Сұлтан, 12 ақпан

Жұма күні сағат 23.20-да Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде авиациялық оқиға болды. Ұшақтың алдыңғы шассиінің тысы жарылып, ол 700 метрдей жүріп өткен. Әуе кемесі ұшуды тоқтатып, ұшақ тұраққа жеткізілді.

Алматы, 13 ақпан

Сенбі күні сағат 8.12-те  Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында QAZ353 тұрақты рейсін орындаған басқа ұшақ  тексерілді. Әуе кемесін қарау кезінде шассидің оң жақ тіреуінің қос пневматигінің де зақымдалғаны анықталды. Ұшақ жолаушылары эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Самолет экстренно сел в аэропорту Алматы
© Sputnik / Стрингер
Ұшақ Алматыға шұғыл қонуға мәжбүр болды

Авиациялық оқиғалар бойынша тергеу жүргізіледі. Оны Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен жағдайларды тергеу басқармасы жүргізеді.

Бұған дейін елордадан Алматыға ұшып келген Qazaq Air ұшағының қону кезінде екі шассиінің шиналары жарылғаны хабарланды. Төтенше жағдайға қарамастан, ұшқыштар әуе кемесін сәтті қондырды. Жолаушылар аман.

3634
Кілт сөздер:
ұшақ, Алматы
Дене қызуын өлшеу, архивтегі сурет

Алматыда санитарлық патрульдер пайда болады

59
Санитарлық патрульдер сауда орындары мен автобустарда адамдардың ара қашықтық пен бетперде режимін сақтауын қадағалайды

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мегаполис аумағында эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз болуына байланысты жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  

Құжатқа сәйкес, кез келген ойын-сауық және бұқаралық шараларды, оның ішінде үйде өткізуге сол күйі тыйым салынған. Бұл жерде үйлену тойы, еске алу, көрмелер және адам көп жиналатын басқа да іс-шаралар туралы сөз болып отыр.

Сонымен қатар, қызметі әлі жанданбаған нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Олар: боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батут, түнгі клубтар, букмекер кеңселері, лото және ойын клубтары, жабық ғимараттағы ойын алаңдары мен аттракциондар, спорт нысандарында орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары.

"Сауда кәсіпорындары қауымдастығының ұсынысына сәйкес, ауданы 1000 ш. м. асатын сауда орындарына (COCO, CY, базарлар), қоғамдық тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға (автобус, троллейбус, метро) адамдардың әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауын тұрақты бақылау үшін санитарлық патрульдер құру ұсынылады", - делінген қаулыда.

Қаулы 9 наурызда күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

59
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Астана тұрғындары

Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды

954
Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді. Құжатта оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат берілетін бірқатар жайт айқындалған

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында рұқсат етіледі:

  • оқушылар саны 300-ге дейін контингенті бар, сыныптарда 15-тен көп емес бала санымен қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқытуға;
  • 2021 жылғы 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектептерде мектеп алды сыныптардың, 1 сыныптан 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін қоса алғанда, сыныптарда 25-ке дейін бала санымен оқушыларды аралас форматта оқытуға;
  • оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқытуға: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимдерін сақтау);
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беріледі.

Қаулы 2021 жылдың 9 наурызы сағат 00:00-де күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерден таныса аласыз.

954
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды
Жұрт коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырудан неге қорқады
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Бұрқасын, адамдар жолдан өтіп барады

Қазақстанның 12 өңірінде дабылды ескерту жарияланды ертеңге ауа райы болжамы

0
Елдің бірқатар облысында дабылды ескерту жариялауға тұман, бұрқасын және көктайғақ себеп болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым аумағында көктайғақ, жаңбыр және бұрқасын, сондай-ақ тұман болады.

Дабылды ескерту

Атырау облысында тұман түседі, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болжануда. Желдің күші секундына 20 метрге дейін барады.

Түркістан облысында қалың тұман түседі.

Ақтөбе облысында бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел болады.

Павлодар облысында кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ күтілуде.

Қарағанды облысында – тұман және көктайғақ.

Қызылорда облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.

Маңғыстау облысында да тұман және 15-20 м/с жел болжанып отыр.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ және бұрқасын болады.

Батыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, тұман басады, бұрқасын соғады, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында – қар, жаңбыр, тұман және көктайғақ.

Қостанай облысында бұрқасын, тұман және көктайғақ болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күн бұлтты, түнде ауа температурасы -2-4°C, күндіз 0+2°C. Желдің жылдамдығы – секундына 15-20 метр.

Алматыда күн бұлтты, сынап бағанасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C көрсетеді.

Шымкентте ауа райы жауын-шашынды. Желдің екпіні секундына 13 метрге дейін барады, ауа температурасы түнде +2+4°C, күндіз +7+9°C.

0
Кілт сөздер:
дабылды ескерту, Қазгидромет, ауа райы болжамы