Қоғам

Дәмханада ыдыс-аяқ жуып жүрген "Қазақстан аруы" финалисіне бірнеше қызмет ұсынылды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуСұлулық байқауы
Сұлулық байқауы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.02.2021
Жазылу
Бойжеткеннің мұндай тағдыры "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының басшылығы мен жоба серіктестерін бей-жай қалдырмады

НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауын ұйымдастырушылар өмірдің қиын жағдайына тап болған жоба қатысушысы Гүлнұр Нұртазаға қол ұшын созып, жаңа қызмет ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Гүлнұр Нұртаза 2017 жылы "Қызылорда аруы" атағын жеңіп алған. Ал 2019 жылы Қызылорда облысының аруы "Қазақстан аруының" финалисі болды.

Жуырда ғана әлеуметтік желіде сұлулық байқауының қатысушысы Алматы қаласындағы дәмханалардың бірінде ыдыс-аяқ жуып жатқан сәті түсірілген видео тарады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kris P Brothers️️️ (@kris_p_brothers)

Бойжеткеннің мұндай тағдыры "Қазақстан аруы" ұлттық сұлулық байқауының басшылығы мен жоба серіктестерін бей-жай қалдырмады.

"2017 жылы «Қызылорда аруы» атағын жеңіп алған Гүлнұр сол жылы әкесінен айрылды. Үш жылдан кейін коронавирус анасының өмірін қиды. Бүкіл әлемде жалғыз қалған жас қыздың жағдайын жеткізу мүмкін емес. Интернетте Гүлнұр трагедиясы туралы хабарлар пайда бола салысымен, қиын өмірлік жағдайға бірінші болып жауап берген байқаудың қазылар алқасының төрағасы Ырза Тұрсынзада болды", – деп жазды "Қазақстан аруы" байқауының Instagram желісіндегі парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МИСС КАЗАХСТАН (@misskazakhstan_official)

Этно-дизайнер Гүлнұрға өзінің "Аналар аманаты" жеке этномұражайы мен Нұр-Сұлтандағы "Бақытты отбасы" республикалық үйлестіру орталығынан жұмыс ұсынды.

"Сондай-ақ, Қызылорда қаласының әкімдігі де финалисімізге жұмыс ұсынып, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді", – дейді "Қазақстан аруы" байқауының ұйымдастырушылары. 

Сол сияқты қазақстандық сән брендтерінің бірі бойжеткенге Алматыдағы жаңа шоурумға сату бойынша кеңесші қызметін ұсынған. Оған қоса, ол танымал сұлулық салондарының желісіне шебер стилист болуды оқып, үйренуге де шақырту алған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Гулнур Нуртаза (@nurtaza.gulnur)

"Қаншама жанашыр жандар Гүлнұрдың бүгінгі тағдырына бей-жай қарамады. Қазір пандемия жағдайында бәріне де қиын. Десек те, біз әлсіздерге көмек қолын созу арқылы мықты болып қала береміз. Достар, сіздердің жанашырлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз және Гүлнұрдың жаңа бастамаларына үлкен жетістіктер тілейміз", – делінген ұлттық сұлулық байқауының ақпаратында.

Оқи отырыңыз: Сұлулық сырлары: 40 жаста он сегіздегі қыздай құлпыру үшін не істеу керек?

Айта кетейік, бұған дейін блогер Қайрат Құдайберген мен полицей Димаш Ниязов та Гүлнұр Нұртазаны қолдайтынын айтқан болатын.

Жаңалықтар
0