НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 766 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі – Алматы қаласында (102) тіркелді. Одан кейінгі науқастардың көбісі Павлодар облысы (100) мен Ақмола облысында (81) анықталды", – делінген хабарламада.
Өңірлер мен қалалар бойынша:
Жалпы, республика бойынша коронавирус індетін жұқтырып, ауырғандар науқастар саны 207 418 науқасқа жетті.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру шараларын өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіповтің айтуынша, көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 18 бен 27 жастағы 13,5 мыңнан астам адам әскерге жіберіледі деген жоспар бар. Пандемияға байланысты сақтық шараларына баса назар аудырылады.
Сонымен қатар, халықпен тікелей қарым-қатынасты азайту әрі көктемгі әскерге шақыру барысынан хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарға SMS-хабарламалар тарату жоспарланып отыр. Хабарламалар "1414" арқылы жіберіледі.
Департамент бастығының айтуынша, әскерге шақырылғандар ПТР-тесттен өтіп, коронавирусқа қарсы вакцина да салынады.
"Әскерге шақырылатындарға ПТР-тест екі рет жасалады. Біріншісі – әскери жиын пунктінде, ал екіншісі – әскери бөлімдерде жүргізіледі. Ал оларға вакцина егу жеке құраммен бірге қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады", – деді Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда департамент басшысы әскери міндеттіліктен жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазаның бар екенін еске салды.
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін ақша үшін көмек көрсетуге уәде беретін адамдар арқылы шешуге әрекет етпеңіздер. Олар – алаяқтар. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды онсыз да беруге болатынын біле тұра, халықтың хабарсыз екенін пайдаланып, ақша алуға тырысатындар жоқ емес. Ондай жағдайда сыбайлас жемқорлық жағдайлары бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге немесе сенім телефонына хабарласу қажет", – деп атап көрсетті Жүсіпов.
Бүгінде заң бойынша әскерге шақыруды бірнеше жағдайда кейінге қалдыруға болады. Олар:
Бұдан бөлек, педагог мамандарға да әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мүмкіндік беріліп отыр.
Оқи отырыңыз: "Біз емес, коронавирус кінәлі": Қазақстанда әскерге шақыру қалай жүріп жатыр
Айта кетейік, 8 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, сондай-ақ, 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің психолог мамандары педофилдерге тән белгілердің біршама ұқсастығын айқындауға тырысты, деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысындағы түрмелерде балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен екі жүзге жуық азамат жазасын өтеп жатыр.
Педофилдің белгілерін анықтау үшін психологтар сотталғандармен сұқбаттасып, олардың өмірбаянымен танысты және түрлі зерттеу жүргізді.
Сонымен, педофилия үшін сотталғандардың негізгі белгілері:
Сонымен қатар мынандай заңдылықты анықтау мүмкін болды: кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көп жағдайда сәуір және мамыр айында, өте сирек жағдайда ақпан айында жасалады.
Оқи отырыңыз: "Кастрация жасалғанда қатты қиналдым": педофил журналистермен сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Нигерияның солтүстік-батысындағы Замфара штатында қаскүнемдер мектепке баса-көктеп кіріп, 300 оқушыны ұрлап әкетті, деп хабарлады РИА Новости жергілікті PM News газетіне сілтеме жасап.
Оқиға жұмаға қараған түні Джангебе елді мекенінде болған. Ондаған содыр мектеп жанындағы әскери бекетке оқ атып, одан кейін білім ордасына басып кірген. Адам ұрлығы түнгі сағат 02:00 шамасында болған.
5 маусымдағы қырғын: 2016 жылғы Ақтөбедегі терактінің белгісіз тұстары
Жергілікті басылым кейбір әскерилер жарақат алуы ықтимал екенін жазды, дегенмен оқыс оқиғадан көз жұмғандар бар-жоғы әзірге белгісіз. Елді мекен тұрғындары оқушы қыздарды құтқару үшін қаскүнемдерді іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы Ниегрияның Кацина штатында осыған ұқсас жағдай болған.