Бетперде киген ер адам

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

113
Індетке шалдыққандардың дені Павлодар облысы мен Алматы қаласында тіркелді, жалпы елде вирус жұқтырғандар 202 мыңға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Өткен тәулікте республикада 837 адамда коронавирус анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді. 12 ақпанда 920 адамда ПТР тест оң нәтиже көрсеткен еді.

Сондай-ақ, бір тәулікте 1 024 адам індеттен жазылып шықты.

Жалпы пандемия басталғалы 201 801 қазақстандық коронавируспен ауырды.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласында -23739(+53),
  • Алматы қаласында - 23536(+110),
  • Шығыс Қазақстан облысында - 21114(+61),
  • Атырау облысында - 16673(+30),
  • Павлодар облысында - 16230(+130),
  • Қарағанды облысында - 14708(+69),
  • Ақмола облысында - 12573(+69),
  • Батыс Қазақстан облысында – 12086(+77),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 11803(+49),
  • Қостанай облысында - 11362(+75),
  • Алматы облысында - 10070(+53),
  • Шымкент қаласында -5996(+5),
  • Жамбыл облысында - 5748(+14),
  • Түркістан облысында - 4209(+4),
  • Маңғыстау облысында - 4155(+10),
  • Ақтөбе облысында -4085(+11),
  • Қызылорда облысында -3714(+17).
113
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2115)
Архивтегі фото

Сенатор үкіметтен ашаршылыққа қатысты құпия деректерді ашуды талап етті  

5
Ашаршылыққа қатысты көптеген құжат пен құнды материал архивтерде сақтаулы тұр. Ал оған зерттеушілер кіре алмайды, дейді Мұрат Бақтиярұлы

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы ашаршылыққа қатысты құпия құжаттарды ашуды талап етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында Мұрат Бақтиярұлы үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, ашаршылықтың ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей отыр. Деректер ала-құла, ал құрбандардың нақты санына қатысты ортақ пайым жоқ. Себебі көптеген құжат ашылмай отыр.

Оқи отырыңыз: Ашаршылықтан қырылмағанда, халқымыздың саны әлденеше есе көп болар еді – Тоқаев

"Ашаршылыққа қатысты көптеген құжат пен құнды материал ұлттық қауіпсіздік комитеті, бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің архивінде сақтаулы тұр. Ал оған зерттеушілер кіре алмайды. Бұл мәліметтер осы күнге дейін құпия болғандықтан, қолында нақты дерегі жоқ тарихшылар ашаршылық жылдары қайтыс болған, Қазақстаннан тыс жерге ауып кеткен, түрлі індеттер мен жұқпалы аурулардан көз жұмған адамдардың саны туралы кесімді нәрсе айтуға бара бермей, тек жуықтап әрі шамалап айтуға ғана мәжбүр", - деді Бақтиярұлы.

Депутаттың айтуынша, ашаршылық ақиқатын толыққанды ашып, оған объективті баға беру қажет. Ол үшін "Азаттық жолындағы ақтаңдақтар: ашаршылық зардаптарына шынайы тарихи көзқарас" атты дөңгелек үстелдің қатысушылары әзірлеген ұсыныстарды іске асыру қажет. Олар:

  • барлық архивке кіруге рұқсат беру;
  • архивтердің "құпия" деген белгілерін алып тастау;
  • шекаралас мемлекетердің архивтеріне кіруге мүмкіндік жасау;
  • ғылыми-зерттеу бағдарламасын әзірлеу;
  • ашаршылық қасіреті туралы кітаптар шығару, театрлық қойылымдар жасау, фильмдер түсіру.

Бұдан бөлек, ғалымдар жыл сайын 31 мамырда мемлекеттік деңгейде "Аза тұту минутын" өткізуді ұсынып отыр.

"Ашаршылық қасіретін ұрпақтар жадында мәңгі есте қалдыру мақсатында елордада "Аза сарайы", не болмаса, "Қазақ қасіретіне тағзым" мемориалдық кешенінің құрылысы қолға алынса, құба-құп. Онда интерактивті карта арқылы ашаршылық жылдары халқымыз өткен тозақтың жан шошырлық фрагменттері, халықтың аштыққа ұшыраудың нақты себептері, ашаршылықтың салдары, аштық апаты жойған тұтас ауылдар, әулеттер, адамдар жайындағы деректер көрсетілуі керек", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Депутаттың айтуынша, кешенге кірген адамдар қазақ халқына жасалған тарихи әділетсіздікті терең ұғынады. Тарихи санамызды да жаңғыртады.

5
Кілт сөздер:
үкімет, ашаршылық
Тақырып бойынша
Тоқаев ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды тапсырды
Тоқаев ашаршылық туралы: орыс халқының еш қатысы жоқ
Әшімбаев ашаршылық туралы: әлі ашылмаған ащы ақиқат аз емес
Елбасы көрші елдер жайлы: тағдырымыз солай
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарының барлығы ақталады
Алақандағы топырақ

Президент жерді сатуға қатысты қандай шешім қабылдағанын айтты

120
Мемлекет басшысы бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға және жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халқымыз үшін жер мәселесі қашанда аса маңызды екенін атап өткен мемлекет басшысы жер – мемлекеттігіміздің берік негізі әрі қасиетті символы екенін атап өтті.

"Қазақтың жері шетелдіктерге сатылмайды деп бірнеше рет айттым. Бұл мәселеге қатысты қауесеттерді тоқтату қажет. Сондықтан, мен мынадай нақты шешімдер қабылдадым. Біріншіден, шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жүзінде біржола тыйым салуды тапсырамын. Бұл шетелдіктердің үлесі бар заңды тұлғаларға да қатысты", – деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында.

Ол мұны президенттің заң шығару бастамасы арқылы жедел түрде жүзеге асыру қажет екенін айтты. Президент әкімшілігі дәл осы мәселеге байланысты тиісті заң жобасын әзірлеуі керек.

Сонымен қатар, Тоқаев бір ай ішінде Жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді тапсырды. Ол комиссия құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдері мен жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосу керек, деп санайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек, үкіметке биыл тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәміле арқылы түбегейлі байлам жасауды жүктеді.

Оқи отырыңыз: Мораторий аяқталады: Жанұзақ Әкім жер дауына нүкте қою үшін не істеу керектігін айтты

Президенттің айтуынша, комиссия жұмысының әрбір кезеңі мен онда ұсынылған шаралар туралы халықты үнемі хабардар етіп отыру қажет.

"Басты міндеттің бірі – комиссия жұмысы мен шешім қабылдауының мейлінше ашықтығын көрсету. Біз жерге қатысты қоғам тарапынан көтерілген барлық мәселені дұрыс және тиімді шеше аламыз деп сенемін. Бұл шешімдер, ең алдымен, ел экономикасын дамытуға және азаматтардың жұмыс сапасын арттыруға арналған. Ең бастысы, жер шетелдіктерге сатылмайтыны туралы түбегейлі шешім қабылданды", – деді Тоқаев.

120
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, жер
Тақырып бойынша
Мемлекет басшысы қарашаға дейін Жер кодексіне түзету енгізуді тапсырды
Парламент БАӘ-ге астанадан жер беру туралы келісімді ратификациялады
Қоңыров әрбір отбасыға жер телімін таратып беруді талап етті
Әкімдіктерге мектеп пен аурухана құрылысы үшін жер учаскелерін алу құқығы беріледі
Депутат жер аудару жазасын қайтаруды ұсынды