Ринат Зайытов

Жаңа қызметке тағайындалған Ринат Зайытов жалақысы қанша екенін айтты

8164
(Жаңартылды 12:55 15.02.2021)
Сегізінші ақпанда Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалған еді

АЛМАТЫ, 15 ақпан – Sputnik. Жақында лауазымды қызметке тағайындалған айтыскер ақын Ринат Зайытов сұқбат беріп, жаңа қызметіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ұжымды басқару – ұжыммен тіл табысу. Сосын жауапкершілікті мойныңа алу. Мен әу бастан жауапкершілік алудан қашқан жоқпын. Өзім айтқан сөзім үшін де, істеген ісім үшін де. Дәл сондай жауапкершілік мойныма ресми түрде жүктелді", – деп түсіндірді жаңа қызметін айтыскер ақын. 

Айтуынша, жаңа қызметіндегі айлығы шамамен 200 мың теңге. Ал өзі директор болған өнер ордасының жылдық бюджеті 17-18 миллион теңге.

"Ең бірінші еден жуушылармен сөйлестім. Олардың нақты айлығын білемін. Ең көбі – 56 мың теңге. Ол жерде жұмыс істейтін әнші-әртістің айлығы 100 мың теңгеден аспайды. Оның сыртында Алматы қаласының әкімдігінің тапсырмасы бар: "Ринат, ұлттық өнер ақсап барады. Мына жақты реттеу керек. Айғайлағанда адалмын дейсің ғой, істеп көр" деп ұсыныс айтты", – дейді айтыскер.

Сұқбат барысында әзірге "Үш жүздің тағдырынан үш қыздың тағдыры артық болып тұр" деген сынды сөз айтпайтынын жеткізді.

"Әзірге айтпаймын. Қызметтік этика деген бар. Ол автоматты түрде келетін компромисс. Қызметке барамын деп келісім беретін кезде олар маған "айтпайсың, үндемейсің" деген жоқ. Өзіме-өзім шектеу қоятынымды іштей білдім. Жалпыұлттық мәселелерде ойды ашық білдіруге ешкім тоқтау салған жоқ. Бірақ бұрынғыдай отырып алып, кешке дейін ұра бермеймін. Оған уақытым да жоқ, екіншіден, менің түсінігімде ұятсыздау болады", – деді Зайытов.

Ринат Зайытов "оққағарыңыз бар ма?" деген сұраққа таңданыспен жауап берді.

"Кім атайын деп жүр мені? Атқысы келген адам оққағарға қарамайды ғой", – деді Зайытов.

Әңгіме барысында Ринат Зайытов Димаш Құдайбергеннің Америкаға көшкелі жатқанына қатысты ойын айтты.

"Дәп сол балада енді шаруам жоқ. Қазақ екіге бөлінеді: мені жақтайтындар және оны жақтайтындар. Шаршадым ондайдан. Бос әңгіме… Қазақты ырылдастырудан шаршадым. Қазақтың басын қосқым келеді", – деді ол.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың баспасөз хатшысы Ринат Зайытовқа эстафета жолдады

Айта кетейік, 8 ақпанда Ринат Зайытов Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының директоры болып тағайындалды.

Ол 1983 жылы 17 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында дүниеге келген. Мұқан Төлебаев атындағы музыка колледжін "Драмалық театр актері" мамандығы бойынша тәмамдаған. Диплом алғаннан кейін Семейдегі мемлекеттік педагогикалық институтқа оқуға түседі. Осылайша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болады.

Айтысқа 17 жасынан бастап араласа бастаған. Семейдегі жастар театрында қызмет етті. Аймақтық, республикалық және халықаралық айтыстардың жеңімпазы.

8164
Кілт сөздер:
ақын, Ринат Зайытов
Тақырып бойынша
"Тегін дүние жоқ": Бағлан Әбдірайымов ашық сұхбат берді
Қыдырәлі Болмановпен сұхбат: Бізге дейін бірін-бірі сүйіп қосылған дуэт болған жоқ
"Үйге жолатпаңдар!". Ринат Зайытов неге қонаққа бара алмай жүргенін айтты
"Алып шыға алмайтынымды сездім": актер Рахман Омармен сұхбат
Ринат Зайытов туралы не білеміз?
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев ауыл мұғаліміне хат жазды

595
Тәжірибелі оқытушы зейнетке шыққаннан кейін Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарған, қор көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы құттықтау хатты 74 жастағы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Валентина Спиридоноваға жолдады.

Валентина Григорьевнаның педагогикалық қызметі 1963 жылдан басталады. Спиридонова 1995 және 2009 жылдар аралығында Кемел Тоқаев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарған.

"Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көктемнің сұлулық пен нәзіктік мерекесінде мейірімділігіңіз, түсіністігіңіз бен жемісті еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әр күн сізге және жақындарыңызға қамқорлық пен махаббат сыйласын. Зор денсаулық, жан тыныштығы мен бақыт тілеймін", - деп жазды Тоқаев өз құттықтауында.

Президенттің құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады. Өңір басшысы да блім саласының ардагерін 8 наурызбен құттықтады.

Валентина Спиридонова и Амандык Баталов
© Photo : Акимат Алматинской области
Валентина Спиридонова мен Амандық Баталов

"Мен ауыл мұғалімімін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысбастылығына қарамастан мені және біздің мектепті ұмытпайтыны қатты қуантады. Оған үлкен алғысымды айтамын. Қазақстанымыз әрқашан гүлдене берсін",  - деді Валентина Спиридонова.

Ардагер педагог "Алтын барыс", "Ыбырай Алтынсарин", "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгілерімен, сондай-ақ "Шапағат" медалімен марапатталған.

Зейнетке шыққаннан кейін 2009 жылы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарды. Қор көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына елуден астам грант ұсынған.

595
Кілт сөздер:
Халықаралық әйелдер мерекесі, мұғалім, Қасым-Жомарт Тоқаев
Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру

Қазақстан ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін 2 млн теңге төлейді

40
Сенбі күні ел аумағына 307 азамат анықтамасыз келді, қазір олар коронавирусқа тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. 6 наурызда Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Қазақстан аумағына 2 561 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 2 254 адамның теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасы бар. 307 азамат анықтамасыз келген. Олар COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет жарияланды

Бұған дейін 3 наурыздан бір ПТР-тестке мемлекеттік зертханалар жеті мың теңге (17 долларға жуық) жұмсайтыны хабарланған еді. Бұл бағаға қонақ үй мен тамақтандыру төлемі кірмейді.

307 жолаушы үшін билік 2 149 000 теңге төлейді.

5 наурызда шет елдерден 316 қазақстандық анықтамасыз ұшып келді. Барлығында ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті.

40
Кілт сөздер:
анықтама, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы