Қоғам

Тоқаевтың 42 жыл бұрын түсірілген суреті жарияланды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.02.2021
Жазылу
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 26 жасында сенбілік кезде түскен суретін жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 14 ақпан – Sputnik. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас кездегі суретін жариялады.

"1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын", - деп жазды Уәли Facebook-те.

Мемлекет басшысы ол кезде 26 жаста болған.

Желі қолданушылары "Керемет", "Сымбатты болған екен", "Тасмағамбетовке ұқсап қалыпты" деп фото астына пікір жазып жатыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда туды.  

Әкесі Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қазақ жазушысы болған. Анасы Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдер педагогикалық институтында жұмыс істеген.

Тоқаев бас-аяғы он жыл Қазақстанның сыртқы істер министрі болды (1994 – 1999, 2002 – 2007). Сыртқы саяси ведомствоның басшысы ретінде ядролық қаруды таратпау ісіне белсене атсалысты. Бұрынғы дипломаттар Тоқаевты "ел дипломаттарының жетекшісі, халықаралық дипломатияда салмағы бар тұлға" деп бағалайды.

Ұзақ жылдар парламент сенатының төрағасы қызметін атқарды.

Қазақ, орыс, ағылшын, қытай және француз тілдерін біледі.

Қазақстанды 2019 жылдың наурызынан бері басқарады.

Жаңалықтар
0