НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Елорданың ауданаралық тергеу соты бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 2021 жылдың наурыз айының соңына дейін ұзартты. Мұндай ақпаратты Sputnik Қазақстанға оның адвокаты Дмитрий Куряченко растады.
"Тергеушілер тұтқындауды ұзарту туралы бастама көтерді. Сөйтіп 2021 жылдың 12 ақпанында сот мерзімді наурыздың соңына дейін ұзартты. Сондай-ақ, мен президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтініш білдіріп, Біртановтың заңсыз қудаланып жатқанына назар аударуын сұрадым. Бірақ менің өтінішім оған жетпей қала ма деп алаңдаймын", – деді Куряченко.
Елжан Біртанов 2020 жылдың 25 маусымында Қазақстанның денсаулық сақтау министрі қызметінен кетті (ол бұл қызметке 2017 жылдан бері атқарды). Оның коронавируспен ауыруы осындай шешім қабылдауына себеп болды.
Ал қараша айында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы қаржылық мониторинг комитеті хабарлады.
Оқи отырыңыз: Экс-министр Назарбаев пен Путиннің аналары туралы кітап шығарды
Кейінірек ол үй қамағына алынды. Қаңтар айында адвокат Дмитрий Куряченко сот экс-министрдің үй қамауындағы мерзімін 28 ақпанға дейін ұзартқанын мәлімдеді.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан – Sputnik. Белгілі қазақстандық журналист Қазис Тоғызбаев дүниеден озды, деп хабарлады оның әріптесі Нәзира Дәрімбет.
Дәрімбет өзінің Facebook-тегі парақшасында Тоғызбаевтың жақында коронавирус инфекциясымен ауруханаға түскенін атап өтті. Сәуірде ол 73 жасқа толар еді.
Тоғызбаев тілші болып жұмыс істеген "Азаттық" сайтының хабарлауынша, журналист ауруханадан шыққаннан кейін бес күннен соң қайтыс болған. Оған COVID-19 диагнозы 25 қаңтарда қойылды.
Жұма күні Қазис Тоғызбаевты қайтадан үйінен ауруханаға алып кеткен, ал жексенбіде отбасына Тоғызбаевтың жүрегі мәңгіге тоқтағанын хабарлады.
Нұртілеу Иманғалиұлы дүниеден озды
Запастағы полковник Қазис Тоғызбаев "Азаттық" редакциясында 2008 жылдан бері жұмыс істеді. Әскери қызметті аяқтағаннан кейін ол журналистикамен айналысып, суретке түсіруге қызығушылық танытты. Ол оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде жұмыс істеді.
НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан — Sputnik. Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалаудың мартицасы жаңартылды.
28 ақпандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан "қызыл" аймаққа кірді, бұған дейін қала "сары" аймақта еді.
"Сары" аймақтағы өңірлер – Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары.
Қалған өңірлер "жасыл" аймақта – Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары және Шымкент пен Алматы қалалары.
Матрицаға сәйкес, Қазақстан "жасыл" аймақта тұр.
Оқи отырыңыз: ДДҰ COVID-19 пандемиясының аяқталу мерзімін атады
1 НАУРЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
НҰР-СҰЛТАН
11.00 –"Мал ұрлығымен күрес" тақырыбында ішкі істер министрлігінің онлайн брифингі. Спикер: Таев Думан Ашкенұлы – Қазақстан ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы.
11.00 – Алғыс айту күніне арналған "Қазақ еліне мың алғыс!" монументінің жанында салтанатты түрде алғыс айту рәсімі. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады. Салтанатты шара аясында ҚХА жастар қанатының өкілдері сөз сөйлейді. Журналистер аккредитациядан өтуі керек: Ботагөз Жақсымбетова 8771 555 44 89, Данагүл Амантай 8747 688 09 62 (Түркістан көшесі – Бұқар жырау көшесінің бұрышы).
11:00 - Алғыс айту күніне арналған "Мың алғыс саған, ұлы далам!" халықаралық дөңгелек үстелі. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, ұлтаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер, сарапшылар, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) өтеді. Аккредитация бойынша мына нөмірлерге хабарласу керек: +7 /7172/ 69 30 53, +7 /7172/ 69 30 57.
15.00 – "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы әртістерінің Алғыс айту күніне орай "Мейірімді болайықшы, бауырлар!" атты қайырымдылық концерті өтеді.
Мерекелік іс-шара ұстаздар мен дәрігерлердің, ардагерлердің шақырылуымен өткізіледі. Концерттің мақсаты – ақ халатты абзал жандар мен ұстаздарға, еңбек ардагерлеріне рухани қолдау көрсету және ерен еңбектері үшін алғыс білдіру.
Концертте "Қазақконцерт" ұйымының өнер ұжымдары мен белгілі әншілері өнер көрсетеді. Көрермен қауым "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблінің, Құрмаш Махан, Гүлнәр Көшенова, Күнсұлу Түрікпен, Айдана Қаржаубаева, Аяулым Қамажан, Нұркен Якиев, Әлихан Дүйсенбай сынды әншілердің өнерін тамашалай алады. Концерт бағдарламасына белгілі халық әндері мен қазіргі танымал музыкалық туындылар енген. ("Қазақстан" орталық концерт залы, Мәңгілік даңғылы 10/1).
АЛМАТЫ
12.00 – "COVID-19 пандемиясы кезінде Алматы қаласының тұрғындары мен медицина қызметкерлерінен өтініш қабылдау үшін "Қауырт желі" телефонының жұмысын ұйымдастыру" тақырыбында баспасөз конференциясы. Баспасөз конференциясының спикерлері: Бақыт Түменова, "Аман-саулық" ҚҚ президенті, Зүлфия Байсақова, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесі жанындағы әлеуметтік әл-ауқат мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы. Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін журналистер Қазақстан баспасөз клубына шақырылады (карантиндік шектеу 10 адам. Алдын ала аккредиттеу арқылы ғана кіруге болады). Аккредитация мәселелері бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 87017490200, Әсел Берімжарова (Самал-2 ықшам ауданы, 58 үй, бірінші кіреберіс, 2-қабат. Трансляция: https://www.facebook.com/KazakhstanPressClub).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.