Дәрігер

Сағынтаевқа мұңын шаққан бойжеткен жылап жіберді - әкім мәселені сол мезетте шешті

2280
(Жаңартылды 14:53 17.02.2021)
Алматы әкімі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевқа шұғыл тапсырма берді

АЛМАТЫ, 17 ақпан – Sputnik. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың есеп беру кездесуіне Zoom платформасы арқылы қала тұрғыны жылап хабарласты.

Бойжеткен анасын ауруханаға жатқыза алмай жүргенін айтып, көмек сұрады.

"Апамның инсульт алғанына бір жарым жыл болды. Ол кісіге тұрақты түрде ем алу керек. Медицинаны мүлде түсінбедім. Мен ол кісіні жылына екі рет қалай жатқыза аламын? Емханалар қабылдамайды. Ауруханаға, стационарға жатқызуға көмек көрсетсеңіз", – деді қала тұрғыны.

Соған байланысты қала әкімі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевқа тапсырма берді.

"Операторларда қала тұрғының нөмірі бар шығар. Жатқызу қажет болса, бүгін ауруханаға жатқызу мәселесін шешіңіз", – деп тапсырды қала әкімі.

Табынбаев бұл сұрақтың шешілетінін айтты.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаевтың Алматы диалогы 2.0 есептік кездесуі онлайн форматта өтуде.

Қала әкіміне сауалдарды 1308 бірыңғай желісі арқылы жолдауға болады.

Оқи отырыңыз: Өтпеген шараға 63 миллион теңге жұмсалды: Сағынтаев себебін түсіндірді

Сонымен қатар сұрақтарды 8 777 046 33 33 WhatsApp нөміріне жіберуге немесе есеп беру кездесуінің әлеуметтік желілердегі трансляцияның төменгі жағына қалдыруға болады.

2280
Кілт сөздер:
Алматы, әкімнің халыққа есеп беру кездесуі
Тақырып бойынша
"Режимді күшейтеміз": Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады
Сағынтаев алматылық көпбалалы аналарға қатысты жағымды жаңалықты бөлісті
Коронавирусқа қарсы жаппай вакцинацияға дайындық басталды – Сағынтаев
"Ырду-дырдумен әлі келе жатырмыз": Сағынтаев қандай мәселе шаршатқанын айтты
Алматы әкімдігіне тұрғындардың жеке дерегі не үшін керек – Сағынтаев жауабы
Иллюстративті фото

Ұсынысынан бас тартқан: бойжеткен жауабын естіген Тараз тұрғыны ессіз әрекетке барды

179
(Жаңартылды 12:44 13.05.2021)
27 жастағы ер адам бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. Оның облыс орталығындағы шағын ауданда тұратыны анықталды

АЛМАТЫ, 13 мамыр – Sputnik. Тараз тұрғыны жаңа танысқан қызды тонап кетті. Оқиға ер адамның қыдырып қайту туралы ұсынысынан бойжетке бас тартқан соң болған, деп жазады Polisia.kz.

Тараз қаласының полициясына 27 жастағы тұрғын арызданды. Айтуынша, бейтаныс жігіт 116 мың теңге тұратын телефонын ұрлап кеткен. Сонымен қатар, телефон қабында 46 мың теңге болған.

Полиция ақпаратына сәйкес, бойжеткен жігітпен сол кеште танысқан. Қыдырып қайту туралы ұсынысты қабылдамағанына ашуланған ер адам күш қолдану арқылы оның телефонын тартып алып, қашып кеткен.

Жігіт бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды. 27 жастағы ер адамның облыс орталығындағы шағын ауданда тұратыны анықталды. Ол өзінің әрекетін мойындады және қолды болған заттарды иесіне қайтарды.

Оқи отырыңыз: Үйлену тойында түсініксіз әрекет жасаған күйеужігіт ұятқа қалды - видео

Осы дерек бойынша қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша (тонау) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

179
Кілт сөздер:
Тараз, оқиға
Тақырып бойынша
Желідегілер қалыңдық тойға жалаңаш келді деп ойлап қалды – жұртты шулатқан фото
Назарбаев Ақышевқа: батыл әрекет ет, ешкімнен қорықпа
Тойға полицей болып кіріп келген асаба жауапқа тартылады – видео
"Алланы ашуландыратын әрекет жасамаңыздар": Құрбан айтта не істеуге болмайды - видео
Боксшы жекпе-жек алдында біртүрлі әрекет жасап, ұятқа қалды - видео
Архивтегі сурет

Қазақстан мен Қырғызстан арасында тауар айналымы неге түсіп кетті

18
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пандемия мен коронадағдарыс салдарынан екі елдің экономикасы да минусқа кеткеніне сенімді

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Былтыр Қазақстан мен Қырғызстан арасында тауар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда 15,3%-ке төмендеген. Сауда және интеграция министрі мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Бауыржан Қаниев Қазақстан мен көрші қырғыз елі арасында тауар айналымы неге кемігенін сұрады.

"Министрліктен алған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мен Қырғызстан арасында былтыр тауар айналымы 2019 жылмен салыстырғанда 15,3%-ке төмендеген. Экспорт 9,9%-ке, импорт 26%-ке кеміген. Ал сауда балансы, керісінше, 20,6 миллион АҚШ долларына өскен. Бұл немен байланысты", - деді сенатор.

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пандемия мен коронадағдарыс салдарынан екі елдің экономикасы да минусқа кеткенін айтты.

"Жалпы біздің экспортымыз да, импортымыз да төмендеді. Бірақ импорттың төмендеуі көбірек болды. Экспорт 62 миллион долларға, ал импорт 92 миллионға қысқарды. Сондықтан арадағы айырмашылық сауда балансының жақсаруына тікелей әсер етіп тұр", - деп түсіндірді министр.

Осы ретте ведомство басшысы нақты қандай тауарлардың экспорты мен импорты азайғанына тоқталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы пандемияға дейінгі деңгейге жетті - Мамин

Айтуынша, бидай экспорты 18 миллион долларға, темекі өнімдері 11,5 миллион долларға, металл конструкциялар 6 миллион долларға қысқарған.

Ал импорт бойынша – былғарыдан жасалған аяқ киімдер 15 миллионға долларға, сәндік косметика 12 миллион долларға азайған.

18
Кілт сөздер:
Қазақстан, Қырғызстан, сауда, тауар, экономика
Тақырып бойынша
Министрлік қаңтар айында ел қазынасы қанша теңгемен толыққанын айтты
Қазақстан экономикасы қалпына келіп жатыр – министр
Парламент ЕАЭО аумағында тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңды қабылдады
Азық-түлік бағасы тағы да қымбаттап жатыр
Досаев бензин неге қымбаттағанын түсіндірді