Қоғам

"Сыйлық 1 наурызда тапсырылады": Әлия Назарбаева желіде жазба жариялады

© Sputnik / Абзал КалиевАлия Назарбаева на награждении педагогов
Алия Назарбаева на награждении педагогов - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Алматыда 2021 жылдың 1 наурызында ADAM BOL AWARDS кейіпкерлерін марапаттау рәсімі өтеді, деді Әлия Назарбаева

АЛМАТЫ, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президентінің кенже қызы Әлия Назарбаева ADAM BOL AWARDS жүлдесі қашан берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aliya Nazarbayeva (@aliya_nazarbayeva_official)

"Құрметті достар! ADAM BOL AWARDS сыйлығына дауыс беру аяқталып қалды. 20 ақпанда батырлардың есімін білеміз. Бұған дейін олардың батыл әрекеті үшін тек жақындары, достары мен көршілері алғыс айтса, енді бүкіл ел алғыс білдіреді", - деп жазды Әлия Назарбаева.

Оның айтуынша, Алматыда 2021 жылдың 1 наурызында ADAM BOL AWARDS кейіпкерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

"Біз сарапшылармен және өзіміздің командамен бірге лауреаттармен әңгімелесуді, олардың оқиғасын тыңдауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, әрқайсының қолын алып, алғыс айтқымыз келеді. Баршаңызға сәттілік тілеймін", - деді Назарбаева.

Сонымен қатар ол қазақстандықтардың бұл жүлдені ықыласпен қабылдағанын, елімізде жанашыр әрі батыл адамдардың көп екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Әлия Назарбаева ақша сұраған қазақстандықтарға жауап берді 

Айта кетейік, ADAM BOL жүлдесі адамдарды, жануарларды, табиғатты құтқару секілді игі істер атқарып жүрген адамдарға арналған. Бұл жобада елдің кез келген азаматы танысының жасаған іс-әрекеті туралы маңызды оқиғаны айта алады.

Жаңалықтар
0