НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 21 қаңтар, жексенбі күні республиканың басым бөлігінде көктайғақ болып, қар мен бұрқасын және тұман түседі деп болжайды.
Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын жүріп, тұман түседі.
Жамбыл облысында қаптап түсіп, көктайғақ болады. Кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғып, бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай ойысады.
Ақмола облысында күн райы бұрқасынды болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысында да тұман түседі деп болжануда.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Республиканың басым бөлігінде синоптиктер тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, бұрқасын жүреді деп болжайды.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Аймақтар бойынша:
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.
НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Қазақстанда алғаш рет компьютерлік форматта өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге тіркелу басталды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.
"Достар, наурызда өтетін ҰБТ-ға тіркелу: 4 наурыздан бастап app.testcenter.kz сілтемесі арқылы жүргізілуде. Еліміздегі карантиндік шектеулерге сәйкес, тестілеу тізіммен өткізіледі", - деді ол.
Тестілеу 10 наурыз бен 10 сәуір аралығында өткізіледі. Құны - 2 242 теңге. Наурыздағы ҰБТ сертификатымен жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуге болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тіркелу барысында ҰБТ өткізу пунктінің қайсы жұмыс істейтіні көрсетіледі.
Бұған дейін Дидар Смағұлов қазақстандық түлектер ҰБТ-ны үш рет тапсырып көре алатынын хабарлаған болатын. Бір рет ақылы, ал қалған екі рет тегін.
Грантқа түсу үшін тестілеу сәуір-маусым аралығында өтеді. Екі тегін тест болады. Ал наурыз айындағы компьютерлік форматтағы ҰБТ ақылы бөлімдерге түсу үшін арналған. Оған түлек өз қалауымен қатыса алады.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық бөлімінің басшысы Ханс Клюге COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады.
"2021 жыл да коронавирус жылы болады. Алайда бұл жолы алдағы жағдайға болжам жасап, басқару мүмкіндігі жоғары. 2020 жылы terra incognita, яғни ғылыми, саяси белгісіздік жағдайын бастан кешірдік. Бір жылдан соң вирус жайлы біраз нәрсе білдік. Диагностикалық бағдарламалар мен вакцина бар", - деді ол Welt басылымының хабарлауынша.
Клюге бәрін алдын ала жоспарлау маңызды екенін атап өтті. Сондықтан келер жылдың басында пандемия аяқталуы мүмкін деп отыр.
"Бұл вирус жойылады деген сөз емес. Бірақ ол кезде ешбір араласу қажет болмайды", - деді ол.
Оның айтуынша, бай өңірлер ғана вакцина салдырып, өзгелері бұл науқаннан тыс қалып қоймауы керек деген ойда.
Сондай-ақ мемлекеттердің шектеуді алуына қатысты да пікір білдірді. Олар тым жылдам алынса, бастапқыдағы жағдай қайталануы ықтимал деген алаңдаушылығын жеткізді.
Еске сала кетсек, өткен жылдың 11 наурызында дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19-ды пандемия деп атады. Елдер қатаң карантин енгізді, шекаралар жабылды. Қазір жағдай біртіндеп жақсарып келеді.