Шаш қию

Шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады жаңа тәсіл пайда болды

1268
(Жаңартылды 10:12 16.02.2021)
Бұл жаңалық шашы түсіп жатқан адамдарға көмек болады деп болжанып отыр. Мұндай проблемаға егде жастағылар ғана емес, жастар да тап болуда

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан — Sputnik. Жапондық ғалымдар шашы түсіп жатқандар үшін жаңа шешім ойлап тапты.

Riken зерттеу институтының мамандары тышқанға сынақ жасады. Олар мұрты мен жүнінің дін жасушаларының шаш фолликулын алды, деп хабарлайды EurekAlert порталы.

Коллагенді ортаға бейімдесе, қысқа уақыт ішінде шаш тез өсетіні анықталды.

"Өсімнің" нақты формуласын түсіну үшін ғалымдар 220 комбинация жасап көрді.

Бұл жаңалық шашы түсіп жатқан адамдарға көмек болады деп болжанып отыр. 

​Таиланд ғалымдары да осы мәселені зерттеп жатыр. Олар шаш түсуінің алдын алатын өсімдік тапты. Ол теңіз авиценниясы деп аталады. Құрамында авицехинон-С химиялық заты бар. Ол шаштың түсуіне әсер ететін гормон жұмысын тоқтатады.

 

 

1268
Кілт сөздер:
шаш
Тақырып бойынша
Абай өлеңін оқып тұрып, шаш қиған Алматы тұрғыны танымал болып шыға келді
Ислам дінінде ақ шаштың түсуі ненің белгісі?
Дәрігер шашы түсіп жатқандар үшін жағымсыз жаңалық хабарлады
Нағыз қазақтардың көзі көк, шашы сары болғаны рас па: аңыз vs шындық?
Ақтауда 7 жасар баланың асқазанынан бір уыс шаш шықты
Жандарбек Бекшин

Жандарбек Бекшин Ashyq мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

165
Бекшин Ashyq қосымшаның жұмысымен танысқанда, кей нысандар ғимаратқа кіреберісте әртүрлі QR код енгізілгенін байқаған

АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Ashyq мобильді қосымшасының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сондай-ақ, брифинг барысында Жандарбек Бекшин санитар дәрігерлер тұрғындармен бірге Ashyq мобильді қосымшасының кемшіліктерін анықтау қажет екенін айтты.

"26 ақпаннан бастап республиканың бас санитар дәрігерінің Ashyq мобильді қосымшасын енгізу туралы қаулысы қолданысқа енді. Алматыда қосымша пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Біздің міндетіміз – халықпен бірге осы қосымшаның кемшілігін анықтау. Келешекте қосымша жақсара түседі", – деді Бекшин.

Айтуынша, Ashyq қосымшасын пайдалану бизнес қауымдастық өкілдері үшін бірқатар маңызды артықшылықты ұсынады. Мысалы, Алматы қаласы "қызыл" аймақта болса, осы мобильді қосымшаны пайдаланатын объектілер "сары" аймақ режиміне сәйкес жұмыс істейді. Егер қала "сары" аймаққа ауысса, онда кәсіпкерлік нысандары "жасыл" аймақтың кестесі бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ, бұл қосымша кәсіпкерлердің жұмысына көмектеседі.

"Пандемияның басталғанына бір аптадан кейін бір жыл болады. Әрбір адам денсаулығына мән береді. Біз де көмектескіміз келеді. Мәселен, ауру немесе науқаспен жақын байланыста болғандар үйде отырмайды. Оны вирус тасымалдаушы деп атауға болады. Біздің ең басты мақсатымыз – адамдарды оқшаулау. Сондықтан өзімізді, нысан қызметкерлерінің денсаулығын қорғауымыз керек", – деп түсіндірді қаланың бас санитар дәрігері Ashyq мобильді қосымшасының жұмысын.

Айтуынша, коронавирус табылып, бір аптада оқшаулауға алынған 100-ден аса адамның көрсетілген мекенжайда болмағаны анықталды.

"Санитар дәрігерлер вирустың таралуын болдырмауға тырысады, бірақ бір аптаның ішінде 32 адамның көрсетілген мекенжайлар бойынша тұрмайтыны, 70 адамның тұрғылықты жері бойынша үйінде болмағаны, үйде оқшаулау режимін бұзғаны анықталды", – деді Бекшин.

Айта кетейік, қазір бұл қосымшаны 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізіп жатыр. Олардың ішінде 10 кафе мен мейрамхана иесі, 15 фитнес орталығы, СПА және бассейн иелері бар. Тағы 4 боулинг орталығы бұл қатарға қосылады.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин Ashyq қосымшасын пайдаланатын нысандарды аралап, қосымшаның жұмысымен танысқанын айтты.  Оның сөзінше, кей нысандарда ғимаратқа кіреберісте әртүрлі QR код енгізілген.

"Бұл өте ыңғайсыз. Мен барлық кіріске бірдей код енгізуді ұсындым", – деді ол.

Ashyq мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?

Белгілі бір нысанға келуші Ashyq мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизация жібереді. ЖСН енгізу және өзінің нысанға келгенін тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет. Сондай-ақ шығу кезінде шығуды бекіту үшін QR кодын сканерлейді.

Егер келушіде смартфон болмаған жағдайда немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған болса, жауапты тұлға, мекеме қызметкер келушінің ЖСН енгізу арқылы кіруін тіркей алады. Мұндай жағдайда келуші өз келісімін береді.

Оқи отырыңыз: Енді кейбір мекемелерге бұрынғыдай емін-еркін кіре алмайсыз: не істеу керек?

QR-кодты сканерлегеннен кейін мобильді қосымшада келушінің статусы түрлі-түсті форматта жанады. Ол бойынша адамның коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны немесе жұқтырғаны көрінеді:

  • жасыл статус – бұл келуші деректер базасында Сovid-19 теріс нәтижесі көрсеткен адам ретінде көрсетілген;
  • көк статус – ПТР нәтижелері жоқ, байланыста болған адам ретінде саналмайды;
  • сары статус – науқаспен байланыста болған адам;
  • қызыл статус – базада Covid-19 анықталған деп тіркелген.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq мобильді қосымшасы арқылы адамдарды қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөліп, кейбір мекемелерге QR-кодпен ғана кіретінін айтқан.

Мобильді қосымша QR-код арқылы денсаулық сақтау министрлігінің базасынан тиісті мәліметті алу арқылы келген адамның статусын, яғни коронавирус инфекциясынан шалдыққан ба, жоқ па, соны анықтайды.

165
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қол қойып жатқан сәт, иллюстративті фото

Таразда облыс әкімдігінің қызметкері сотталды

58
Аса маңызды істер бойынша тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, жыл басынан бері 120 адам сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Тараз қаласында облыстық әкімдік қызметкері үш жарым жылға сотталды. Ол нақты жұмыстар атқарылмаса да, тиісті құжаттарға қол қойған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сәйкес, Тараз қаласының №2 соты Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Шыршынбаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Ол "Жамбыл облысының Мойынқұм және Қордай ауданындағы уран кен орындарының қалпына келтірілген нысандарында қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату" нысаны бойынша орындалмаған жұмыстар үшін қабылдау актілеріне қол қойған.

"Осы ісімен ол лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктеліп, мұндай әрекетімен мемлекетке 50 822 236 теңге залал келтірген", – деді аса маңызды істер бойынша тергеуші Данияр Биғайдаров.

Бұдан бөлек, Талдықорған қалалық сотының үкімімен "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" ММ басшысы Телеубаев 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ол 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 400 мың теңгенің парасын алды.

Оқи отырыңыз: "Ондай жағдай болған жоқ": Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Жалпы биыл екі айдың ішінде 120 адам сотталды. Олардың ішінде пара алған, пара берген, алаяқтық пен ұрлық жасаған, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған адамдар бар. Бас бостандығынан айыруға – 41, бас бостандығын шектеуге – 10, еселік айыппұлдарға – 63 адам, қалғандары шартты мерзімге не кейінге қалдырумен сотталды.

58
Кілт сөздер:
жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында педофил өмір бойына сотталды
Танысын зорлады: Алматыда бұрынғы прокурор мен банк менеджері сотталды
Қазақстандық 1 000 теңге үшін сегіз жылға сотталды
Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Тәжік азаматының арызынан кейін Сарыағаш тұрғыны төрт жарым жылға сотталды
Шымкент қаласы

Шымкенттің бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

4
(Жаңартылды 19:09 05.03.2021)
Бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың 8 наурызы сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 29 наурызы сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген құжатта. 

Айта кетейік, бұған дейін қаланың бас санитары ас беру шараларын өткізуге рұқсат берген. Бірақ ғимаратты 30 проценттен артық толтыруға және 50 адамнан көп жиналуға тыйым салынады. Басқа шараларды, соның ішінде еске алу, туған күн, мерейтой, құдалық, беташар және тойды өткізуге болмайды.

Ашық алаңда және ғимаратта орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарын 50 процентке дейін толтыруға рұқсат беріліп отыр. Алайда жалпы адамдар саны 50-ден аспауы тиіс. Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары да жұмыс істейді. Адам санына қарай шектеу бар.

Жанар-жағармай станциялары мен ондағы дүкендер, автоэкспресс, автожуу, көліктер, сағаттар, телефондар, компьютерлер мен аяқкиім жөндеу, тігін ательесі, кір жуу, химиялық тазалау, кілттерді жасау, қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері мен туристік базалар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Бұдан бөлек, спорттық шаралар өткізуге рұқсат беріліп отыр. Бірақ көрермен саны ғимарат сыйымдылығының 20 процентінен аспауы қажет. Ал кеңсе қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшірілуі шарт.

Ресми мәліметке сәйкес, осы уақытқа дейін республика бойынша коронавируспен 216 467 адам тіркелген. Соңғы бір тәуліктің ішінде ПТР-тест арқылы тағы 857 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Шымкент қаласында тіркелген 27 науқас бар.

 

4
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Полиция Шымкентте жұртты шошытқан жағдайға байланысты түсініктеме берді
Шымкентте куәгерлер "қыз алып қашқандарды" видеоға түсіріп алды
Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды
Вакцинаның әсері: Цой эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Шымкентте із-түзсіз жоғалып кеткен оқушы қыз табылды