Айқын Төлепберген, қазақстандық әнші

"Шаш ал десе, бас алады": Айқын Төлепберген кімдерді сынға алды

1853
(Жаңартылды 11:46 16.02.2021)
Осыдан шамамен бір жыл бұрын "Harry Potter" романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Ол "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" аталады

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Әнші Айқын Төлепберген "Гарри Поттер" кітабын қазақшалаған аудармашыларды сынады. 

"Осы аудармашыларды түсінбеймін. "Шаш ал десе, бас алатын". Гарриді-Хәрри қылып, Гермионаны-Хәрмиона, Джонды-Джөн қылып не керек? Онда Ингләнд, Скотләнд, Айриш, Стэйт, Фғансе, Джунго(Қытай), Холланд, Бғазил, Португэл деп бүкіл атауды өзгертіп тастайық", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Төлепберген сіңіп кеткен сөздерді өзгертудің қажеті жоқ деп ойлайтынын айтқан.

"Аэропорт, витамин сынды аударуға келмейтін сөздерді әуежәй мен дәрумен деудің не қажеті бар?!", - деп толықтырды ойын. 

View this post on Instagram

A post shared by Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Алайда әнші оқырмандарының дені мұндай пікірмен келісіп отырған жоқ. Көбісі кітап тамаша аударылған пікірде.

"Құрылыстың дұрыс, дұрыс еместігін құрылысшыдан сұрайық, аурудың қандай екенін білу үшін дәрігерден сұрайық. Мағына мен байлыққа толған қазақ тіліне тәп-тәуір аударылған дүниеге сын тағып отырғаныңызға жол болсын!", - деп жазды оқырмандар.

Еске сала кетсек, осыдан шамамен бір жыл бұрын "Гарри Поттер" романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді. Ол "Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" аталады. Британдық жазушы Жоан Роулиң ойлап тапқан сиқыршы бала Хәрри Поттер және оның әлемі туралы еңбектерді қазақ тілінде шығару құқығы "Steppe & WORLD Publishing" баспасына тиесілі. 

Кітап туралы алғаш ақпарат беріп, мұқабасын әлеуметтік желілерде жариялағалы "Неге "Гарри" емес, "Хәрри"?,  "Неге "Роулинг" емес, "Роулиң"? деген сұрақ көбіп, сынға да ұшыраған болатын.

"Әрине, "Гарри" мен "Роулингке" үйреніп кеткен көпшіліктің біздің нұсқаны қабылдай алмай жатқанын түсінеміз. Алайда біз тікелей ағылшын тілінен аудардық. Ағылшын тілінде "Harry" |ˈhæri| болып транскрипцияланады. Ал "ә" дыбысы ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де бар. Сол секілді жазушының тегі "Rowling" |ˈrō-liŋ| деп оқылады, яғни "ң" дыбысымен аяқталып тұр. Бұл да қазақ тілінде бар. Сондықтан біздің нұсқада "Гарри" емес, "Хәрри", "Роулинг" емес, "Роулиң" болды", – деген еді Назгүл Қожабек.

"Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" кітабын Динара Мәзен, Саят Мұхамедияр және Нәркез Берікқазы аударған. Жобаның жауапты редакторы – Назгүл Қожабек.

Роман 80 тілде жарық көрген. 20 жыл ішінде қазақ тіліне алғаш рет аударылып отыр.

1853
Кілт сөздер:
Айқын Төлепберген
Тақырып бойынша
"Сөзім жоқ!": Төреғали сахнаға шыққан балаларды теуіп жіберді - видео
"Хәрри Поттер мен пәлсапа тас" романы тұңғыш рет қазақ тілінде жарық көрді
Әнші Айқын Төлепберген қазақстандықтарға үндеу жасады – видео
"Көңіліміз қалды": Қарақат Әбілдина жазба жариялады
Айқын анасын ренжітіп алғанын айтып көзіне жас алды
Әлеуметтік желілер

Бас прокуратура желіде тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

1402
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Бас прокуратураның қаулысы таратылып жатыр. Бұл ақпарат жоққа шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Желіде Қазақстанның бас прокурорының жалған қаулысы таратылып жатыр.

Хабарламада Ресейде есепке қойылған көлік иелеріне Қазақстан аумағында бас сенімхатсыз жүруге тыйым салынатыны жазылған. Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

"Желіде Бас прокурор бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулыға қол қойғаны жазылып жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіндері ресми сайтта жарияланған", – делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында.

Жалған хабарға мұқият қарағанда, орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжат ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ іс жүзінде сайтта мұндай ақпарат жоқ.

Фейкті жасаған адам негізге алып отырған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ. Олардың саны 25 қана.

Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қате көп екені байқалады.

Бас прокуратура арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге ғана сенуді сұрады.

 

1402
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар бас прокуратураның алдына жиналды
"Малсың деген": Желіде тараған видеодағы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты
Прокуратураның бұрынғы қызметкері өз әйелін пышақтап өлтірді
Үсті-басын қар басқан қостанайлық полицейдің фотосы желіде қызу талқыланып жатыр
Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады 
Қалыңдық, архивтегі сурет

Қазақ бизнесмен мен украиналық тележүргізушінің тойы қалай өтті видео

3841
Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті. Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстандық бизнесмен Алмаз (тегі белгісіз) украиналық тележүргізуші  Иванна Онуфрийчукке үйленді. Қалыңдық бірге түскен суретпен Instagram парақшасында бөлісті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Үйлену тойы Мальдивтегі Воава жеке аралында өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Шақырылған әртістер қатарында Дан Балан, Дима Монатик сынды әртістер болды. Тойды шоумен Александр Белов пен тележүргізуші Екатерина Варнава өткізді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Іванна Онуфрійчук (@ivannaonufriichuk)

Иванна Онуфрийчук "Без галстука" авторлық шоуын жүргізеді. "Страна.ua" басылымының ақпаратына сәйкес,  бизнесмен Швейцарияда тұрады.

3841
Тақырып бойынша
Тойда күйеуін қызғанған әйелдің әрекеті жұрттың ішек-сілесін қатырды – видео  
Тойда қалыңдығының әзілін көтере алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді – видео
Қалыңдық үйлену тойын жасау үшін күтпеген қулыққа барды
Тойда ерсі қылық жасаған танымал әнші концерт қою құқығынан айырылды – видео
Қарағандыда тойда түсірілген видео желіде тарап кетті

Дизайнер ең кішкентай иттерге қысқы киім тоқиды видео

0
Модельер Татьяна Гущина "қалта" иттері қыста тоңып қалмауы үшін оларға бас киім, жемпір, тіпті байпақ тоқиды

Сібір тұрғыны Татьяна Гущина ең кішкентай иттерді аязда далаға шығару үшін оларға жылы киімдер тоқып береді. Серуенге осындай сәнді киім киіп шыққан иттерді көргендер тамсанып қарайды. Толығырақ видеодан көре аласыздар.

0