НҰР-СҰЛТАН, 19 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 827 адамнан коронавирус инфекциясы табылды , деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өңірлердегі статистика:
Жалпы ауырғандар саны – 206 652. Елімізде 190 610 науқас коронавирустан жазылып шықты.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың мартицасы жаңартылды.
28 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа кірді, бұған дейін қала "сары" аймақта еді.
"Сары" аймақтағы өңірлер – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта – Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалалары.
Матрицаға сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.
Оқи отырыңыз: ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте 13 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.
28 ақпандағы мәлімет бойынша, 20 280 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 4 483 науқас стационарда, 15 797 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
249 науқастың жағдайы ауыр, 52 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. 42 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте 791 адамнан коронавирус табылса, 58 адам пневмонияға шалдыққан.
Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирустан 2 756 адам, пневмониядан (тамыз айынан) 622 науқас қайтыс болды.
АЛМАТЫ, 28 ақпан — Sputnik. Алматыда сенбі кешке Сейфуллин мен Төреқұлов көшелерінің қиылысында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
№123 автобус Hyundai Elantra көлігіне соғылады, ол жол жиегіне ұшып кеткен. Бұған қоса автобус жол-жөнекей электр қалқанын құлатып, бағдаршамның жануын күтіп тұрған екі адамды қағады. Әрі қарай автобус автотұрақ аумағына кіріп кетіп, Mega park қабырғасына барып соғылады. Сондай-ақ ол тұрақтан шығып келе жатқан Volkswagen Polo көлігін соққан.
Апат салдарынан бес адам зардап шекті – автобус жүргізушісі, Volkswagen Polo жүргізушісі мен екі жолаушысы және жаяу жүргіншілер жолында тұрған екі адам. Соңғы екеуі ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.
Автобус жүргізушісінің не себепті рөлге ие бола алмай қалғаны әзірге белгісіз. Полиция жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.