Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың отырыстары мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.
11:00 – Сотталғандармен тәрбиелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты ұйымдастыруға арналған брифинг өтеді. Спикер: қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқарма басшысы Бибігүл Мұңайтпасова.
12.00 – "Кибербуллинг мемлекеттің негіздерін қалай бұзады" деген тақырыпта баспасөз конференциясы. Кибербуллингпен күрес - Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы жолдауында белгіленген негізгі басымдықтардың бірі. Азаматтардың Интернеттегі қудалаудан қорғалмағандығы бүгінде ұлттық қауіпсіздікке қатер ретінде қарастырылып отыр.
Қатысушылар: Янчук Надежда Эдуардовна, "Ар-Бедел" қорының кибербуллингтің кез келген көрінісімен күресу қоры сот тәжірибесінің жетекшісі, Демеубаев Қымбат Серікбекұлы, заңгер және Жүсіпов Айдынбек Шораұлы, "Terminalex" ЖШС бас директоры.
Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Кіру тек алдын ала аккредиттеу арқылы). Аккредиттеу үшін мына мекен-жайға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).
19.00 - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған концерт (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).
19.00 – "Вечер балета в двух отделениях". 65 жастан асқан тұрғындарға шектеу қойылған ("Астана Опера" театры, Үлкен зал, Қонаев көшесі, 1).
18.30 – Мұғалім" қойылымы (Ғабит Мүсірепова атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
19.00 – Ballet Globe халықаралық би фестивалі.
23-24 ақпан - Ballet Globe фестивалі "Кармен-сюита" спектаклімен ашылады.
19.00 – "Последний экзамен" спектаклі ("Жас сахна" театры, Абай даңғылы, 117).
19.00 – "Мужской характер" концерті (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.
АЛМАТЫ, 6 наурыз – Sputnik. Алматылық продюсер Әлихан Мұсатаев өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы айтты. Оның алғашқы кейіпкері еден жуушы келіншек болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Мұсатаев өзгеруге арналған фотожобасын Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған. Пилоттық түсірілімге модель ретінде 36 жастағы Луиза таңдалды. Ол Шымкенттен Алматыға көшіп келген. Бизнес орталықта қызмет етеді, екі баланың анасы.
"Жобам бір жарым күн ішінде жүзеге асырылды. Сенім білдіріп, қатысқаны үшін Лиузаға рақмет. Қыздар, нәзікжандылар қайда жұмыс істейтініңіз, жалақыңыз, тұрмыс құрғаныңыз, жалғыз бақытты екеніңіз, балаңыз болғаны-болмағаны маңызды емес. Бастысы - Сіздер әрдайым кереметсіздер!", - деді продюсер.
НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Аймақтар бойынша:
Пандемия басталғалы жалпы ел бойынша ауырғандар саны 217 299 адамға жетті.