НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Күніне екі шыныаяқ кофеден артық ішуге болмайды, деді гастроэнтеролог дәрігер Нурия Дианова.
Маман мөлшерден көп ішу салдарынан тәуелділік пайда болуы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ, жүйке жүйесі біртіндеп жұқарады. Дианова кофені тек тамақтан соң ішуге кеңес берді, деп хабарлайды RT.
"Көптеген адам таңертең тұра сала кофе ішеді. Егер таңғы астан соң кофе ішсе, асқазан-ішек жолдарына күш түспейді. Ал тек кофе ішіп, тамақтанбаса, кейін салдары ауыр болады", - деді дәрігер.
Қыжыл болмауы үшін екінші шыныаяқ кофені де жүрек жалғап алған соң ішкен дұрыс. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, ұйықтаудан кем дегенде 6 сағат дұрыс ішу керек.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.
Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.
"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.
Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.
Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.
Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.
Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Алмаз (тегі белгісіз) украиналық тележүргізуші Иванна Онуфрийчукке үйленді. Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Шақырылған әртістер қатарында Дан Балан, Дима Монатик сынды әртістер болды. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава өткізді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Иванна Онуфрийчук "Без галстука" авторлық шоуын жүргізеді. "Страна.ua" басылымының ақпаратына сәйкес, бизнесмен Швейцарияда тұрады.
НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстан мен Қырғызстан басшылары мемлекеттік сапар барысында бірқатар екіжақты келісімдерге қол қояды.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров Нұр-Сұлтанға 2-3 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді.
"Шағын және кең құрамдағы келіссөздер барысында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен болашағы талқыланады деп көзделіп отыр. Сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болады", - деп хабарлады Тоқаевтың баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Орталық Азия, ЕАЭО мен өзге де құрылымдарда интеграциялық процестерді дамыту, сонымен қатар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ.
Айта кетсек, Қырғызстанның жаңа президентінің Қазақстанға сапары сайлаудан кейін бірден жоспарланған еді. Бірақ президентікке сайланғаннан кейін Садыр Жапаров алғашқы сапарын Ресейге жасады.