ақша, теңге

OlimpKZ букмекерлік кеңсесінің миллиардтаған қаржысы тәркіленді

67
Бұған дейін "OlimpKZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына халықаралық іздеу жарияланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан — Sputnik. Алматы соты OlimpKZ букмекерлік кеңсесіне тиесілі 3,6 миллиард теңгені, әуе кемелері және автокөліктерді тәркілеу туралы шешім шығарды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

16 ақпан күні Алмалы аудандық соты прокурордың мүлікті тәркілеу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Бұған дейін "OlimpKZ букмекерлік кеңсесі" ЖШС басшыларына халықаралық іздеу жарияланған болатын. Оларға қатысты үкім әлі шыққан жоқ. Мекеме басшыларына букмекерлік қызмет атын жамылып, заңсыз ойын бизнесімен айналысты және салықтан жалтарды деген айып тағылып отыр.

Сот 3,6 миллиард теңгені, төрт әуе кемесін және үш автокөлікті мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім шығарды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бұл мүлікті қылмыстық жолмен тапқаны дәлелденді.

Оқи отырыңыз: ҰҚК "Олимп" кеңсесіне басып кірді: букмекерлік компания мәлімдеме жасады

67
Кілт сөздер:
ақша
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев ауыл мұғаліміне хат жазды

7
Тәжірибелі оқытушы зейнетке шыққаннан кейін Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарған, қор көпбалалы отбасыларға қолдау көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы құттықтау хатты 74 жастағы орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Валентина Спиридоноваға жолдады.

Валентина Григорьевнаның педагогикалық қызметі 1963 жылдан басталады. Спиридонова 1995 және 2009 жылдар аралығында Кемел Тоқаев атындағы жалпы білім беретін мектепті басқарған.

"Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Көктемнің сұлулық пен нәзіктік мерекесінде мейірімділігіңіз, түсіністігіңіз бен жемісті еңбегіңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Әр күн сізге және жақындарыңызға қамқорлық пен махаббат сыйласын. Зор денсаулық, жан тыныштығы мен бақыт тілеймін", - деп жазды Тоқаев өз құттықтауында.

Президенттің құттықтау хатын Алматы облысының әкімі Амандық Баталов табыстады. Өңір басшысы да блім саласының ардагерін 8 наурызбен құттықтады.

Валентина Спиридонова и Амандык Баталов
© Photo : Акимат Алматинской области
Валентина Спиридонова мен Амандық Баталов

"Мен ауыл мұғалімімін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысбастылығына қарамастан мені және біздің мектепті ұмытпайтыны қатты қуантады. Оған үлкен алғысымды айтамын. Қазақстанымыз әрқашан гүлдене берсін",  - деді Валентина Спиридонова.

Ардагер педагог "Алтын барыс", "Ыбырай Алтынсарин", "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төс белгілерімен, сондай-ақ "Шапағат" медалімен марапатталған.

Зейнетке шыққаннан кейін 2009 жылы Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарды. Қор көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетеді. Соңғы бірнеше жылда отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына елуден астам грант ұсынған.

7
Кілт сөздер:
Халықаралық әйелдер мерекесі, мұғалім, Қасым-Жомарт Тоқаев
Алматы әуежайында жолаушыларды тексеру

Қазақстан ПТР-тест тапсырмаған жолаушылар үшін 2 млн теңге төлейді

26
Сенбі күні ел аумағына 307 азамат анықтамасыз келді, қазір олар коронавирусқа тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. 6 наурызда Қазақстанға Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан 17 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Қазақстан аумағына 2 561 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 2 254 адамның теріс нәтиже көрсетілген ПТР анықтамасы бар. 307 азамат анықтамасыз келген. Олар COVID-19 инфекциясына тест тапсырып, карантиндік стационарда нәтижесін күтіп отыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет жарияланды

Бұған дейін 3 наурыздан бір ПТР-тестке мемлекеттік зертханалар жеті мың теңге (17 долларға жуық) жұмсайтыны хабарланған еді. Бұл бағаға қонақ үй мен тамақтандыру төлемі кірмейді.

307 жолаушы үшін билік 2 149 000 теңге төлейді.

5 наурызда шет елдерден 316 қазақстандық анықтамасыз ұшып келді. Барлығында ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті.

26
Кілт сөздер:
анықтама, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы