Коронавирус, вакцина

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болды

41
(Жаңартылды 10:11 16.02.2021)
Сонымен қатар өткен тәулікте 686 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам пневмонияға шалдықты

АЛМАТЫ, 16 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 8 адам қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, коронавирустан 6 адам, пневмониядан 2 адам қайтыс болды.

16 ақпандағы мәлімет бойынша, 22 733 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 090 пациент стационарда, 17 643 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 255 адамның жағдайы ауыр, 47 науқас аса ауыр жағдайда жатыр. 38 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар өткен тәулікте 686 адам коронавирус жұқтырды, 6 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 203 259 адамнан коронавирис табылды, 2 652 адам қайтыс болды.

2020 жылдың бірінші тамызынан бері 48 700 адам пневмонияға шалдықты, 602 адам көз жұмды.

41
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2117)
Тақырып бойынша
Бұрынғы денсаулық министрі Досқалиев COVID-ке қарсы вакцина туралы не дейді
Адам коронавируспен ауырса, вакцина салдырмауға бола ма – министр жауабы
Қазақстан сын-қатерлерге дайын ба - министр "Б" жоспары туралы айтты
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Өткен тәулікте 686 адам коронавирус жұқтырды
Монета

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады қысқаша нұсқаулық

26
Зейнетақы жинағын басқаруға рұқсат етілген басқарушы компаниялардың тізімі қаржы реттеуші сайтында ай сайын жарияланып отырады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің порталы – Fingramota.kz зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болатыны туралы ақпарат жариялады.

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға берудің алты қадамы

1. Ең алдымен салымшы БЖЗҚ-дағы өзінің жеке зейнетақы шотында басқарушы компанияға беруге қолжетімді зейнетақы жинағының сомасын тексеруі керек. Бұл сома үкімет бекіткен жеткіліктілік шегінен жоғары болуға тиіс. Жеткіліктілік шегі туралы мына жерден білуге болады.

Сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда зейнетақы жинағы жеке оның зейнетақы шотындағы қалдығы шегінде берілуі мүмкін.

2. Одан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) сайтынан зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген жеке басқарушы компаниялардың тізімін зерделеу қажет. Айта кету керек, зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген басқарушы компаниялардың тізімі ай сайын жарияланады.

3. Салымшы инвестициялық декларациясы талаптарға және тәуекелдерге сәйкес келетін басқарушы компанияны өз бетінше таңдауға тиіс.

БЖЗҚ-ның сайтынан зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан жеке басқарушы компаниялар және олардың инвестициялық декларациялары туралы ақпаратпен танысуға болады.

4. Зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке басқарушы компанияға беру туралы өтініш ұсыну үшін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы кіру немесе қор бөлімшелерінің біріне бару керек.

5. БЖЗҚ өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың шынайылығын және салымшыда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинағы сомасының болуын тексереді.

Қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған болса, өтініш берген күннен кейін 5 күн ішінде салымшының өтінішін қанағаттандырмау туралы хабарлама келуі мүмкін.

6. Ал егер барлығы заң талаптарына сәйкес болса, онда БЖЗҚ өтініш түскен күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өтініште көрсетілген зейнетақы жинағының сомасын салымшы таңдаған басқарушы компанияға аударады.

26
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы
Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру: қалай табыс алуға болады
БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге өсті
Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегін қалдырмауға болады – не істеу керек
"100 мың теңге жоғалтасыз": зейнетақы қоры ескерту жасады
Алматыдағы митинг

Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады 

2043
(Жаңартылды 19:26 26.02.2021)
Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнаманы сақтап, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатыспауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар елді заңсыз митингілер мен шерулерге шығуға шақырып жүр. Осыған байланысты Қазақстан бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев халыққа үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қадағалаушы органның ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Бас прокуратура митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 2020 жылы 25 мамырда қабылданған "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" жаңа заңмен реттелетінін еске салады. Нақты айтқанда, жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған", - дейді Дембаев.

Заң талабына сәйкес, митингіні өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей, жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде берілуі шарт. Онда бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі. Жергілікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Үш күннің ішінде жауап болмаса, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы. Ал демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі.

Оқи отырыңыз: Митинг өткізгісі келетіндер жаңа заңға бағынуға міндетті – Тоқаев 

"Ол үшін ұйымдастырушы оның өткізілетін күніне дейін 10 жұмыс күн бұрын өтініш беруге, ал жергілікті атқарушы орган ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті. Ұйымдастырушы өтініште қатысушылардың жүру бағытын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді. Жергілікті атқарушы орган ұйымдастырушыға демонстрация немесе шеру өткізу келісілгені не оны өткізуден бас тартқаны туралы хабарлайды", - деп атап өтті бас прокурордың орынбасары.

Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде арнайы жерлерде және қалалық, аудандық мәслихаттар белгілеген бағдар бойынша ұйымдастырылып, өткізілуі керек. Ал заңсыз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және оған қатысу әкімшілік құқық бұзушылық болып есептеледі. Ол үшін 25 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылған.

"Егер бұл әрекеттер азаматтардың, ұйымдардың, қоғамның немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірумен қатар жүретін болса, Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды, ол айыппұл не 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді", - дейді бас прокурордың орынбасары.

Осы орайда Дембаев коронавирус пандемиясына байланысты адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге әлі де тыйым салынғанын еске салды. Осы шектеуді сақтамағаны үшін әкімшілік жаза бар. Ал ондай әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай ауру жұқтыруына себеп болса, 2 мың АЕК мөлшеріндегі айыппұлдан бастап 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған.

Бас прокуратура азаматтарды қолданыстағы заңнаманы сақтап, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатыспауға шақырды. Себебі құқық қорғау органдары белгіленген тәртіп бойынша қоғамдық қауіпсіздікке қайшы кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ, оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.

 

2043
Кілт сөздер:
Бас прокуратура, митинг
Тақырып бойынша
ІІМ сайлау күні болған митингілерге қатысты түсініктеме берді
Димаш Құдайберген АҚШ-тағы тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы митинг жайлы: ешкім қудаланбайды
Алматыда полиция заңсыз митингіге шыққандарды ұстап әкетті – видео
Мұғалім

Солтүстік Қазақстан облысында он мектеп карантинге жабылды 

0
Жыл басынан бері өңірде 600 оқушыдан коронавирус анықталған.  Сондай-ақ 109 педагог ауырған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус салдарынан он мектеп карантинге жабылды, деп хабарлады облыстың бас мемлекеттік санитар дәрігері Әсет Жұматаев брифингте.

Жыл басынан бері өңірде оқушылар арасында коронавирус жұқтырған 600 жағдай тіркелген. Оның ішінде, 341 бала штатты режимде сабақ оқыса, коронавирус жұқтырған 259 оқушы қашықтан оқыған. Ал мұғалімдер арасында 109 педагогтен коронавирус анықталған. Оның ішінде 73 мұғалім штаттық режимде жұмыс істеген, деп нақтылады санитар дәрігер.

"Қазір он мектеп карантинге жабылған: Қызылжар ауданында - Соколовская, Сивковская және Кустовская орта мектептері, Мағжан Жұмабаев ауданында - Қарақоға және Полтава орта мектептері, қазақ тілінде оқытатын Еңбекші мектебі, Пролетарская бастауыш мектебі, Уәлиханов ауданында – Бидайық орта мектебі, Мүсірепов ауданында - Салқынкөл орта мектебі, Тайынша ауданында - Ильичевск орта мектебі", - деді Жұматаев.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов ата-аналардың өтінішіне құлақ асып, келесі аптадан бастап балабақшалардағы кезекші сыныптардағы орындар санын арттыруға уәде етті.

Карантин жеңілдетілді: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды 

"Балабақшаларда қосымша орындар ашу жөнінде маған ата-аналардан көп өтініш келіп түседі. Пандемияға баланысты балабақша жұмысын шектеуге мәжбүр болдық. Сондықтан кезекші сыныптар тек жартылай жұмыс істеп тұр. Қазір аймақтағы жағдай біршама тұрақтанды. Біз "жасыл" аймаққа өттік. Бұл карантин шектеулерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сондықтан келесі аптадан бастап кезекші сыныптардағы орындар санын арттырамыз", - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желіде.

Құмар Ақсақалов осындай қиын кезеңде түсіністік танытып, шыдамдылық білдірген ата-аналарға алғыс айтты.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды
Батыс Қазақстан облысында карантин жеңілдетілді
Қазақстанда 1 наурыздан бастап карантин жеңілдетіледі
Облыстардың бірінде карантин жеңілдетіледі