Смартфон

Сарапшы қандай жағдайда смартфоннан деректер ұрлану қаупі жоғары екенін айтты

950
(Жаңартылды 11:36 15.02.2021)
Қазіргі заманғы телефондар шағын компьютер болғандықтан, олардың жадында көптеген қосымша қатар жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Егер цифрлық гигиена ережелері сақталмаса, компьютердегідей телефонға да вирус немесе зиянды бағдарлама сияқты біз қаламаған "қонақтар" кіре алады. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне Роскачестваның цифрлық өнімдерді талдаушы-зерттеушісі Эльвина Насибулина айтып берді.

"Айталық, тиісті деңгейде қорғалмаса зиянды бағдарламалар арқылы компьютерге шабуыл жасаушылар жеке деректер мен төлем ақпараттарын ала алатыны белгілі. Сол сияқты, тыңдау мен суретке түсіру, дыбыс, бейне жазу және басқа да қосымшалардағы шпиондық бағдарламалар арқылы әрбір телефоннан деректер ұрлану қаупі бар екендігін қаперде ұстаған жөн", – дейді Насибулина.

Пайдаланушылардың өздері көп жағдайда жіті көңіл аудармай орнату арқылы камера мен микрофонға қолжетімділікті қамтамасыз етіп, файлдарды өзгертетін тыңшылық бағдарламаның кіруіне рұқсат береді.

Бұдан қорғанудың ең тиімді жолы, "қосымша орнатуға келісім бермес бұрын жақсылап ойлану", дейді сарапшы.

Оқи отырыңыз: Енді смартфон арқылы кредит алу мүмкін болады

Солай десек те, Насибулина мұндай қауіптің басым бөлігі Android пен IPhone-ның операциялық жүйесінде анағұрлым жақсы қорғалғанын айтады.

950
Кілт сөздер:
ұялы телефон, смартфон
Тақырып бойынша
Тұрғымбаев полиция кімдерді смартфон арқылы бақылайтынын айтты
Енді мұғалімдер смартфон арқылы оқушыға баға қояды
Министрлік мектепте смартфон қолдануға тыйым салынады деген қауесетке жауап берді
Құқық қорғау органдарының қызметшілеріне смартфон ұстауға рұқсат берілуі мүмкін
Смартфон баланың дамуын тежейді – не істеу керек
Казино, құмар ойындар

Президент жастардың құмар ойындарға тәуелділігіне алаңдады

7
Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс, деді Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Балаларды құмар ойындарға тартқан заңды тұлғалар лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы кезде жастар арасында құмар ойындарға тәуелділік белең алды. Бұл кеселден құмарпаздардың өздері ғана емес, олардың отбасы, туыстары мен жақындары зардап шегеді. Жасөспірімдер заманауи технологияларлың ықпалымен құмар ойындарына оңай шырмалатын болды. Букмекерлер мен казинолар интернетте толассыз жарнама жасап, жұртты еріксіз еліктіруде. Мемекет бұған шектеу қою үшін бірқатар маңызды шара қабылдады. Бірақ бұл шаралар, әрине, жеткіліксіз", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Оқи отырыңыз: ҰҚК қызметкерлері ойынханадағы 30-дан астам адамды ұстады – видео 

Президент жас ұрпақты құмар ойынның зиянды ықпалынан жан-жақты қорғау қажет екенін айтты. Мәселені шешу үшін жаңа тәсілдер қолдану қажет деп есептейді.  

"Балаларды және кәнігі құмарпаздарды ойынға тартқан немесе сондай жағдайға жол берген заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс. Қажет болса, оларды лицензиясынан айырамыз", - деді ол.

Айтуынша, қазір осындай заңсыз қызметі үшін жеке тұлғаларға 200 АЕК көлемінде ғана айыппұл салынады. Президент шетелдіктерді ел аумағында құмар ойындарды заңсыз жүргізіп, лотерея ұйымдастыру арқылы табыс табуына тыйым салуды тапсырды.

Тоқаев құмар ойындарына тосқауыл қою үшін заңнамалық шаралармен  шектеліп қалуға болмайтынын айтты.

Ол заңсыз ойын бизнесімен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту керек деп санайды. Бұл міндетті орындауға құзырлы органдар белсенді атсалысуы керек.

7
Кілт сөздер:
президент, құмар ойын
Тақырып бойынша
"Құмар ойын қанымда бар": үш жылда 20 миллионнан айырылған жігіттің оқиғасы
Қазақстандықтар құмар ойынға салынған туыстарын сотқа бере алады
"Тегін дүние жоқ": Бағлан Әбдірайымов ашық сұхбат берді
Сарапшылар "байлық салығы" Қазақстанға қандай пайда әкелетінін айтты
Алматы тұрғыны казинодан 31 миллион теңге табыс тауып, түрмеге түсті
Кілт, иллюстративті фото

Тоқаев баспананы арзандатудың жолын ұсынды

260
(Жаңартылды 13:27 25.02.2021)
Қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрылыс компанияларымен алдын ала сатып алу келісімін жасасуды ұсынды. Соның нәтижесінде тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатылады. Бұл туралы президент ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, былтыр тұрғын үй құрылысының қарқыны 11,2 пайызға өскен.  Бұл жақсы көрсеткіш, алайда өңірлердің ахуалы әркелкі. Мәселен, пайдалануға берілген дайын үйлердің 40%-і тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында. Оның үстіне бұл үйлердің көпшілігінің бағасы әлі де қымбат.

"Нарықтың өз ережесі бар. Нақты экономикалық факторларға байланысты құрылыс компаниялары қазір арзан үй салуға мүдделі емес. Сол себепті қолжетімді әрі сапалы үй салуды жандандыру үшін құрылыс компанияларымен оффтейк, яғни алдын ала сатып алу келісімін жасау керек. Соған сәйкес, тұрғын үйлер "Нұрлы жер" бағдарламасындағы бағамен сатып алынады", - деді Тоқаев кеңес отырысында.

Ол мұндай тәсіл сынақ жобалары аясында алдын ала пысықталғанын атап өтті. Енді мұны бүкіл ел бойынша жүзеге асыру қажет.

"Бұл қадам аз уақыт ішінде құны қолжетімді жаңа тұрғын үйлер салуға мүмкіндік береді", - деп санайды мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Тоқаев ауылдық жерлердегі тұрғын үй мәселесіне тоқталды.

Ол баспанаға ие болған жастар ауылда тұрақтап қалудан қашпайтынын айтты. Жалпы ауылдық жерде үй салу баспана мәселесін ғана шешпей, экономикалық белсендікті арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Депутат шенеуніктер былығы кесірінен кейбір отбасы үйсіз жүргенін айтты 

"Баспана мәселесі "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ғана шешілмейді. Бұл іске әлеуметтік жауапкершілігі бар жұмыс берушілерді жұмылдыру керек. Кәсіпкер өз жұмысшыларына арнап ауылда үй салса, мемлекет оған кеткен шығынның 50 пайызына дейін қайтаратын болады. Бұл қай жағынан алып қарасақ та, бәріне пайдалы", - деді Тоқаев.

Айтуынша, жұмыс дұрыс жолға қойылса, осы бастама ауылды дамытуға жан- жақты септігін тигізеді. Сондай-ақ, қажетті мамандарды, ең алдымен, мұғалімдер мен дәрігерлерді, мал дәрігерлерін ауылға тартуға мүмкіндік береді.

Президент үкіметке бұл тәсілді осы жылдың екінші жартысынан қалдырмай қолданысқа енгізуді тапсырды.

260
Кілт сөздер:
баспана, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Алматыда 8 мыңнан астам пәтер кімдерге беріледі
Қазақстанда процентсіз ипотека алуға болады: жалақы қанша болу керек
Қазақстандықтардың мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуына шектеу енгізілді
Баспана бағасы шарықтап кетті: депутаттар не дейді
Швед жазушысы Астрид Линдгреннің Ұзыншұлық Пиппи кітабының қазақ тілінде жарық көрді

Елордада Астрид Линдгреннің әйгілі кітабы алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді

0
Баспагерлер Пиппидің шытырман оқиғаларының қазақ тілінде жарық көруі оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан - Sputnik. Нұр-Сұлтанда швед жазушысы Астрид Линдгреннің "Ұзыншұлық Пиппи" кітабының қазақ тілінде жарық көрді.

Қазақстанда 2021 жыл балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жарияланды. Осыған орай, "Фолиант" баспасынан ағылшын тілінен аударылған "Ұзыншұлық Пиппи" кітабын шығарды.

Аудармашы Мира Сембайқызының айтуынша, шығарманы аударуға үш айға жуық уақыт қажет болған.

Презентация книги шведской писательницы Астрид Линдгрен Ұзыншұлық Пиппи (Пеппи Длинныйчулок) на казахском языке
© Sputnik / Абзал Калиев
Нұр-Сұлтанда швед жазушысы Астрид Линдгреннің "Ұзыншұлық Пиппи" кітабы қазақ тілінде жарық көрді.

Баспада басты кейіпкердің – Пиппи есімін қазақ тіліне дұрыс аудару мәселесі ұзақ уақыт бойы талқыланған. Соның нәтижесінде автор түпнұсқа емлесін ұстанып, соңғы шешімді қабылдаған.

"Мен шығармадағы әр кейіпкердің сөйлеу ерекшеліктерін мүмкіндігінше сақтауға тырыстым. Қазақ тіліндегі балаларға арналған шығармаларға тағы бір керемет кітап қосылғанына және соған өзімнің атсалысып жатқаным үшін өте қуаныштымын", – дейді Сембайқызы.

Сондай-ақ, баспагерлер де Пиппидің шытырман оқиғаларының қазақ тілінде жарық көруі оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырады деп санайды. 

Астрид Линдгрен әлемдегі ең көп аударылған жиырма автордың ішінде 18-орынға ие. 2005 жылы ЮНЕСКО әлемдегі ең көп аударылған кітаптардың тізімін жариялады. 1945 жылы шыққан сарышашты Пиппидің шытырман оқиғалары туралы кітап балалар әдебиеті туындылары арасында үздік бестікке енген.

Оқи отырыңыз: "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді

Линдгрен шығармасындағы кейіпкер соғыстан кейінгі жылдарда туылған швед балалары үшін бостандықтың символына айналды. Ол Пеппи бейнесін қолдана отырып, балаларды құрметтеуге және оларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға үндейді.

0
Кілт сөздер:
шығармашылық, кітап
Тақырып бойынша
"Халық біле бермейді": қазақ тілінде ұмыт болған қандай сөздер бар?
"Сондай керемет!": Америкалықтар Абайдың өлеңін қазақ тілінде оқыды – видео
Министрлік балаларды қазақ тілінде сөйлетудің жолын тапты
Абайдың еңбектері өзбек, Науаидің "Хамса" атты кітабы қазақ тілінде жарық көрді
"Мен қазақпын": Головкин қазақ тілінде өлең оқыды - видео
Димаш Құдайберген АҚШ-тың жаңа президентін қазақ тілінде құттықтады – видео