Жильцы общежития, архивное фото

Шымкентте 62 қытай жұмысқа заңсыз қабылданғаны анықталды  

598
Шымкент қаласында Өзбекстанның 70 азаматы мен 62 қытайды жұмысқа заңсыз қабылдаған бірқатар заңды тұлғалар анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан — Sputnik. Қазақстанда жыл басынан бері 133 мың мигрант өз еркімен елден кетті. Бұл жөнінде Polisia.kz хабарлады.

"Пандемия кезінде Қазақстан аумағында болған мыңдаған шетел азаматы елден шыға алмай қалды. ІІМ көші-қон қызметінің, шет мемлекеттер өкілдіктерінің және көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның ықпалымен бұл адамдардың құжаттарын ресімдеуге көмек көрсетілді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері 133 мың заңсыз мигранттың елден өз еркімен кетуіне көмектесті. Төлқұжаттарының жарамдылық мерзімі өткен 675 шетелдікке қайту туралы арнайы куәлік берілді", – деп атап өтті ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев.

Осы жылдың ақпан айында ішкі істер министрлігі "Мигрант" жедел алдын алу шарасының екі кезеңін өткізді.

ІІМ мәліметі бойынша, көші-қон заңнамасын өрескел бұзу фактілері анықталған.

Жедел алдын алу шарасы барысында шетелдік жұмыс күшін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін 582 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактілері бойынша 28 қылмыстық іс тіркелді.

Алматы облысында қытайлармен төбелеске не себеп болғаны айтылды

Осылайша, Шымкент қаласында Өзбекстанның 70 азаматы мен 62 қытайды жұмысқа заңсыз қабылдаған бірқатар заңды тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен қатар, жедел алдын алу шарасы кезінде іздеу жарияланған 140 қылмыскер ұсталды. Олардың ішінде 129 қазақстандық, ТМД елдерінің 10 азаматы, сондай-ақ, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және бопсалау фактісі бойынша халықаралық іздеуде жүрген Түркия азаматы бар.

ІІМ көші-қон қызметі комитетінің мәліметі бойынша, көші-қон заңнамасын қасақана бұзғандарға қатысты заңсыз иммигранттарды ел аумағынан шығару туралы 969 сот шешімі шығарылған.

598
Қазақстан зергерлер лигасы заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев

Қазақстандық шеберлер Еуразия зергерлік бюросының ашылуын күтіп жүр

14
Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол  ашады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қазақстандық зергерлер аз уақыт ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) алаңында Еуразия зергерлік бюросы ашылады деп үміттеніп отыр. Бұл отандық зергерлік бұйымдарды одан әрі дамыту және экспорттау үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Осы жөнінде Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында өткен онлайн-брифинг кезінде "Қазақстан зергерлер лигасы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Қайсар Жұмағалиев мәлімдеді.

"АХҚО алаңында Еуразия зергерлік бюросының ашылуы біздің зергерлердің экспортқа шығуына ықпал етуі керек. Оның үстіне Ресей Федерациясы зергерлік бұйымдарды сүйемелдеу үшін басқа елдердегі өз сауда өкілдіктерін ұсынуға дайын", - деді Жұмағалиев.

АХҚО жанынан бюро ашу туралы мәселеге бизнес те қолдау көрсеткен. Нәтижесінде зергерлер өз бетінше шеше алмайтын мәселелердің шешімі табылады. Сондай-ақ, Ереван мен Мәскеу де өз аумағында Еуразия зергерлік бюросын ашу құқығы үшін таласқан болатын.

"Астана" АХҚО – бұл посткеңестік кеңістіктегі бірегей қаржы орталығы. Мұнда ағылшын құқығы, арбитраж бар. Мұның барлығы шетелдік инвесторлар үшін қызықты болатыны сөзсіз. Сонымен қатар, мұнда салықтық жеңілдіктер жасалып, инвестицияларды тартудың жеңілдетілген тәртібі құрылады және тағы басқа шаралар қабылданады", - деді ол.

Қазіргі жағдайда қазақстандық зергерлерге өндірісті дамыту және нарыққа шығу оңай соқпай жатыр.

"Мысалы, Еуропаға шығу үшін және өз зергерлік бұйымдарыңды таныстыру үшін миллиондаған доллар қажет. Бұл әрбір зергер көтере алатын шығын емес. Біздің жақында құрылатын ұйымымыз (Еуразия зергерлік бюросы) нарыққа талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Біз бірінші қатардағы көрмелерге қатыса аламыз. Бүгінгі күні қазақстандық зергерлер негізінен көпшілікке аса танымал емес екінші және үшінші деңгейдегі көрмелерге қатысып жүр. Сонымен қатар, нарыққа үнемі қатысу қажет. Көрмеге келіп, бір-екі апта тұрып, одан соң кетіп қалу жарамайды. Сені ұмытып кетеді", - деді Лига басшысы.

Ол қазақстандық зергерлердің экспорттық әлеуеті жоғары екенін мәлімдеді. Бұған халықаралық көрмелерде қазақстандық зергерлік бұйымдарға деген жоғары қызығушылық дәлел бола алады.

"Әлі есімде, 2017 жылы Еревандағы халықаралық көрмеге қатыстық. Ол шараға қатысқан француз зергерлер біздің күмістен жасалған бұйымдарымызды түгелдей сатып алды. Француздар мұндай бұйымдарда шебердің саусақ іздері, оның еңбегі көрініп тұрады, қолдан жасалған бұйымның жаны бар деп санайтындарын айтқан", - деді Жұмағалиев.

Жұмағалиев атап өткендей, еуразиялық зергерлік брендті енгізу қосымша ауқымды инвестицияларды қажет етпейді. Себебі  Қазақстанда да сапаға қатысты дәл осындай мемлекеттік стандарттар қолданыста бар.

14
Монета

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болады қысқаша нұсқаулық

51
Зейнетақы жинағын басқаруға рұқсат етілген басқарушы компаниялардың тізімі қаржы реттеуші сайтында ай сайын жарияланып отырады

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан — Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің порталы – Fingramota.kz зейнетақы жинағын жеке басқаруға қалай беруге болатыны туралы ақпарат жариялады.

Зейнетақы жинағын жеке басқаруға берудің алты қадамы

1. Ең алдымен салымшы БЖЗҚ-дағы өзінің жеке зейнетақы шотында басқарушы компанияға беруге қолжетімді зейнетақы жинағының сомасын тексеруі керек. Бұл сома үкімет бекіткен жеткіліктілік шегінен жоғары болуға тиіс. Жеткіліктілік шегі туралы мына жерден білуге болады.

Сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шарты жасалған жағдайда зейнетақы жинағы жеке оның зейнетақы шотындағы қалдығы шегінде берілуі мүмкін.

2. Одан кейін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) сайтынан зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген жеке басқарушы компаниялардың тізімін зерделеу қажет. Айта кету керек, зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат берілген басқарушы компаниялардың тізімі ай сайын жарияланады.

3. Салымшы инвестициялық декларациясы талаптарға және тәуекелдерге сәйкес келетін басқарушы компанияны өз бетінше таңдауға тиіс.

БЖЗҚ-ның сайтынан зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасқан жеке басқарушы компаниялар және олардың инвестициялық декларациялары туралы ақпаратпен танысуға болады.

4. Зейнетақы жинағының бір бөлігін жеке басқарушы компанияға беру туралы өтініш ұсыну үшін БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы кіру немесе қор бөлімшелерінің біріне бару керек.

5. БЖЗҚ өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың шынайылығын және салымшыда басқарушы компанияға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинағы сомасының болуын тексереді.

Қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған болса, өтініш берген күннен кейін 5 күн ішінде салымшының өтінішін қанағаттандырмау туралы хабарлама келуі мүмкін.

6. Ал егер барлығы заң талаптарына сәйкес болса, онда БЖЗҚ өтініш түскен күннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өтініште көрсетілген зейнетақы жинағының сомасын салымшы таңдаған басқарушы компанияға аударады.

51
Кілт сөздер:
зейнетақы жинағы
Тақырып:
Зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Тақырып бойынша
Зейнетақы жинағын сенімгерлік басқаруға беру: қалай табыс алуға болады
БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақыны атады
Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы бір айда 255,5 миллиард теңгеге өсті
Зейнетақы қорында жеткіліктілік шегін қалдырмауға болады – не істеу керек
"100 мың теңге жоғалтасыз": зейнетақы қоры ескерту жасады