НҰР-СҰЛТАН, 18 ақпан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты инфекциядан қайтыс болғандарға қатысты мәліметті жариялады.
Ведомство мәліметі бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирусты инфекциядан он адам көз жұмған.
Бір тәулік ішінде коронавирусты жұқтырған 869 адам және коронавирус елгілері бар пневмониямен 61 адам тіркелген.
Қазақстанда барлығы 204 924 адамда коронавирус (КВИ+) анықталса, 48 827 қазақстандықта коронавирус белгілері бар пневмония (КВИ-) тіркелген.
18 ақпандағы мәлімет бойынша, 21 994 адам (13 644 КВИ+ және 8 350 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделуде. Оның ішінде 4 900 пациент стационарда, 17 094 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирусты жоятын Қазақстанда қолжетімді өсімдікті атады
Жалпы, коронавирус жұқтырғандар ішінде 225 науқастың жағдайы ауыр болса, 40 емделушінің жағдайы аса ауыр. 40 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтты. Оның алғашқы кейіпкері еден жуушы келіншек болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұсатаев өзгеруге арналған фотожобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды. Ол Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Бизнес орталықта қызмет етеді, екі баланың анасы.
"Жобам бір жарым күн ішінде жүзеге асырылды. Сенім білдіріп, қатысқаны үшін Лиузаға рақмет. Қыздар, нәзікжандылар қайда жұмыс істейтініңіз, жалақыңыз, тұрмыс құрғаныңыз, жалғыз бақытты екеніңіз, балаңыз болғаны-болмағаны маңызды емес. Бастысы - Сіздер әрдайым кереметсіздер!", - деді продюсер.
Ол әйелдің дені өз суретінің журнал бетіне шығуға лайық екеніне сенімді емес деп отыр. Сондықтан жаңа жоба бұл мүмкін екенін дәлелдейді.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Аймақтар бойынша:
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.