Көпбалалы отбасы

"Ақша төлеп тіркелуге мәжбүр": депутат көпбалалы отбасылар проблемасын көтерді

90
(Жаңартылды 13:49 17.02.2021)
Кейбір көмек пен жәрдемақыларды алу үшін азаматтардан тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы құжат талап етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова әлеуметтік қамқорлыққа мұқтаж адамдар мемлекеттен көмек алу кезінде қандай қиындықтарға тап болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, "Әлеуметтік-еңбек саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарына" сәйкес, кейбір көмек пен жәрдемақыларды алу үшін азаматтардан тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы құжат талап етіледі. Мысалы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін бір жерде тіркеуде 6 ай тұру керек.

"Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар, негізінен, жағдайы төмен отбасы мүшелері екені белгілі. Үйі жоқ болғандықтан, таныстарына, туыстарына, тіпті бөтен адамдарға жүгініп, ай сайын ақша төлеп тіркелуге мәжбүр болады. Ал, түрлі себептермен тіркеуден шығып, басқа мекенжайға тіркелгеннен кейін, әлеуметтік көмектен тағы 6 айға қағылады,", - деді Әбсеметова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында.

Депутаттың пікірінше, онсыз да қиналып жүрген көпбалалы аналарға қосымша ауыртпалық түсіреді.

Сондай-ақ, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу үшін де тұрғылықты жері бойынша тіркеуде тұру қажет. Уақытша тіркеу жарамайды.

"Егер мұқтаж жандардың жеке меншігінде үйі болмаса, тұрғылықты тұратын жері жоқ болса, сонда бұл азаматтар әлеуметтік көмекті қалай алады?", - деді мәжілісмен.

Осыған байланысты ол әлеуметтік көмекті қолжетімді әрі тиімді ету мақсатында баспанасы жоқ көпбалалы аналар мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларды, мүгедектерді халыққа қызмет көрсету орталығында тұрақты және уақытша тіркеуге тұрғызу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Жетімдерге берілген баспананы сатуға шектеу қою

Бұдан бөлек, Әлия Әбсеметова жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту мәселесін қозғады.

Республикалық деректер банкінің мәліметтеріне сәйкес, қазір Қазақстанда 23 410 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. 30 жылдың ішінде осы санаттағы азаматтарға тек 5 723 үй берілген.

"Қазіргі күні оларға баспана мемлекет тарапынан кезекке сәйкес тұрғылықты мекенжайы бойынша, яғни, тек өзі тұратын елді мекеннен беріледі. Ал бір ауданда көбірек үй беріліп жатса, екіншісінде тіпті мүлдем берілмеуі мүмкін. Өйткені, облыстар арасында және бір облыстың ішіндегі аудандар арасында республикалық бюджет қаржысы есебінен тұрғын үй салу мен беру қарқыны әртүрлі", - деді депутат.

Сол себепті депутаттар жетім балаларға облыстың кез келген ауданынан немесе басқа облыстан тұрғын үй таңдау мүмкіндігін беруді қарастыру қажет деп есептейді.

Сондай-ақ, жетім жасөспірімдерге берілген баспана алаяқтық жолмен қолды болып кетпесі үшін, тұрғын үйді оларға берілген сәттен бастап 5 жылға дейін сатуға шектеу қою ұсынылды.

90
Кілт сөздер:
көпбалалы отбасы, ақша
Тақырып бойынша
Шолпанның көз жасы: алты баласы бар 29 жастағы келіншек халықтан көмек сұрады
Өскеменде көпбалалы ана полицияға өтініш жазып, балаларын алып кетуді сұрады
Атырауда көпбалалы ана дәретханада босанып, сәбиді қоқыс жәшігіне тастап кетті
25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді
"Ақша төлеп тіркелуге мәжбүр": депутат көпбалалы отбасылар проблемасын көтерді
Жандарбек Бекшин

Жандарбек Бекшин Ashyq мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді

22
Бекшин Ashyq қосымшаның жұмысымен танысқанда, кей нысандар ғимаратқа кіреберісте әртүрлі QR код енгізілгенін байқаған

АЛМАТЫ, 5 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Ashyq мобильді қосымшасының қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сондай-ақ, брифинг барысында Жандарбек Бекшин санитар дәрігерлер тұрғындармен бірге Ashyq мобильді қосымшасының кемшіліктерін анықтау қажет екенін айтты.

"26 ақпаннан бастап республиканың бас санитар дәрігерінің Ashyq мобильді қосымшасын енгізу туралы қаулысы қолданысқа енді. Алматыда қосымша пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр. Біздің міндетіміз – халықпен бірге осы қосымшаның кемшілігін анықтау. Келешекте қосымша жақсара түседі", – деді Бекшин.

Айтуынша, Ashyq қосымшасын пайдалану бизнес қауымдастық өкілдері үшін бірқатар маңызды артықшылықты ұсынады. Мысалы, Алматы қаласы "қызыл" аймақта болса, осы мобильді қосымшаны пайдаланатын объектілер "сары" аймақ режиміне сәйкес жұмыс істейді. Егер қала "сары" аймаққа ауысса, онда кәсіпкерлік нысандары "жасыл" аймақтың кестесі бойынша жұмыс істейді.

Сондай-ақ, бұл қосымша кәсіпкерлердің жұмысына көмектеседі.

"Пандемияның басталғанына бір аптадан кейін бір жыл болады. Әрбір адам денсаулығына мән береді. Біз де көмектескіміз келеді. Мәселен, ауру немесе науқаспен жақын байланыста болғандар үйде отырмайды. Оны вирус тасымалдаушы деп атауға болады. Біздің ең басты мақсатымыз – адамдарды оқшаулау. Сондықтан өзімізді, нысан қызметкерлерінің денсаулығын қорғауымыз керек", – деп түсіндірді қаланың бас санитар дәрігері Ashyq мобильді қосымшасының жұмысын.

Айтуынша, коронавирус табылып, бір аптада оқшаулауға алынған 100-ден аса адамның көрсетілген мекенжайда болмағаны анықталды.

"Санитар дәрігерлер вирустың таралуын болдырмауға тырысады, бірақ бір аптаның ішінде 32 адамның көрсетілген мекенжайлар бойынша тұрмайтыны, 70 адамның тұрғылықты жері бойынша үйінде болмағаны, үйде оқшаулау режимін бұзғаны анықталды", – деді Бекшин.

Айта кетейік, қазір бұл қосымшаны 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізіп жатыр. Олардың ішінде 10 кафе мен мейрамхана иесі, 15 фитнес орталығы, СПА және бассейн иелері бар. Тағы 4 боулинг орталығы бұл қатарға қосылады.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин Ashyq қосымшасын пайдаланатын нысандарды аралап, қосымшаның жұмысымен танысқанын айтты.  Оның сөзінше, кей нысандарда ғимаратқа кіреберісте әртүрлі QR код енгізілген.

"Бұл өте ыңғайсыз. Мен барлық кіріске бірдей код енгізуді ұсындым", – деді ол.

Ashyq мобильді қосымшасы қалай жұмыс істейді?

Белгілі бір нысанға келуші Ashyq мобильді қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизация жібереді. ЖСН енгізу және өзінің нысанға келгенін тіркеу үшін мекеменің QR-кодын сканерлеуі қажет. Сондай-ақ шығу кезінде шығуды бекіту үшін QR кодын сканерлейді.

Егер келушіде смартфон болмаған жағдайда немесе осы мобильді қосымшаны жүктеу кезінде қиындықтар туындаған болса, жауапты тұлға, мекеме қызметкер келушінің ЖСН енгізу арқылы кіруін тіркей алады. Мұндай жағдайда келуші өз келісімін береді.

Оқи отырыңыз: Енді кейбір мекемелерге бұрынғыдай емін-еркін кіре алмайсыз: не істеу керек?

QR-кодты сканерлегеннен кейін мобильді қосымшада келушінің статусы түрлі-түсті форматта жанады. Ол бойынша адамның коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғаны немесе жұқтырғаны көрінеді:

  • жасыл статус – бұл келуші деректер базасында Сovid-19 теріс нәтижесі көрсеткен адам ретінде көрсетілген;
  • көк статус – ПТР нәтижелері жоқ, байланыста болған адам ретінде саналмайды;
  • сары статус – науқаспен байланыста болған адам;
  • қызыл статус – базада Covid-19 анықталған деп тіркелген.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Ashyq мобильді қосымшасы арқылы адамдарды қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөліп, кейбір мекемелерге QR-кодпен ғана кіретінін айтқан.

Мобильді қосымша QR-код арқылы денсаулық сақтау министрлігінің базасынан тиісті мәліметті алу арқылы келген адамның статусын, яғни коронавирус инфекциясынан шалдыққан ба, жоқ па, соны анықтайды.

22
Кілт сөздер:
Жандарбек Бекшин, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қол қойып жатқан сәт, иллюстративті фото

Таразда облыс әкімдігінің қызметкері сотталды

56
Аса маңызды істер бойынша тергеуші Данияр Биғайдаровтың айтуынша, жыл басынан бері 120 адам сотталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз – Sputnik. Тараз қаласында облыстық әкімдік қызметкері үш жарым жылға сотталды. Ол нақты жұмыстар атқарылмаса да, тиісті құжаттарға қол қойған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сәйкес, Тараз қаласының №2 соты Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Шыршынбаевты 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.

Ол "Жамбыл облысының Мойынқұм және Қордай ауданындағы уран кен орындарының қалпына келтірілген нысандарында қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату" нысаны бойынша орындалмаған жұмыстар үшін қабылдау актілеріне қол қойған.

"Осы ісімен ол лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп күдіктеліп, мұндай әрекетімен мемлекетке 50 822 236 теңге залал келтірген", – деді аса маңызды істер бойынша тергеуші Данияр Биғайдаров.

Бұдан бөлек, Талдықорған қалалық сотының үкімімен "Талдықорған қаласының құрылыс бөлімі" ММ басшысы Телеубаев 4 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ол 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін 400 мың теңгенің парасын алды.

Оқи отырыңыз: "Ондай жағдай болған жоқ": Шымкентте мектеп директоры 8 жылға сотталды

Жалпы биыл екі айдың ішінде 120 адам сотталды. Олардың ішінде пара алған, пара берген, алаяқтық пен ұрлық жасаған, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған адамдар бар. Бас бостандығынан айыруға – 41, бас бостандығын шектеуге – 10, еселік айыппұлдарға – 63 адам, қалғандары шартты мерзімге не кейінге қалдырумен сотталды.

56
Кілт сөздер:
жемқорлық, пара
Тақырып бойынша
Маңғыстау облысында педофил өмір бойына сотталды
Танысын зорлады: Алматыда бұрынғы прокурор мен банк менеджері сотталды
Қазақстандық 1 000 теңге үшін сегіз жылға сотталды
Атырауда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды
Тәжік азаматының арызынан кейін Сарыағаш тұрғыны төрт жарым жылға сотталды
Нұр-Сұлтан қаласы

Қазақстанда 6 наурызда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 6 – 9 наурызда өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

6 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Маугли" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

17.20 – Халықаралық әйелдер күніне орай "Астана Балет" театрының гала-концерті. Театрдың көркемдік басшылығы мен жетекші солистерінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне сұқбаты ұйымдастырылады.

18.00 – "Светлые думы" пьесасы (Горький театры, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).

18.00 – Қазақстан балеті жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт ("Астана Балет" театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

18.00 – "Лебединое озеро" балеті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "ЕНТ тапсырмаймын!" спектаклі ("QAZAQSTAN" орталық концерт залы, Мәңгілік Ел к-сі, 10/1).

Алматы

10.00 - Tоталь театрының 5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған көлеңкелі шеберлік сыныбы. Мастер-классты өткізушілер: Антон Зайцев пен Анар Жанбекова. ("Трансформ" кеңістігі, Байзақов көшесі 280).

10.30 – "Красная шапочка" пьесасы (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

11.00 – "Щелкунчик" спектаклі (Республикалық неміс драма театры, Папанин көшесі, 70/1).

14.00 – "Қасқыр мен жеті лақ" спектаклі (Алматы қаласы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

15.00 – "Енелер мен келіндер" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

17.20 – Халықаралық әйелдер күніне орай "Астана Балет" театрының гала-концерті. Театрдың көркемдік басшылығы мен жетекші солистерінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне сұқбаты ұйымдастырылады.

18.00 – "Органная музыка" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқова көшесі, 35).

18.30 – "Үйлену" пьесасы (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

19.00 – "Лихорадка субботнего вечера" спектаклі (АRТиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Игроки" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

7 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 – "Маугли" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

17.20 – Халықаралық әйелдер күніне орай "Астана Балет" театрының гала-концерті. Театрдың көркемдік басшылығы мен жетекші солистерінің қатысуымен БАҚ өкілдеріне сұқбаты ұйымдастырылады.

18.00 – "Лебединое озеро" балеті. 65 жастан асқан адамдарға жас шектеуі бар. ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).

Алматы

10.00 - Tоталь театрының 5-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған көлеңкелі шеберлік сыныбы. Мастер-классты өткізушілер: Антон Зайцев пен Анар Жанбекова. ("Трансформ" кеңістігі, Байзақов көшесі 280).

10.30 – "Теремок" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

12.00 – "Волшебная лампа Алладина" спектаклі (Алматы қаласының мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

15.00 – "Қызыл орамалды шынарым" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

16.30 – "Мастер и Маргарита" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Қоштасқым келмейді" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).

18.30 – "Мұқағали. Meн деп ойла..." спектаклі (Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).

19.00 – "Лихорадка субботнего вечера" спектаклі (АRТиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Игроки" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

8 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – Халықаралық әйелдер күні "Астана Опера" Үлкен залының сахнасында Чайковскийдің баршаға сүйікті "Аққу көлі" балеті ұсынылады. Қосымша ақпараттар үшін: тел. (7172 -70 95 94; 70 96 19); e-mail: astanaopera@gmail.com

Алматы

19.30 – "Солнцестояние" спектаклі ("Трансформация" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).

20.00 – "Игроки" ойыны (ART-BUNKER, Досмұхамедов көшесі, 78а).

9 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

16.00 – Тұңғыш ғарышкер Юрий Гагариннің құрметіне арналған көрменің ашылу салтанаты. Шара адамның алғаш рет ғарышқа ұшқанына 60 жыл толуына орай өтеді. Көрмеде көрнекті тұлғаның өміріндегі маңызды оқиғалар туралы баяндалады. Ұйымдастырушылар: Россотрудничествоның Қазақстандағы өкілдігі және Мәскеу космонавтика мұражайы. "Наш Гагарин" көрмесінің ашылу салтанатына Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Тоқтар Әубәкіров, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Тоқпанов, Қырғызстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеев, Қазақстандағы Россотрудничество кеңсесінің жетекшісі Алексей Короченко қатысады. Байланыс нөмірлері: +7 701 054 7177 (Ольга Скальчук), + 7 701 261 3964 (Евгений Лумпов).

Өтетін орны: Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы (Кенесары к-сі, 39).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар