Қоғам

Адамдар жиі ішетін дәрінің салдары ауыр болатыны анықталды

© REUTERS / Yves HermanЛекарства, таблетки
Лекарства, таблетки  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2021
Жазылу
Кейбір жағдайда көру қабілетінің нашарлауы да байқалған. Адамда дәрінің құрамына аллергия да болуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Адамдар жиі ішетін ибупрофен дәрісінің қауіпті салдары болуы мүмкін. Бұл туралы Ұлыбритания ұлттық денсаулық сақтау қызметіне сілтеме жасап Express хабарлады.

Дәрі қабылдаған жүз адамның кем дегенде біреуінің басы айналып, құсқысы келіп, асқазаны мен басы ауырған.

Кейбір жағдайда асқазан-ішек жолынан қан кету, көру қабілетінің нашарлауы да байқалған. Препаратқа аллергия да болуы мүмкін.

Ибупрофен – қабынуға және ревматизмге қарсы препарат, пропион қышқылының туындысы. Дене қызуын төмендетіп, ауруды басады.

Бұған дейін ресейлік дәрігер Александр Мясников жарнамадағы дәрілерді барынша мұқият ішуге кеңес берген еді. Олардың денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп, деді ол.

Жаңалықтар
0