Қоғам

Денсаулық министрлігі жалған аккаунтқа қатысты түсініктеме берді

© AFP 2024 / Kirill Kudryavtsev Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Жалған парақшада жарияланған суреттер Біртановтың денсаулық сақтау министрі болып тұрған кезде түсірілген

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Instagram әлеуметтік желісінде @minzdrav_rkz атпен тіркелген аккаунт денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі емес. Аталған ведомство ресми түрде осындай ақпарат таратты.

Денсаулық сақтау министрлігінде Instagram-да бір ғана ресми парақша бар. Ол –@healthcare.gov.kz деген атаумен тіркелген.

"@мinzdrav_rkz парақшасы денсаулық сақтау министрлігіне тиесілі емес. Аккаунт қолданушысы ретінде @doctor_gereeva_ көрсетілгендіктен, біз бұл адамды оның иесі деп санаймыз", – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл мәселеге қатысты үн қосқан stopfake.kz сайты жалған парақшада бас-аяғы 26 пост бар екенін мәлімдеді.

"Оның барлығы бір күнде – 2017 жылдың 15 тамызында жарияланған", – делінген ақпаратта.

Ал жарияланған суреттерде көрінетін Елжан Біртанов сол кезде денсаулық сақтау министрі болатын. 

Соңғы күндері желі қолданушылары бұл парақшаны министрліктің ресми аккаунты деп санап, денсаулық сақтау жүйесіне қатысты арыз, шағымдарын жазып, парақшаны белгілеп кетуді әлі де жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: "Өлесің деп қорқытқан": Қостанайда желі арқылы баланы бопсалаған алаяқ ұсталды

Айта кетейік, бұл мемлекеттік органдардың Instagram желісінде тіркелген алғашқы жалған аккаунты емес.

Жаңалықтар
0