Қоғам

Нұр-Сұлтан денсаулық сақтау басқармасының басшысы вакцинаның екінші дозасын салдырды

© Photo : Пресс-служба управления общественного здравоохранения Нур-СултанаСегодня прививку второго компонента из "красного флакона" получил и руководитель Горздрава Тимур Муратов
Сегодня прививку второго компонента из красного флакона получил и руководитель Горздрава Тимур Муратов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.02.2021
Жазылу
"Спутник V" екінші компонентінің екі мың дозасы елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын салдырды.

Ресейде өндірілген "Спутник V" екінші компонентінің 2030 дозасы елорда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына жеткізілді.

Екі компонент бір-бірінен құтының түсімен ерекшеленеді: біріншісі – көк, екіншісі – қызыл. Бір құты бес адамға жетеді.

"Қабылданған жаңа партия қалалық емханалар арасында таратылды. Оны ауруханалардың медициналық қызметкерлеріне, жедел жәрдем бригадаларының фельдшерлеріне, фильтр кабинеттердің қызметкерлеріне және басқаларға егу жұмыстары жалғасын табады", - деп хабарлады астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Денсаулық жағдайым жақсы, деп атап өтті Мұратов.

"Иә, сәл әлсіздік болды. Бірақ бұл ағзаның қалыпты иммундық жауабы. Оның жанама әсерлері болатынын білдім, сондықтан дабыл қақпадым. Вакцина салдырудан гөрі коронавирусты жұқтырып алудан көбірек қорқамын", - деді ол.

Жалпы, Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау басталғаннан бері 2 008 адам вакцинацияланды.

Наурыз айының соңына дейін елордада 5700-ден астам адамға вакцина егу жоспарланып отыр.

Бас санитар дәрігер мен вице-министр "Спутник V" вакцинасының екінші дозасын алды 

Бұған дейін денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның екінші дозасын алды.

Коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны

Айта кетейік, вакцинация екі кезеңнен тұрады: бірінші дозадан кейін 21 күн өткен соң, екіншісі егіледі.

Вакцинаның бірінші дозасы вице-министрлерге 1 ақпанда дәл осы қалалық емхана базасында егілген еді.

2021 жылдың 1 ақпанында Қазақстанда халыққа ерікті түрде коронавирусқа қарсы екпе егу науқаны басталды. "Спутник V" вакцинасының бірінші партиясы елге 22 мың доза көлемінде жеткізіліп, бүкіл өңірлерге жеткізілген еді.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін алты миллионға жуық адамға вакцина салуды жоспарлап отыр.

2021 жылдың 12 ақпанында ресейлік вакцина Қазақстан аумағында тіркелді.

Қазір вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында жолға қойылған: ақпанда – 90 мың доза, наурызда – 150 мың доза, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаға жетеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, "Спутник V" вакцинасының тиімділігі шамамен 96% құрайды.

Жаңалықтар
0