НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Зерттеушілер COVID-19-дың түсін анықтады, деп хабарлайды Le Parisien.
"Коронавирустың нағыз түсі - қара және ақ", - деп түсіндірді Әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің профессоры Андрэ Гютер.
Оның айтуынша, COVID-19-ды түрлі-түсті деп айтқан дұрыс емес. Өйткені SARS-CoV-2 молекулаларының өлшемі жарық толқыны ұзындығынан аз. Пішіні шарға ұқсас.
"Қызыл, сары, қызғылт түстер бөліктерді анығырақ көрсету үшін қолданылады. 3D өлшемдердің де мақсаты осы", - деді Гютер.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде 108,5 миллион адам коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Джонс Хопкинс университеті мәліметіне сәйкес, бұл көрсеткіш 109 миллионнан асқан. 2,4 миллиона адам көз жұмды.
АҚШ, Үндістан, Бразилия және Ұлыбританияда індетке шалдыққандар саны ең көп.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру шараларын өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіповтің айтуынша, көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 18 бен 27 жастағы 13,5 мыңнан астам адам әскерге жіберіледі деген жоспар бар. Пандемияға байланысты сақтық шараларына баса назар аудырылады.
Сонымен қатар, халықпен тікелей қарым-қатынасты азайту әрі көктемгі әскерге шақыру барысынан хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарға SMS-хабарламалар тарату жоспарланып отыр. Хабарламалар "1414" арқылы жіберіледі.
Департамент бастығының айтуынша, әскерге шақырылғандар ПТР-тесттен өтіп, коронавирусқа қарсы вакцина да салынады.
"Әскерге шақырылатындарға ПТР-тест екі рет жасалады. Біріншісі – әскери жиын пунктінде, ал екіншісі – әскери бөлімдерде жүргізіледі. Ал оларға вакцина егу жеке құраммен бірге қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады", – деді Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда департамент басшысы әскери міндеттіліктен жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазаның бар екенін еске салды.
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін ақша үшін көмек көрсетуге уәде беретін адамдар арқылы шешуге әрекет етпеңіздер. Олар – алаяқтар. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды онсыз да беруге болатынын біле тұра, халықтың хабарсыз екенін пайдаланып, ақша алуға тырысатындар жоқ емес. Ондай жағдайда сыбайлас жемқорлық жағдайлары бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге немесе сенім телефонына хабарласу қажет", – деп атап көрсетті Жүсіпов.
Бүгінде заң бойынша әскерге шақыруды бірнеше жағдайда кейінге қалдыруға болады. Олар:
Бұдан бөлек, педагог мамандарға да әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мүмкіндік беріліп отыр.
Оқи отырыңыз: "Біз емес, коронавирус кінәлі": Қазақстанда әскерге шақыру қалай жүріп жатыр
Айта кетейік, 8 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, сондай-ақ, 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің психолог мамандары педофилдерге тән белгілердің біршама ұқсастығын айқындауға тырысты, деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысындағы түрмелерде балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен екі жүзге жуық азамат жазасын өтеп жатыр.
Педофилдің белгілерін анықтау үшін психологтар сотталғандармен сұқбаттасып, олардың өмірбаянымен танысты және түрлі зерттеу жүргізді.
Сонымен, педофилия үшін сотталғандардың негізгі белгілері:
Сонымен қатар мынандай заңдылықты анықтау мүмкін болды: кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көп жағдайда сәуір және мамыр айында, өте сирек жағдайда ақпан айында жасалады.
Оқи отырыңыз: "Кастрация жасалғанда қатты қиналдым": педофил журналистермен сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Павлодарда орталық көшелердің бірінде ер адамның 13 жастағы қызды не үшін тепкілеп тастағаны белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, ер адамның жасөспірімді қуып барып, құлатып, ұрып, теуіп жатқаны сол маңдағы дүкеннің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Алайда ешкім оған араша болмаған. Оқушы қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын телефон арқылы айтып берді, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
"Ол менің қызымды басқа қызбен шатастырып алыпты. Дүкенде 3 қыз тұрған. Қыздардың біреуі онымен сөзге келіп қалып, ер адамға "мал" деп айтқан. Ер адам бұл сөзді менің қызым айтты деп ойлап қалып, оған тап беріпті. Осы сәтте ол дүкеннен қашып шыққан. Кейін қылмысын жасыру үшін жаңағы жігіттің әйелі менің қызыма 2 мың теңге беріпті. Күні бойы күттік. Тіпті, кешірім де сұраған жоқ. Енді тиісті жазасын алуын сұраймын", - дейді зардап шегушінің анасы.
Аты-жөнін атамауды сұраған қыздың анасы баласының түрлі дене жарақатын алғанын айтады. Қолы мен аяғы көгеріп, арқасы ауырып қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні дереу тапты. Алайда ол кінәсін мойындаудан бас тартқан.
Оқи отырыңыз: Павлодарда жасөспірім қызды қуып жетіп, бір тепкен ер адам тергеуге алынды – видео
Полиция оның қылмысы дәлелденсе, 2 жылға бас бостандығынан айырылуы немесе 2 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін екенін хабарлады.
Әзірге аталған факті бойынша арнайы сараптама жасалып, тексеруге жөнелтілген.