НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. Биыл күзде Қазақстанда үшінші халық санағы өтеді. Бастапқыда ұлттық санақ 2020 жылға жоспарланған еді, кейін пандемияға байланысты бір жылға шегерілді. Осы жылы кезекті халық санағы қалай өткізіледі? Халық санағы кезінде кімдер есепке алынады және алынбайды? Ұлттық санаққа бюджеттен қанша теңге жұмсалады? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, халық санағы шартты екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең 1 мен 30 маусым аралығында өткізіледі. Интервьюерлер тұрғын үйлер және онда тұратын тұрғындардың санын нақтылау мақсатында әрбір елді мекенді аралайды. Яғни, бұл кезеңде аудандастыруға дайындық болады.
Санақты аудандастыру – бұл өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақтың 2-кезеңін өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу.
Екінші кезеңде ұлттық санақ басталады. Ол 1 қыркүйектен 30 қазанға дейін созылады.
Биыл халық санағы екі әдіспен жүргізіледі: онлайн-санақ және дәстүрлі үй-үйді аралау.
1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қазақстандықтар sanaq.gov.kz сайты арқылы онлайн-санақтан өте алады. Әрбір адам сайтқа жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН), ұялы телефон нөмірін, құпия сөзді енгізу арқылы тіркеледі. Ұялы телефон нөмірін енгізгеннен кейін сол нөмірге растау коды, сондай-ақ, санақтан өткеннен кейін оның санақтан өткендігі туралы SMS келеді. Үйге санақ жүргізетін интервьюерлер келген жағдайда, респонденттер осы хабарламаны көрсетіп, санақтан өткенін растауы қажет. Сондықтан интернет арқылы тіркелген респонденттерді интервьюерлер екінші рет сауалнамадан өткізбейді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда елді мекендердің атауын өзгертуге мораторий енгізіледі
Ал 1-30 қазан аралығында интервьюерлер үй-үйді аралайды. Тұрғындардың мәліметтері планшеттерге енгізіледі.
Онлайн және планшет арқылы сауалнама жүргізу үшін электронды санақ парақтары әзірленді. Онда әр азамат баспана жағдайын сипаттайды, бұдан бөлек, этномәдени сипаттамалар, білім және сауаттылық, көші-қон, неке жағдайы, туу, жұмыспен қамтылуы, күнкөріс көзі және тыныс-тіршілігінің шектелуі туралы жаңа сұрақтар енгізілген.
Ұлттық санақ кезінде келесі азаматтар есепке алынады:
2018-2023 жылдарға арналған ұлттық халық санағын қаржыландырудың қажетті көлемі 8,2 миллиард теңгені құрайды.
Қазір оның 3,6 миллиард теңгесі (44%) игерілді. 4,2 миллиард теңгесі халық санағы мерзімінің ауыстырылуына байланысты республикалық бюджетке қайтарылды.
"Осы жылы наурызда бұл қаражат халық санағының мақсаттарына (еңбекақы төлеу қоры, іссапар шығыстары, деректерді өңдеуге және таратуға арналған шығыстар) бағытталады деп күтілуде. Бірақ қазіргі уақытта пандемияға байланысты Ұлттық халық санағының 2020 жылдан 2021 жылға шегерілуіне байланысты көзделген қаражат көзі қайтадан қарастырылуы мүмкін", - делінген статистика бюросының Sputnik Қазақстан сауалына берген жауабында.
Халық санағы кезінде бір адамға 430 теңге немесе 1,02 доллар жұмсалады. Мысалы, 2009 жылғы санақ кезінде бұл сома 2,9 долларды құрады.
Ұлттық бюро халық санағына жұмсалатын шығындардың төмендеуін цифрлық технологиялардың енгізілуімен және санақ процесінің автоматтандырылуымен байланыстырып отыр.
Халық санағына қытай өндірісінен шыққан KOUZONE MTK6592 маркалы 27 412 планшеттік компьютер сатып алынды. Біреуі 39 000 теңге шамасында, жалпы 1 миллиард 085,6 миллион теңге жұмсалған.
Тағы оқыңыз: Президент халық санағына қатысты тапсырма берді
Олардың стилусы, қорғайтын қабы, қауіпсіздік әйнегі, Powerbank қосымша гарнитурасы бар.
Санақ аяқталғаннан кейін барлық техника мектептерге жіберіледі.
Ұлттық санақты өткізу үшін 32 509 адам уақытша жұмысқа тартылмақ.
Бірінші кезеңде тіркеуші ретінде 4 562 адам, ал екінші кезеңде санақ жүргізетін интервьюер қызметіне 23 033 адам қабылданады.
1-кезең интервьюеріне (тіркеушіге) отыз күн үшін 75 743 теңге төлеу жоспарланған.
2-кезең интервьюеріне (санақтан өткізушіге) 94 679 теңге төленеді.
45 күнге толық көлемде қызмет көрсетілген кезде 1-ші және 2-ші нұсқаушы-бақылаушы 113 614 теңге жалақы алады.
Үй-үйді аралауға жіберілетін адамдар мына талаптарға сәйкес іріктеледі:
Жұмысқа алынған санақ персоналы арнайы дайындықтан өтеді. Уақытша қызметкерлермен өтеулі қызмет көрсету шарты жасалады.
Санақ жүргізу кезінде интервьюерлерде көк түсті сөмке, шарф және куәлік болады.
2021 жылдың желтоқсанында халықтың жалпы саны бойынша жедел деректер дайындалады. 2022 жылы алдын ала қорытындылар жарияланса, 2023 жылы халық санағының соңғы қорытындысы шығады.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігі көктемгі әскерге шақыру шараларын өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бас штабтың ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы Сәкен Жүсіповтің айтуынша, көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 шілдеге дейін жалғасады. Осы уақыт ішінде 18 бен 27 жастағы 13,5 мыңнан астам адам әскерге жіберіледі деген жоспар бар. Пандемияға байланысты сақтық шараларына баса назар аудырылады.
Сонымен қатар, халықпен тікелей қарым-қатынасты азайту әрі көктемгі әскерге шақыру барысынан хабардар ету процесін автоматтандыру мақсатында пилоттық режимде мерзімді әскери қызметке шақырылуға тиісті азаматтарға SMS-хабарламалар тарату жоспарланып отыр. Хабарламалар "1414" арқылы жіберіледі.
Департамент бастығының айтуынша, әскерге шақырылғандар ПТР-тесттен өтіп, коронавирусқа қарсы вакцина да салынады.
"Әскерге шақырылатындарға ПТР-тест екі рет жасалады. Біріншісі – әскери жиын пунктінде, ал екіншісі – әскери бөлімдерде жүргізіледі. Ал оларға вакцина егу жеке құраммен бірге қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылатын болады", – деді Жүсіпов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Осы орайда департамент басшысы әскери міндеттіліктен жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жазаның бар екенін еске салды.
"Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату мәселелерін ақша үшін көмек көрсетуге уәде беретін адамдар арқылы шешуге әрекет етпеңіздер. Олар – алаяқтар. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды онсыз да беруге болатынын біле тұра, халықтың хабарсыз екенін пайдаланып, ақша алуға тырысатындар жоқ емес. Ондай жағдайда сыбайлас жемқорлық жағдайлары бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменттерге немесе сенім телефонына хабарласу қажет", – деп атап көрсетті Жүсіпов.
Бүгінде заң бойынша әскерге шақыруды бірнеше жағдайда кейінге қалдыруға болады. Олар:
Бұдан бөлек, педагог мамандарға да әскерге шақыруды кейінге қалдыруға мүмкіндік беріліп отыр.
Оқи отырыңыз: "Біз емес, коронавирус кінәлі": Қазақстанда әскерге шақыру қалай жүріп жатыр
Айта кетейік, 8 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару, сондай-ақ, 2021 жылдың наурыз – шілдесінде және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесінің психолог мамандары педофилдерге тән белгілердің біршама ұқсастығын айқындауға тырысты, деп хабарлады Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысындағы түрмелерде балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткен екі жүзге жуық азамат жазасын өтеп жатыр.
Педофилдің белгілерін анықтау үшін психологтар сотталғандармен сұқбаттасып, олардың өмірбаянымен танысты және түрлі зерттеу жүргізді.
Сонымен, педофилия үшін сотталғандардың негізгі белгілері:
Сонымен қатар мынандай заңдылықты анықтау мүмкін болды: кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық көп жағдайда сәуір және мамыр айында, өте сирек жағдайда ақпан айында жасалады.
Оқи отырыңыз: "Кастрация жасалғанда қатты қиналдым": педофил журналистермен сөйлесті
НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Санитарлық рейс орындайтын "Азия Континенталь" компаниясының Ан-2 ұшағы Алматы облысындағы Боралдай тас жолынан шығысқа қарай бір жарым шақырым қашықта шұғыл қонуға мәбүр болды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
"Ұшақ бортында бес адам болған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ", – делінген хабарламада.
Ақпаратта төтенше жағдай бүгін сағат 12:30-да болғанын атап өткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу шараларын индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің әуе кемелері апаты мен оқиғаларды тергеу басқармасы жүргізеді.
Айта кетейік, осыған ұқсас жағдай 8 ақпан күні Шығыс Қазақстан облысында болған. Өскемен – Зайсан бағытында санитарлық рейс орындайтын Ан-2 ұшағы шұғыл қонған.
Оқи отырыңыз: Жолаушы ұшақ қозғалтқышы өртенген сәтті видеоға түсіріп алды
Зайсан қаласындағы науқасқа көмек көрсету үшін ұшып шыққан ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медициналық қызметкері болған.
Кейіннен ұшақтың қайта көкке көтерілгені хабарланған.